Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз



бет26/29
Дата07.01.2022
өлшемі4,86 Mb.
#18572
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
сөйлеу мүшелерінің патологиясы

Созылмалы ларингит

Көмей кілегей қабатының созылмалы ларингиті көбнесе өткір ларингиттің бірнеше рет қайталану салдарынан дамиды. Оның басқа бір себебі, бұл көмейге қатты күш түсіру. Созылмалы ларингиттің пайда болу себептері: 1) мырын арқылы тыныс алу қиынға соқса немесе мүлдем болмаса, ауыз арқылы көп уақыт дем алу; 2) төменгі тыныс алу жолдарының ауруларында (созылмалы бронхит) байқалатын жөтелдің әсерінен; 3) тұмау кезінде мұрынжұтқыншақтан бөлінетін кілегейлі немесе іріңді бөліністің көмейді тітіркеуі. Кейбір жақсы еститін балалар да дауысты қатты шығарып сөйлейді, осындай балаларда созылмалы ларингит дамуы мүмкін. Созылмалы ларингиттің негізгі белгісі дисфония (дауыстың өзгеруі) болып табылады. Кейде құрғақ жөтел байқалады. Дисфония әр түрлі дәрежеде байқалуы мүмкін; ол дауыс қатпарларының біртекті емес ісінуіне және тұтқыр, қою кілегейдің жабысуына байланысты; ларингиттің құрғақ формасында (атрофиялық) дауыс қатпарларында құрғақ қабыршақтар пайда болады, олар тек сөйлеуді ғана емес, тыныс алуды да қиындатады. Созылмалы ларингитті емдеу кезінде ең алдымен көмейде созылмалы қабыну процестерінің дамуына септігін тигізетін себептерді жою қажет. Емдеу процедуралары ретінде пульверизация, ингаляция, дәрілік заттарды көмейге жағу мен шаю қолданылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет