Солтүстік және Орталық Африка, Шығыс және Оңтүстік Африка. Африканың аймақтары


Тақырыбы: Оңтүстік Америка материгіне жалпы шолу



бет7/13
Дата07.09.2022
өлшемі265 Kb.
#38623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
материктер мен мұхиттар

ТақырыбыОңтүстік Америка материгіне жалпы шолу.
1. Географиялық орнына сипаттама.
2. Жер бедері және пайдалы қазбалары.
3. Климаты және ішкі сулары.
4. Топырағы және ішкі сулары.
5. Халқы және физикалық географиялық аудандастырылуы.
1. Оңтүстік Америка материгінің көпшілік оңтүстік жарты шарда
экваторлық және субэкваторлық белдеулер шеңберінде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай ендіктеріне материктің енсіз бөлігі кіреді. Оңтүстік Американың жер көлемі оған қоса аралдарымен есептегенде шамамен 17850шаршы шақырым. Материктің шеткі нүктелері солтүстігінде Гальинас мүйісі (12°25´с.е.), оңтүстігінде Горн мүйісі (41°12´о.е) , Париньяс мүйісі (81°20´б.б), шығысындаКабу-Бранку мүйісі (36°46´б.б). Солтүстік Америкамен Панама мойнағы арқылы бөлінеді. Материк төңірегінде аралдар аз. Бұл материк екі шетіне екі мұхитпен шайылып жатыр, яғни Тынық және Атлант мұхиттары. Атлант мұхитына оңтүстік пассат ағысы және Перу салқын ағысы материкке әсері өте күшті байқалады.
2. Оңтүстік Америкаорографиясында Солтүстік Америкаға ұқсатығы байқалады. Шығыста Атлант мұхиты жағалауында Бразилия және Гвиана таулы қыраттары және Патогония үстірті жатыр. Материктің қиыр батысы мен солтүстік батысында дүние жүзіндегі ұзын Анд немесе Оңтүстік Кордильер 9 мың километрге созылып жатыр. Тау қыраттары мен Анд аралығында Амазонка, Ориноко, және Парагвай-Парана ойпат-жазықтары орналасқан. Оңтүстік Америкаплатформасы Гвиана-Бразилия мегақалқанынан және Пампа – Патогония плитасынан тұрады.
Пайдалы қазбалары. Платформа алабында әртүрлі пайдалы қазбалардың кен орындары кездеседі. Металлдардың ірі кендері архей-протерозой фундаменттінің жыныстарымен байланысты. Гвиана, әсіресе Бразилия таулы құраттарының протерозой метаморфтық жыныстарында: темір, магнит пен гематиттердің қоры молү Интрузияларда алтын және боксит кендері шоғырланған. Ежелгі үгілудегі марганец рудаларының қоры мол ашылып өңделіп жатыр. Патогония плитасында мұнай кен орындары, қорғасынның, мырыштың және гидротермалық рудалары жақсы таралған. Сонымен бірге күміс, алтын, асыл тастарда тараған. Андының тау аралығы және тау бөктерлері майысуында мұнайға бай келеді.
3. Климаты.Материк экватордың екі жағында жатыр. Күн радиацмясын өте мол қабылдайды. Материктің жер бедерң климаттың қалыптасуына өте мол әсер етеді. Атлант мұхиты жағына келетін ауа массалары батысқа Анд тауының етегіне дейін еркін енеді. Тыңық мұхиты жағынан келетін суық ауа массалар Анд тауының батыс беткейіне тіреліп материкке ене алмайды. Сонымен қатар атмосфера циркуляциясының аса маңызды типі – пассаттық циркуляция.
Қаңтарда Оңтүстік Американың экватордан оңтүстікте жатқан бөлігі көбірек қызады. Оңтүстік Атлант антициклоны жағынан қызған материктен муссон сипатында желдер соғып тұрады.
Шілдеде материктің бүкіл солтүстік бөлігі оңтүстік батыс муссон әкелетін ылғалды экваторлық ауаның және Атлант мұхиты жағынан келетін ылғалдалығы одан кем түспейтін теңіздік тпропиктік ауаның ықпалында болады.
Жауын-шашын материк бойынша таралуы әркелкі. Материктің солтүстік батысында және солтүстік қиыр шығысында жауын-шашын мол түседі, шамамен5000-7000мм-ге дейін. Жайын-шашын ең аз түсетін аймақ Атакама шөлі.
Ішкі сулары. Оңтүстік Америка аумағы жағынан кішкентей болғанымен, оның ағынының жалпы көлемі 7500км3. Евразиядан басқа материктерден асып түседі. Оңтүстік Америкада тығыз, жақсы дамыған өзен торының қалыптасуына материктің климат жағдайлары, даму тарихы, жер бедері қолайлы әсер етеді. Оңтүстік Америка өзендерінің су жинауының негізгі көзі жаңбыр түріндегі жауын-шашын. Андының оңтүстігіндегі өзендер мұздық суымен толығады.
Оңтүстік Американың ең ірі өзені- Амазонка Өзен бассейінінің көлемі 7миллион шаршы шақырымнан астам, ұзындығы негізгі бастауына 6480км. Амазонканың сушығыны дүние жүзіндегі барлық ең ірі өзендердің шығынынан бірнеше есе артып кетедіӨзеннің транспорттық маңызы зор, су энергиясының қоры мол, бірақ өте нашар пайдаланылады. Оңтүстік Американың екінші ірі өзені Парана өзені, 3-ші өзені – Ориноко өзені. Ең ірі көліне Титикаканы атауға болады. Оның көлемі – 8300км3 ал ең терең жері 304м.
5.Топырағы және өсімдігі. Оңтүстік Американың топырақ және өсімдік жамылғысының зоналық типтерінің барынша әртүрлі және флорасының ондаған мың түрлерінен тұратын ерекше бай аймақ болып табылады. Материктің солтүстік бөлігі Неотропиктік патшалыққа кіреді. Ал бұл патшалық бірнеше аймақтарға бөлінеді: Кариб, Гвиана таулы қыраты, Амазония, Орталық Бразилия, Анд. Материктің 20-сыншы паралельден оңтүстікке қарай Голарктикалық патшалыққа кіреді.
Бұл патшалық екі аймаққа бөлінеді: Хуан-Фернандес және Патогония. Топырақтың 24 түрі кездеседі.
Жануарлар дүниесі. Өсімдік жамылғысы сияқты Оңтүстік Американың жануарлар дүниесіде бай болып келеді. Фаунаның ескәләгә және құрамында эндемик түрлерінің көп болуы осыған байланысты. Сонымен олдарға жақын түрлер басқа материктердеде кездеседі, бұл материктер арасындағы ежелден құрлық байланысының бар болғандығын көрсетеді. Мысал ретінде Австралияда және Оңтүстік Америкада қалталылар отрядының көп кездесуі.
Халқы. Оңтүстік Американың халқы сирек және әртүрлі қоныстанған. Халық тығыз орналасқан аудандарға Атлант мұхиты жағалауы және Андының кейбір аудандарын жатқызуға болады.Ал ішкі аудандарда, мысалы, орманды Амазонка ойпатында халық мүлде жоқтың қасы.
Оңтүстік Американың байырғы халқы үндістер. 15-ші ғасырдың 1-ші жартысында мұнда инктер, кечуа, араукан тайпалары мекендеді. Негрлер ішінара ақ және үндіс халықтарымен бірігіп, оның нәтижесінде аралас типтер – бірінші жағдайда мулаттар, екінші жағдайда самбо ұрпақтары пайда болды.
Физикалық географиялық аудандастырылуы негізінен тектоникалық принципке сүйене отырп жасалған. Материкті екі үлкен субконтиненттерге – Шығыс пен Андыға бөлеміз. Шығыс өзінің ішінде Амазонияға, Тпропиктік жазықтарға, Бразилия және Гвиана таулы қыраттарына және Патогонияға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет