Резапкин тестінің қорытындысы бойынша кесте
ПРИОРИТЕТТІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
|
ПСИХОЭМОЦИЯ
ЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
|
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ
|
САБАҚ БЕРУ СТИЛІ
|
СУБЪЕКТИВТІ БАҚЫЛАУ ДЕҢГЕЙІ
|
ЕҢБЕГІМЕН ҚАНАҒАТТАНУ
|
1)
|
2)
|
3)
|
1)
|
2)
|
3)
|
1)
|
2)
|
3)
|
1)
|
2)
|
3)
|
1)
|
2)
|
3)
|
1)
|
2)
|
3)
|
27
|
13
|
12
|
1
|
38
|
23
|
43
|
21
|
1
|
47
|
6
|
6
|
18
|
39
|
0
|
44
|
28
|
1
|
25
|
15
|
12
|
18
|
20
|
4
|
Бұл кестеден ПРИОРИТЕТТІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР (ПҚ) шкаласы бойынша 1) 27 мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті – ол балаларға деген махаббат, түсінуге және көмектесуге деген ұмытылыс тән екені анықталды. Егер балалармен қарым-қатынас мұғалім үшін приоритетті құндылық болмаса, онда ол өз пәнін жетік меңгерсе де оны берудің әдістемесін білсе де балалардың махаббаты мен сенімін ала алмайды.
ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ (ПЖ) бойынша екінші жауап нұсқасының 2) 38 мұғалімде басым болуы анықталды.Бұл мұғалімнің психоэмоционалды жағдайының тұрақсыздығын пайымдауға мүмкіндік береді, ал бұл әртүрлі үйлесімде болатын үш фактормен анықталады: жүйке жүйесінің туа біткен жоғары сезімталдығы, жағдайдың қолайсыз ағымы, оларға адекватсыз әсер етуін анықтайтын жеке тұлғалық ерекшеліктер.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ (Ө) шкаласы бойынша бірінші жауап 1)43 мұғалімге тән,ол өз мүмкіншіліктерін толықанды іске асырумен адамға тән позитивті өзін-өзі қабылдауын көрсетеді. Мұғалімнің өзін-өзі позитивті қабылдауы, оқушылармен тығыз байланысқа шыға отырып және оларға көмек қолдау көрсете отырып, оның сабақта жеңіл тірі қатынас жасайтындығын көрсетеді. Олар адамдарға сенеді және адамдардан өштесуді емес, достық сүйгіштікті күтеді; мұғалімді сыйластықты талап ететін тұлға ретінде қабылдайды. Осындай мұғалімдер арқасында оқушылардың жеке тұлғалық дамуы болуы мүмкін.
САБАҚ БЕРУ СТИЛІ (СС) бойынша бірінші жауап нұсқасы 1) 47 мұғалімнің демократиялық стилін көрсетеді. Мұғалім оқушының шешім қабылдауына тартады, олардың ойына құлақ асады, өз бетінші талқылауын құптайды, оқушының тек үлгерімін ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалық қасиеттерін де ескереді. Негізгі әсер ету әдістері: көкірегін ояту, кеңес, сұраным. Оқыту тиімділігін арттыратын, өз кәсібіне көңілі толуы, икемділік, өзін және басқаларды қабылдауының жоғары дәрежеде болуы, ашықтылық және сөйлесудегі табиғилығы.
СУБЪЕКТИВТІ БАҚЫЛАУ ДЕҢГЕЙІ (СБД) Бірінші нұсқаның 18 мұғалімде басым болуы олардың субьективті бақылаудың жоғары деңгейі тән екенін білдіреді.Олар өз өмірлерінде болып жатқанға өз іс-әрекеттері мен қылықтарын түсіндіре отырып,өздеріне жауапкершілікті алады. Басқаның қысымына бағына бермейді,ізденімпаз,өздеріне сенімді болып табылады.
СУБЪЕКТИВТІ БАҚЫЛАУ ДЕҢГЕЙІ (СБД) 2)39 мұғалімде бойынша қалыптасқан қарым-қатынас пен өз өмірлік жағдайына жауапкершілігі жеткілікті қалыптаспағанын көрсетеді.
ЕҢБЕГІМЕН ҚАНАҒАТТАНУ (ЕҚ) 1) 44 мұғалімде өз еңбегіне қанағаттанудың жоғарғы деңгейі тән.Олар өз іс-әрекетінің нәтижесіне, өзара сыйластыққа негізделген әріптестері және әкімшілікпен конструктивті қарым-қатынас құруға қызығушылық танытады.Өзінің кәсіби жетістіктеріне сәйкес еңбегінің нәтижесіне қанағаттанады.
Ал 2) 28 мұғалімде өз еңбегіне қанағаттануы жеткіліксіздігін көрсетеді, кәсіби мотивациясының төмендігін, оқыту үрдісі мен өзінің кәсіби қызметінің нәтижесіне аз қызығушылығын, еңбекке бейімделу қиындығын көрсетеді.
Осы аталған зерттеу жұмыстарында біршама мәселелердің бар екенін көруге мүмкіндік берді, ендеше ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында осы мәселелермен жұмыс жасауды жоспарлау қажет деген қорытынды жасауға болады. Зерттеу қорытындысы мұғалімдерге таныстырылып, психологиялық ұсыныстар берілді.
Педагогтардың жаңашылдықты игеруге дайындығын, кедергілерді анықтау мақсатында
Достарыңызбен бөлісу: |