Сөж тақырыбы: Тұрмыс-салт жырлары. Кез келген халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы



бет2/5
Дата14.05.2023
өлшемі15,69 Kb.
#92954
1   2   3   4   5
Байланысты:
турмыс салт жырлары сож

Тұрмыс-салт жырларының бір түрі – сәбидің дүниеге келуіне байланысты туған өлең-жырларға шілдехана жыры, бесік жыры, тұсаукесер жыры, атқамінер жыры жатады.
Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Шілдеханаға жиналған көпшілік домбыра тартып, ән салып, айтысып, таң атқанша көңіл көтереді. Ән-жырмен жас анаға, өмірге келген сәбиге жақсы тілек тілейді.
Бесік жыры – ананың балаға деген ыстық мейірімі мен аналық махаббатын көрсететін тұрмыс-салт жырының бір түрі. Ана сәбиінің бесігін тербетіп отырып:
Әлди, бөпем, әлди-ай!
Айналайын, шырағым,
Көлге біткен құрағым,
Жағамдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым,
Әлди, бөпем, әлди-ай.!
Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?–
деп, баласына деген аналық сезімін, одан күтер үмітін, артар сенімін өлең арқылы білдіреді.
Бала қаз тұрып жүре бастағанда, аяғын ала жіппен күрмеп, тұсауын кесу салтында айтылатын өлең-жыр – тұсаукесер жыры. Тұсау кесуші адам:
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Құтты болсын қадамың
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер, –
деп өлеңдете отырып, баланың өмірге аттаған қадамына сәттілік тілейді.
Бала төрт-бес жасқа толғанда өзіне арнаған тай немесе құнанына мінгізіп, қуаныш қылған тойында тілек, бата түрінде айтылатын жыр – атқамінер жыры. Тойға жиналғандар:
Ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал, тілек.
Жасыңнан малды баға біл,
Атқа жақсы шаба біл.
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл.
Мінеки, атқа міндің – ашылды жол, –
деп, балаға үлкен жауапкершілік артып, сана-сезімінің оянуына, тез есеюіне әсер еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет