Сортамент



бет6/55
Дата03.04.2023
өлшемі1,62 Mb.
#78841
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Дәнекерленген қосылыстар

Құрылыс конструкцияларды қосуға негізінен электрдоғалы дәнекерлеуді қолданады. Электрдоғалы дәнекерлеу – қол, жартылай автоматты, автоматты деп бөлінеді.


Электрдоғалы процесс өткен кезде дәнекерленген детальдардың арасында электрдоға пайда болады. Соның себебінен детальдар сұйықты кҥйге дейін жергілікті қыздырылады және осыдан кейін детальдар бір-біріне қосылады. Пісіріп дәнекерленген металлдың негізгі металлға еңіп кеткен тереңдігін ерітіп дәнекерлену тереңдігі деп атайды (провар).
Автоматты электрдоғалы дәнекерленудің еңбек өнімділігі және қосылыстардың сапасыда жоғары болады. Жартылай автоматты электрдоғалы дәнекерленудің еңбек өнімділігі және қосылыстардың сапасыда төмендеу болады. Ал қол доғалы дәнекерленудің сапасы пісіруші жұмысшының тәжірибесіне байланысты, ал еңбек өнімділігі одан да төмен.
Пісіріп дәнекерленген кезде металлдарға зиянды қоспаларды (оттегі, азот) кіргізуге жол бермеу ҥшін және дәнекерленуді сапалы жҥргізу ҥшін автоматты және жартылай автоматты дәнекерлеу жұмысын флюс материалдың астында жасайды (сусымалы материал). Ал қол доғалы дәнекерленуді электрод арқылы жасайды. Пісіріп дәнекерленген кезде флюс және электрод материалы еріп шлак және газ пайда болады, олар дәнекерленген жікті қорғап оның сапасын қамтамасыз етеді.
ГОСТ 9467-75 бойынша қол доғалы дәнекерленуде қолданылатын электродтар келесі тҥрлерге бөлінеді:

  • Э38, Э42, Э46, Э50 – беріктік шегі 500 МПа-ға дейінгі көміртекті және аз легирленген болаттарды дәнекерленуге арналған (электродтың тҥрлерінде көрсетілген сан жік металының беріктік шегін көрсетеді, өлшемі кг/м2);

  • Э42А, Э46А, Э50А – жоғарғы аталған болаттардың пластикалық және соққы тұтқырлық қасиеттеріне жоғары қойылғанда қолданылатын талаптар (А-әрібі сера, фосфор қоспалар аз болғандықтан жіктердің жоғары сапасын және электродтың жоғары пластикалық, соққы тұтқырлық қасиеттерін көрсетеді).

  • Э70, Э85, Э150 – беріктік шегі 600 МПа-дан жоғары легирленген болаттарды дәнекерленуге арналған

AI – қорытпаларды дәнекерлеу ҥшін арнайы электрод және флюстарды қолданады және дәнекерлену жұмысы инертті газ (аргон) ортасында өтеді. Сол кезде ерітілген металлдың тотығуына жол берілмейді және доғада жану процессі жақсы өтеді.
Жетістіктері: қосылыстардың массасы төмен; қосылыстарда әлсіретететін элементтер жоқ (мысалы, тесіктер); металлдың экономикасы; еңбекті көп сіңіруді талап етпейді; элементтердің көлденең қимасының ең оптимальді тҥрін жасауға болады.
Кемшіліктері: дәнекерленген қосылыстарда кернеу топталынады (концентрация), сол себептен төменгі температураның және динамикалық кҥшсалмақтардың әсерінен қосылыстар мөрт қирауы мҥмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет