Сопровождению инклюзивного образования методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет6/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,27 Mb.
#13079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
«қоғамның  барлық  топтарын  тең  құқылы  білім  беру  мүмкіндігімен 
қамтамасыз ету және өмір бойы оқыту, тұрақты дамыту мақсатында білім 
беруді  қолдаудың  басты  қағидасы  ретінде  қарастыруға  болады».  Сонымен 
бірге, мүмкіндіктері шектеулі балалар біртекті топ емес. Оларды жалпы жіктеу 
қағидасы  бойынша  жынысына,  экономикалық  жағдайына,  этникалық  тобына 
немесе  олардың  үйлесімділіктеріне  қарай  жіктеуге  болады.  Осы  балалардың 
осы  топтардың  біреуіне  немесе  бірнеше  топтарына  жатуы  қиындықтарды 
арттырады, сондықтан білім беру құқығын жүзеге асыру үшін қаржы бөлгенде 
осындай көптеген әлсіздіктерді есепке алу қажет болады [23].  
Инклюзивтік  білім  берудің  негізгі  іргелі  тұжырымдамасы  әрбір  тұлғаны 
оның  дене  тұрғасындағы  жағдайына  тәуелсіз,  оның  құндылығын  және 
ерекшелігін  тану  және  мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  табысты 
әлеуметтенулерін қамтамасыз ететін арнайы жағдайларды туғызу бағыттылығы 
болып табылады.  
Қорытындылай  келе,  әлемнің  әр  түрлі  елдеріндегі  инклюзивтік 
тәсілдемелерді  қалыптастыру  үдерісі  нақты  әлеуметтік-мәдени  жағдайларды 
және  басшының  саясаттық  еркін  есепке  алынып  жүргенін  байқауға  болады. 
Педагогикадағы  инклюзивтік  тәсілдеме  құбылысының  әлеуметтік  мәдени 
мәнмәтінін  қарастыруға  көмектесетін  тарихи-философиялық  аспектінің 
инклюзивтік  білім  берудің  заманауи  жағдайын  түсіну  үшін  үлкен  мәні  бар. 
Инклюзивтік білім беру – бұл оны жүзеге асыру үшін оның жүйелілігін және 
дәйектілігін, үзіліссіздігін және кешенді тәсілдемесін талап ететін білім беруді 
дамытудың ұзақ мезімді стратегиясы.  
 
 
 
 
 
16 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет