Инклюзияның артықшылығын адам құқығын сақтауға байланысты
туындайтын ізгілік ниеттерден, сондай-ақ адамдардың білім алу арқылы
қоғамға тигізер пайдасынан да байқауға болады:
-
инклюзия барлық балаларды бірге оқыту арқылы мектептегі алуан-түрлі
қарым-қатынасты жақсарта алады және сонысымен әлеуметтік үлкен
ұйымшылдыққа көмектеседі;
-
мүмкіндіктері шектеулі балалар стигматизацияға азырақ ұшырайды, ол
оларды әлеуметтік кіріктірумен қамтамасыз етеді;
-
мүмкіндіктері шектелмеген балалар шыдамдылыққа, ерекшеліктерді
тануға, сан алуандылықты сыйлауға үйренеді;
-
мүмкіндіктері шектеулі балалар арнайы мектептердің оқу жоспарымен
салыстырғанда оқытудың кең бағдарламасымен оқу мүмкіндігін алады;
-
инклюзия жеке мекемелердегі сегрегациялау жағдайымен салыстырғанда
балалардың оқудағы үлгерімдерінің жоғарылауына көмектеседі.
Оқу түріндегі инклюзивтік білім беру барлық балалар үшін тиімді, себебі
ол жоспарлау әдістемесіне, мектептік білім беруді жүзеге асыру және оны
бағалауға маңызды өзгерістер ендіреді, білім беру адамдарды өзінің
құқықтарын жүзеге асыруға, оларды қоғамда қорғауға және қоғамда, сондай-ақ
білім беру саласында демократизациялау және даралау үдерісіне өз үлесін
қосумен қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Сонымен бірге, инклюзивтік білім беру пайдасына экономикалық
дәлелдемелер де келтіріледі. 1997 жылы қазан айында өткізілген Бала құқығы
бойынша комитет өткізген Мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқық
мәселелерін жалпы талдау күнінің нәтижесі бойынша жасалған тұжырымданың
біреуі – ол мүмкіндіктері шектеулі балалардың қоғам үшін масыл емес, олар да
қоғамға өз үлесін қосатын қоғам мүшесі екендігін мойындаудың
маңыздылығына қатысты болды. Дүниежүзілік банкінің бағалауы бойынша,
әлемдегі кедейлердің шамамен бесеуінің біреуі мүмкіндігі шектеулі тұлға
болып табылады (1999 жыл), ал өзінің 2005 жылғы зерттеулерінің нәтижесінде
Дүниежүзілік банкі:
«мүмкіндіктері шектеулі балалардың оларға жоғары
Достарыңызбен бөлісу: