3 Инклюзивтік білім беру технологиясы
Мүмкіндігі шектеулі баланы білім беру мен тәрбиелеудің жалпы ортасына
қосудың кешенді механизмі ретіндегі инклюзивтік білім беру баланы жалпы
білім беру мекемесіне, содан кейін одан да кең әлеуметтік ортаға
инклюзиялауға арналған технологиялық ресурстар спектрі бар стратегиялық
кең алаңды тірек етеді. Инклюзивтік білім беру практикасы мүмкіндігі
шектеулі баланың өзіндік ерекшеліктері мен инклюзивтік сыныптағы барлық
балалардың
өнімді
қатынасының
мазмұнын
білдіретін
орталық
детерминанттарды есепке алатын технологияның, әдіс-тәсілдердің белгілі бір
спектрін пайдаланғанда ғана тиімді жүзеге асуы мүмкін.
Инклюзивтік білім беру технологиясының батыстық жиынтығын талдау
инклюзивтік мектептегі шетелдік жұмыс тәсілдер мен практикалық
тактикалардың кең көлемде вариативтік екенін дәлелдейді. Батыстық
педагогикадағы инклюзивтік білім беруді құру тәслдері мен құралдарын
талдаудың технологиялық бірлігін ерекшелеудің негізгі көрсеткіштері:
-
технологияны педагогикалық басқару;
-
тьюторлық технология;
-
әлеуметтік қолдауды демократиялау технологиясы;
-
білім
алудағы
ерекше
қажеттіліктерді
қанағаттандырудың
технологиялық қызметі.
Батыстық зерттеушілер М. Фуллан, Д. Тайак және Л. Кубан өз
еңбектерінде инклюзивтік сынаптағы стартегиялық және тактикалық басқару
технологияларын сипаттады [46, 47]. Ғалымдар өз зерттеу жұмыстарында
инклюзивтік сынаптағы педагогиканың тиімді басқару технологиясын бірқатар
орталық оқытушыларының пікірлеріне негіздейді, оларды кешенді түрде жүзеге
асыру инклюзивтік білім беру қауымының атқарымдық механизмдерінтура
және жанама түрде жақсартуға мүмкіндік береді:
1.
Кез келген өзгерістердің нақты сипаты болады. Берілген постулат сан
алуан түрленімнің нақты мақсатты негізіне бағдарлауды білдіреді. Бұл
мұғалімнің ендірген әрбір оқушының жеке қажеттілігі мен мұқтажын есепке
ала отырып құрылуға міндетті өзгерістердің жүйелілігін, мақсатты
бағыттылығын және релеванттығын білдіреді.
2.
Ендірген өзгерістер шектелген сипатта болмауға тиісті. Бұл факт
инклюзивтік білім беру ортасын ұйымдастырудағы түрленім лимитінің
болмауын білдіреді. Сонымен бірге ендірілетін инновация аса көлемді болмауға
тиісті, себебі ондай жағдайда оқушы жүзеге асырылатын жаңа өзгерістрге
бейімделуге үлгермейді.
3.
Мұғалім инклюзивтік сыныпта туындайтын мәселелер мен
қиындықтарды еңсерілмейтін қарама-қайшылық ретінде емес, мүмкіндіктері
шектеулі балалардың құрдастарының ортасына қосылудың жағымды
динамикасына қол жеткізудің позитивті жолы ретінде қарастыруға міндетті.
Бұл қағида кез келген мәселелердің жағымды жағында бекітіледі және
туындайтын мәселелер туындаған қиындықтардан шығу мүмкіндігі ретінде
39
бағаланады.
4.
Педагогикалық практикалық әрекеттер және мұғалімнің рефлективтік
көруі бір-бірімен толық көлемде үйлесуге міндетті. Берілген жағдай
инклюзивтік сыныптағы барлық субъектілерге психоәлеуметтік және
эмоциялық жағымды атмосфера жағдайында өздерін жайлы сезінуге мүмкіндік
береді. Қарастырылған педагогикалық икемділікті қалыптастыру – әрбір бала
қабылданатын және өзінің шамасын жүзеге асыра алатын шынайы инклюзивтік
сыныпты құруға арналған негіз.
5.
Мұғалімнің өзінің жеке күші мен нормативтік инклюзивтік
микросоциумды құру бойынша балалардың топтық өзара әрекеттенуі
арасындағы өзара барабар байланыс инклюзивтік білім беру қауымының
басымды старатегиясы болып табылады. Сыныптағы инклюзияның
көрсеткішіне инклюзивтік әлеуметтік кеңістік құруға өзара үлесін қосу
қажеттілігін түсіну жатады. Бұл инклюзивтік парктиканы жүзге асыруға
арналған құқық пен жауапкершілікті барлық субъектілердің арасына тең бөліп
беруге мүмкіндік береді.
6.
Инклюзивтік сыныпты тігінен және көлденеңінен басқару
стратегиясының үйлесуі. Білікті мұғалім өзінің жұмысын оқушылардың жеке
тұлғалық қалаулары мен басқарудың директивалық тақтикаларын қиыстыру
негізінде құрайды. Бұндай нұсқа инклюзивтік білім беру қауымының өмір
сүруін нормалайды, оның атқарымдық қолданысын орындау үшін жағымды
жағдай тудырады.
7.
Инклюзивтік мектеп жергілікті қоғаммен тығыз байланыста өзара
әрекеттенген және олардың ынтымақтастық жағдайында ғана бір тұтас білім
беру үдерісі жүзеге асады. Қарастырылған өзіндік сипат инклюзивтік білім
беруді мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік қатынастардың желісіне қосудың
бір бөлігі ретінде ұғынуға мүмкіндік береді [46, 47].
Американдық зерттеуші У. Хитзингом өз еңбектерінде «педагог – бала»
жүйесіндегі педагогикадағы басқару технологиясының микроәлеуметтік
мәнмәтінін қарастырып өтті. Оның пікірінше, балалық-оқытушылық өнімді
өзара әрекеттену жағымды педагогикалық басқару технологиясында ғана құру
мүмкін болады, бұл мүмкіндігі шектеулі баланы оқу үдерісінің жеке құрамдық
бөліктерінде де жағымды әлеуметтік бейімдеуді білдіреді [48].
Педагогикадағы басқару технологиясын берілген батыстық көрінісін
талдау оның жалпы позитивтілігін анықтайды. Басқару негіздерін логикалық
ұғыну мүмкіндіктері шектеулі балалардың және мұғалімнің арасындағы
қауіпсіз және қабылдау қатынасын дамыту, жеткен жеке жетістігін бекіте
отырып, оқушыны бағалауда барабар тәсілдерді пайдалану икемділіктеріне
негізделетін инклюзивтік білім беру үдерісінің мәнін түсінуі туралы
дәлелдейді. Инклюзивтік мектептегі баламен мұғалімнің арасындағы
қатынасты жүзеге асырудың маңызды сәті мүмкіндігі шектеулі баланың
қосылуда белсенді орын алуында туындайтын мәселелерді жеңу үшін барлық
субъектілердің күшінің жиынтығының құрылымы ретінде бағаланатын
табыстылықты сезінуге жағымды көзқарас қалыптастыру болып табылады.
Инклюзивтік білім беру ортасын қалыптастыруды басқару аспектілерімен
40
|