Кіріспе
Бүкіл әлем инклюзивтік білім беру идеясы мен тәжірибесіне назар
аударуда. Білім беру жүйесі барлық санаттағы азаматтарды тиімді білім
берумен қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мәселелерге кездесуде.
Барлығына арналған білім беру үшін мүмкіндіктерді демократияландыру
жолында алға жылжу қажеттілігі қоғамды ізгілендіруге бағытталған ұлттық
стратегия мен саясатты қалыптастыру мақсатындағы инклюзия үдерісіне
негізделеді.
«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және оны іске асыру
стратегиялық жоспарларда мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру
үдерісіне қосу механизмі нақты белгіленген, олар үшін қолжетімді ортамен
қамсыздандыру талаптары анықталған. Құжаттарға сәйкес 2020 жылы жалпы
білім беру мектептерінің 70%-ында инклюзивтік білім беруге арналған
жағдайлар жасалуға тиісті [1].
Инклюзивтік білім беру – бұл барлық балаларды олардың денсаулық
жағдайына, экономикалық жағдайына, этникалық немесе әлеуметтік шығу
тегіне, тіліне, жынысы мен жеке ерекшеліктеріне қарамай жалпы білім беру
үдерісіне қосуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Барлық өркениетті әлемдегі қоғам жалпы адамзаттық моральға және
әлеуметтік әділеттіліктің талаптарына сәйкес – білім беруде ерекше
қажеттіліктері бар балаларды кемсітушілікке жол берілмеуі керек деген ұғымға
келді. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның адам құқығы аясындағы
конвенцияларын, декларациялары мен ұғымдарын басшылыққа ала отырып,
барлық балалардың, оның ішінде денсаулық жағдайына (психофизикалық
бұзылыстар, АҚТҚ және ЖҚТБ жұқпалы аурулы балалар және т.б.); қоғамда
әлеуметтік бейімделу мәселелері бар (жетім, әумесерлік тәртіп), әлеуметтік-
экономикалық немесе әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен жанұяның
жағдайына (нашар отбасыдан, қашқындар, оралмандар, азшылық ұлттардың
балалары) байланысты білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға сапалы
білім беруге міндеттеме алады.
Инклюзивтік білім беру саясатының негізгі мазмұны барлық бала оқи
алады
деп
мойындаумен
тұжырымдалады;
мектеп
балалардың
айырмашылықтарына қарамай, барлық балаларды қабылдайды және олардың
оқудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қажетті талаптарды
құрады. Инклюзивтік білім беруді ендіру барлық адамдарға әлеуметтік
оңалтуға және әлеуметтік теңдікке қол жеткізуіне, қоғамдағы кемсітушілік пен
шеттету мәселелерін жеңуге көмектесуге тиісті.
Инклюзивтік білім беру – дегеніміз білім алуда ерекше қажеттіліктері бар
балаларды жалпы білім беру мектептеріне және балалбақшаларға тарту және
олардың сапалы білім алулары үшін жағдай туғызу жүйесі мен үдерісі.
Қазақстанда инклюзивтік білім беруді ендіру әдеттегі білім беру жүйесін қайта
құруды және әр түрлі инновациялық шараларды өткізуді білдіреді.
Тәжірибе заманауи жағдайдарда инклюзивтік білім берудің батыс
4
елдерінде кеңінен таралғанын, ал Қазақстанда даму үстінде екенін көрсетеді.
Осыған байланысты инклюзивтік білім берудің әлемдік тәжірибесін талдауды
жүргізу арқылы шешуге болатын философиялық, педагогикалық, әлеуметтік,
психологиялық және басқа түрдегі де көптеген мәселелер туындайды.
Талдау нәтижелері шет елдердегі инклюзивтік білім берудің даму
тенденциясы туралы ғылыми түсінікті кеңейтуге, инклюзивтік білім берудің
теориясы мен әдіснамасын байытуға, инклюзивтік білім берудің батыстық
өнімді тәжірибесін қазақстандық шындық жағдайында пайдалануға мүмкіндік
береді. Сонымен бірге шет елдік тәжірибелеротандық жағдаяттық шындықты
және Қазақстандағы білім беру жүйесінің даму ерекшеліктерін есепке ала
отырып, пайдаланылуға тиісті.
5
|