Сортамент



бет3/55
Дата03.04.2023
өлшемі1,62 Mb.
#78841
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Бржанов Р.Т.Құрылыс конструкциялары-2

Болат қаңылтырлар

Болат қаңылтырлар құрылыста көп қолданылады, олардың келесі тҥрлері бар:


Қалың болат қаңылтырлар. Бұлардың қалыңдығы 4-тен 160мм дейін; ені 600-ден 3800мм. Ыстықтай тартылған қаңылтар ұзындығы 6-12м, қалыңдығы 160мм; қалыңдығы 1,2 ден 12мм дейін, ені 500- 2200мм дейін орама тҥрінде шығарылады.
Қалың болат қаңылтыр, қаңылтыр конструкцияларда, бҥтін жҥйелі элементтерде (арқалықтарда, ұстындарда, рамаларда және т.б.) көбірек пайдаланылады.
Қалыңдығы 4мм дейін жұқа болат қаңылтырлар суықтай және ыстықтай тартылып прокаттанылады. Суықтай тартылған болат (МЕСТ 19904-74); ыстықтай тартылған болаттан (МЕСТ 19903-74) көп қымбат. Жұқа болат қаңылтыр төбе жабындары ҥшін жұқа қабырғалы майыстырылған профилдерді дайындауға пайдаланылады. Суықтай тартылған цинкпен апталған оралған болаттар профилденген төсеніштер даярлау ҥшін қолданылады.
Кең белдеулі әмбебап болат (МЕСТ 8200-70) төрт біліктермен прокатталатын болғандықтан шеттері тегіс болып шығады. Бұндай болаттардың: қалыңдығы 6-дан 60 мм, ені 200-ден 1050 мм дейін, ұзындығы 5-тен 12м дейін. Кең белдеулі болаттарды пайдалану конструкцияларды даярлау кезінде еңбек шығынын азайтады.



    1. Болат профильдері

Бұрышты профильдер тең қабырғалы (МЕСТ 8509 - 72) және қабырғалары тең емес (МЕСТ 8510 - 72) етіп прокатталады.


Бұрыштар жеңіл конструкцияларда көбірек пайдаланылады.
Тиімді тҥрлері - жұқа бұрыштар, 2 сурет.
Швеллер қималарының геометриялық сипаттамалары олардың нөмірлерімен анықталады. Олардың нөмірлері швеллер қабырғасының биіктігіне байланысты № 5-тен № 40-қа дейін (МЕСТ 8240-72). Швеллерлер көп кҥш қабылдайтын шыбықты конструкцияларда (көпірлер, ҥлкен аралықты фермалар және т.б.), ұстындарда, байланыстарда және жабын қырларында пайдаланылады.

Сурет 2. Прокатты профильдерден шыбық қималарын
ҥйлестіру


Қоставрлар

Қоставрлар - арқалықтар ҥшін негізгі профилдер, олар әртҥрлі болады, әрқайсысы әр областарда пайдаланылады.


Кәдімгі қоставрлар МЕСТ 8239-89- (1 қосымша), биіктіктеріне сәйкес нөмірленеді, № 10-нан № 60-қа дейін прокатталады.
Қоставрлар иілетін элементтерде (арқалықтарды), сапалы ұстындарда және әртҥрлі тіреулерде қолданылады.
Кең белдеулі қоставрлы арқалықтар ҥш тҥрлі болып прокатталады: қалыптағыдай (Б), кең белдеулі (Ш), ұстын ҥшін (К).
Жұқа қабырғалы қоставрлар (ТШ 14-2-205-76) және швеллерлер (ТШ 14-2-204-76), бұлар кәдімгі профилдерден 14 - 20%-ға тиімді.
Жұқа қабырғалы профильдер арқалықтар алаңында, қосымша ұстындарда (фахверкаларда), жеңіл төбе жапқыштар мен қабат жапқыштарда пайдаланылады.


Құбырлар

Құрылыста пайдаланылатын құбырлар ыстықтай тартылған (МЕСТ 8732-78), электрдоғамен пісірілген (МЕСТ 10704-76), электрдоғамен пісірілген тік төрт бұрышты және квадрат қималы (ТШ 36-2287-80 және ТШ 14-2-361-79).


Құбырлар радиотеледіңгек конструкцияларында, агрессивті орта әсер ететін ғимараттардың жабын конструкцияларында қолданылады.
Төртбұрышты, квадрат құбырлар жеңіл жабындағы фахверктерде, терезе элементтеріндегі құрылыс конструкцияларында қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет