Сопровождению инклюзивного образования методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет12/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,27 Mb.
#13079
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
субъектілік  тұрғыдан  дамыту  жатады.  Субъективтіліктің  мазмұндық 
ерекшеліктерін қарастыра отырып, А. Кохн мен Н. Кунс инклюзивтік негіздің 
35 


табысты құрылуының баланың өзінің сыныптастарымен және өзі үшін маңызды 
ересектермен  өзара  байланыс  кезіндегі  патерналистикалық  стратегиялардан 
кетіп,  айқын  белсенді  сипат  алатын  жаңа  жағдайының  қалыптасуына 
тәуелділігін  дәлелдейді.  Балада  тұлғалық  толысқан  сипатты  біртіндеп 
қалыптастыру  үшін  оның  әрбір  бала  үшін  қолжетімді  болатын  мектептік 
әрекеттерге қатысу аймағын біртіндеп кеңейту арқылы интербелсенді оқшаулау 
тактикасынан  қашықтау  қажет  болады.  Әрекеттену  шекарасын  тұрақты  түрде 
біртіндеп  азайта  беру,  инклюзивтік  білім  беру  үдерісінің  барлық 
субъектілерінде  жалпы  қабылданған  нормадан  кейбір  ауытқушылықтары  бар 
балаларды  субъективті  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Осымен  бірге 
мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы мектептік шараларға қатысу үлесін 
арттыру  олардың  инклюзияға  деген  жеке  көңіл  күйін  тұрақтандырады,  өзінің 
күшіне  деген  сенімділігін  арттырады,  олардың  академиялық  және  әлеуметтік 
келешектерін үйлестіреді [44].  
 
Инклюзивтік  білім  берудің  барлық  субъектілерінің  мәртебелік-рөлдік 
тәртіптік паттерндері барлық балаларды инклюзивтік оқытудың тиімділігін 
артырудың жетекші детерминанты ретінде анықталады.  
Білім  берудегі  инклюзияның  барлық  мүшелерінің  мәртебелік-рөлдік 
сипаттарын  ерекшелей  отырып,  М.  Дж.  Петерсон  инклюзивтік  ұжымның 
барлық  мүшелерінің  әрекеттерімен  тікелей  арақатынаста  болатын  кеңейтілген 
мәртебелік  атқарымдарды  орындау  қажеттілігін  ескертеді.  Бұндай 
атқарымдылық  біртіндеп  бекітіледі  және  тұрақтандырылады,  соның 
нәтижесінде  инклюзивтік  сыныптағы  әрбір  тұлғаның  мәртебелік-рөлдік 
механизмі  жіктеле  және  дәлелдене  түседі.  Инклюзивтік  білім  берудің  әрбір 
субъектісінің  рөлдік  байқалымдарының  жиынтығы  париттеті  реңкте  және 
олардың  инклюзивтік  білім  беру  үдерісін  жалпы  демократиялауға  ішкі 
талпынысы  болуға  тиісті.  Мүмкіндігі  шектеулі  балаға  филонтроптық  және 
автономдық  қатынастың  арасындағы  өзара  байланыс  қажетті  деңгейде  және 
инклюзивтік  сыныптағы  барлық  мүгедектердің  әлеуметтік  әрекеттері  нақты 
бекітілгенде, орта жағдайы өзгерген жағдайда түрлене алатындай, динамикалы 
болған жағадайда инклюзивтік білім беруді құру мүмкін болады [40].  
Сонымен,  мәртебелік-рөлдік  атқарымның  паритеттілікке  ұмтылысы 
инклюзивтік  ұжымның  әрбір  мүшесінің  жеке  тұлғалық  факторын  толық 
көлемде  ашып  көрсетуге  мүмкіндік  беретін,  жағымды  педагогикалық 
талаптардың  спектрлерін  қалыптастыруға  арналған  қажетті  негізді  құрайды. 
Инклюзивтік  сыныптағы  мұғалімнің  кәсіптік  құзыретінің  мазмұны  сапалы 
инклюзивтік  білім  беру  негіздерін  қалыптастырудағы  негізгі  элемент  болып 
табылады.  Инклюзивтік  білім  берудің  педагогикалық  құзыреттілік  аспектісін 
сипаттай  отырып,  батыстық  зерттеушілер  Дж.  Оноско  және  К.М.  Джоргенсен 
педагогтың сыныптағы әрбір баламен тиімді қатынасты құру үшін бөлінбес қор 
сапасындағы  кәсіптік  білім,  икемділіктер  мен  дағдылардың  жиынтығын 
меңгеруін қарастырады [45].  
Оқытудың  инклюзивтік  түрін  жүзеге  асырған  жағдайда  педагогтың 
кәсіптік құрылымының құзыреттілігінің мәні екі есеге өседі, себебі мүмкіндігі 
36 


шектеулі  баламен  бір  қатар  оқу  және  әлеуметтік  міндеттерді  табысты  шешу 
мұғалімнің  жалпы  білім  беру  жүйесіндегі  осы  балалардың  атқарымдарының 
ерекшеліктері  туралы  гносеологиялық  түсініктер  спектрінің  қалыптасу 
деңгейіне тікелей байланысты болады.  
Өзінің  құрдастарынан  ерекшеленетін  баланың  инклюзиясында  табысты 
нәтижеге жету үшін инклюзивтік сынып мұғалімі өзінің жеке құзыреттілігінің 
деңгейін үнемі жетілдіруге және қажет болған жағдайда мүмкіндіктері шектеулі 
балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіруге байланысты ол 
үнемі кәсіптік динамикада болады [45].  
 
Зерттеушілер  инклюзивтік  сынып  мұғалімінің  кәсіптік  құзыреттілігінің 
келесі мазмұнын ерекшелейді:  
1. 
Танымдық компонент. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім 
беру  үдерісіне  қосудың  барынша  тиімді  әдіс-тәсілдері  бойынша  кең  көлемді 
білімді  меңгеру.  Мүмкіндігі  шектеулі  баланың  құрдастарының  ұжымымен 
өзара  байланысының  педагогикалық,  психологиялық  және  әлеуметтік 
механизмдерін түсінуді білдіреді.  
2. 
Коммуникативтік  компонент.  Мұғалімнің  мүмкіндіктері  шектеулі 
балалармен  қатынасқа  сәйкес  келетін  сөйлеу  тілдік  стратегияларды  меңгеруі. 
Оқу  үдерісін  сөйлеу  тілдік  құралмен  жүргізу  барлық  оқушыларға 
ақпараттармен алмасуға және өздерінің экспрессивтік-эмфатикалық сезімдерін 
ашық  білдіруге  мүмкіндік  береді.  Мүмкіндігі  шектеулі  бала  үшін  сыныптағы 
коммуникативтік қатынастың дұрыс құрылуы ондағы әлеуметтік оқшаулау мен 
депривацияны  жеңуді  білдіреді,  ол  оған  оқу  әрекетінде  қалаған  нәтижеге 
жетуге мүмкіндік береді.  
3. 
Тәртіптік  компонент.  Мұғалімнің  инклюзивтік  жүйенің  тәртіптік 
стратегиясының тиімді құралдарын меңгеруі сыныптағы барлық балалардың өз 
әлеуметтік  жағдайларын  дұрыс  түсініп,  инклюзивтік  сыныптағы  рөлдік 
атқарымдардың  нормативтік  бөлінуіне  көмектеседі,  ал  педагог  қажет  болған 
жағдайда  оларды  түзетеді  және  инклюзивтік  білім  берудегі  тұлғааралық 
жүйелік құрылымды реттейді.  
4. 
Практикалық  компонент.  Мұғалімнің  туындаған  жағдайды  шешудің 
сәйкес  тәсілдерін  қолдануы,  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  әлеуметтік-
педагогикалық  ақтаңдақтарын  өтеу  арқылы  инклюзивтік  сыныптағы  әрбір 
субъектіге  сәйкес  келетін  өзара  әсер  ету  тактикасын  таңдау  қабілеттілігін 
білдіреді.  
5. 
Болжамалы  компонент.  Мұғалімнің  әдеттегі  сынып  жағдайындағы 
мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі кездегі ғана емес, 
сондай-ақ  болашақтағы  келешегін  көре  білуі.  Балалардың  жеке  тұлғалық 
мінезінің  өзгеруінде  өзара  әрекеттену  стратегиясының  түрін  икемді  өгертуге 
көмектеседі,  бұл  инклюзивтік  білім  беру  ортасының  ізгіліктілік  деңгейінің 
артуына мүмкіндік береді [45].  
Субъекті  бірліктің  көрсеткіші  ретіндегі  инклюзивтік  сынып  мұғалімінің 
кәсіптік  құзыреттілігін  талдаудың  батыстық  нұсқалары  мұғалімнің  жоғары 
біліктілігі  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  оқыту  мен  тәрбиелеудің  сапалы 
37 


нәтижелеріне қол жеткізуге, олармен өзара әрекеттенудің сәйкес келетін түрін 
анықтауға,  соған  сәйкес  олардың  мүмкіндіктеріне  сәйкес  оқудағы  және 
әлеуметтік  мақсаттарға  қол  жеткізуге  көмектесетін  жетекші  буын  ретінде 
қарастырылатынын көрсетеді.  
Субъекті  бірлікті  талдау  көрсеткіштерінің  барлық  жиынтығы  мектептік 
білім  беру  қауымдастығының  әрбір  мүшесін  өзін-өзі  өсіру  мен  өзін-өзі 
дамытумен  қамтамасыз  етуден  құралатын,  инклюзивтік  білім  берудің 
мақсаттық қолданысының көрсеткіші болып табылады.  
 
 
 
 
 
38 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет