4 сауалнама: Мұғалімнің жаңашылдықты меңгеруіне кедергі болатын, жаңашылдыққа қарсы кедергілер негізі
Ұжымда жаңашылдық туралы хабар жеткізудің жеткіліксіздігі -13- 16%.
Бұрынғыша оқыту әлдеқайда тиімдірек екенін көндіру – 14 - 18%.
Денсаулықтың болмауы және басқа да түрлі жеке себептер – 11 - 14%.
Оқу жүктемесінің көптігі – 7 - 9%.
Жұмыс тәжірибесінің аздығы – 11 - 14%.
Материалдардың жоқтығы – 8 - 10%.
Қорқыныш сезімі – 11 – 14 %.
Көмектің жоқтығы – 4 - 5%.
Әртүрлі көзқарас, ұжымдағы кикілжіңдер – 10 - 12%.
Педагогикалық ұжымның жаңашыл әлеуетін зерттеу нәтижелері бойынша педагогтардың жаңашылдыққа зеректігі жоғағры деңгейде, жаңашылдықты жан –жақты ақпарат көздерінен ала біледі, жаңашылдықты меңгеруге түрткілері қызығушылықтары мен қажеттіліктері жоғары екені анықталды. Жаңашылдықты меңгеруге деген кедергілерінің көрсеткіштері төмен екені анықталды. Педагогикалық ұжымның жаңашыл әлеуеті деңгейі жоғары және орташадан жоғары деген қорытынды жасауға болады.
Жалпы мұғалімде жаңашылдыққа қарсы кедергілер аз болса, соғұрлым педагогикалық ұжымның жаңашыл әлеуеті деңгейі жоғары болады. Сондықтан да ұжымға мүмкін болатын жаңашылдықтар туралы көптеген ақпарат беру, ескі әдістермен оқтыту да нәтижелі болатындығына сенімділігін жою мақсатында жаңа әдістерді дәріптейтін семинарларды көптеп өткізу, мұғалімдерді ынталандыру жақтарын қарастыру, төмен нәтиже алудан қорқыныш сезімін жою жұмыстарын жүргізу қажет деген ұсыныс айтамыз.
Зерттеу нәтижелері мұғалімдерге таныстырылып, ұсыныс – кеңестер берілді.
Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты сабақтар онлайн оқуға көшкен. Соған байланысты мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға қолдау көрсету, психологиялық кеңестер мүмкіндіктеріне қарай интернет желісімен және ұялы телефон арқылы беріліп отырды. Оқушылардың қашықтықтан оқуына байланысты слайдтар, видеолар «WhatsApp» желісі арқылы сынып жетекшілер, оқушылар, ата-аналар чатына салынып отырды. Оқушылардан кері байланыс алынды. Видеолар, суреттер, кеңестер «Инстаграмм» желісіне салынды.
№39 лицей педагог-психологтары: Н. К. Магзумова
А.А. Мусабаева
Достарыңызбен бөлісу: |