Сирек кездесетін аурулардың қатарына тілдің мүлдем болмауы – аглоссия жатады. Тілдің болмауы сөйлеу дыбыстарын айтуға мүмкіндік бермейді. Бірақ артикуляцияның басқа мүшелерінің қатысуымен арнай жаттығулар арқылы сөйлеу дыбыстарын кішкене болса да дұрыстауға болады. Туа пайда болған дефетілерге мөлшері жағынан тілдің дамымай қалуы, яғни өте кішкен болуы (микроглоссия) және шамадан тыс үлкен болуы (макроглоссия) да жатады. Макроглоссия бұлшық етті гипертрофияның нәтижесінде пайда болып, тіл ауыз қуысына сыймай сыртқа шығып тұрады. Кейде тілдің үлкейуі туа пайда болмай, ісіктің (лимфангиома) нәтижесінде туындайды