Пысықтауыштың мағыналық топтары: 1. Мезгіл, мекен, мақсат, себеп-салдар, амал, мөлшер /ҚГ.,2002. 2. Мезгіл, мекен, мақсат, амал, себеп, мөлшер/ТБТТС.,2005. 3. Мезгіл, мекен, мақсат, сын-қимыл, себеп / Р.Әміров. ЖЖС., 2010. 1. Мезгіл /Келгелі осы жұмыспен айналысып жатырмыз 3. Мақсат/Көп шаруаны бітірмек боп кірісті 4. Сын-қимыл /Жылы сөзбен шығарып салыпты 5. Кешіккендіктен сабаққа кіре алмады. Сөйлемнің құрамында сөйлем мүшелерінен басқа да сөздер болады, олар – қаратпа, қыстырма, одағай сөздер. Оқшау сөздер сөйлем не сөйлем мүшелерімен тек мағыналық байланыста айтылады да, олармен синтаксистік байланыста болмайды. Сондықтан да олар белгілі бір сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, өзара тұлғалас сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер деп аталады. Олар біріне-бірі бағынбай, өзара салаласа байланысып, барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұрады. Бірыңғай мүшелер бір-бірімен интонация арқылы немесе жалғаулықтар арқылы байланысады. Сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, өзара тұлғалас сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер деп аталады. Олар біріне-бірі бағынбай, өзара салаласа байланысып, барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұрады. Сөйлемнің басқа мүшелерімен байланыста болады, сөйтіп, жай сөйлемнің құрамын кеңейтуге ықпал етеді: Сен ат шалдырмаған шат пен шатқал, құм мен шалғын кемде-кем. Аттың желісі бір түрлі қатты, мазасыз. Бірыңғай бастауыш 1,2,3 жақта тұрса, баяндауыш 1 жақта тұрған сөзбен көпше түрде қиысып айтылады. Ең соңғы бірыңғай мүшеден кейін жалпылауыш сөз қосылады. Мен, сен, Оспан үшеуміз кітап дүкеніне барамыз. Бірыңғай мүшелердің әрқайсысы дара сөзді (жалаң), сөз тіркесінен жасалған күрделі болуы мүмкін: Оның асқардай асқақ, Арқадай байтақ, тұлпардай желді, алыптай еркін, ащы айғайы аспанға құлаш сермеді. Бірыңғай мүшелердің салаласа байланысуы интонация және жалғаулық арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |