Есептер. Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қандай сараптаманы тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет, қандай қосымша материалдар мен ақпараттар керек, кешенді сараптама жүргізу қажет па және қандай сарапшылардың қатысуымен берілген сұрақтар шешіледі.
1 Есеп. 30.01.20.. ж. Фурманова көшесі №83 үйдің ауласында жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде, АІІБ жедел қызметкерлерімен азамат Мамаев Д. ұсталды. Екі куәның қатысуымен, ол полтиэтилендік пакетті өз еркімен полиция қызметкерлеріне ұсынды. Пакетте жасыл түсті 213 гр. арнайы иісі бар зат көрінді.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?
Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?
2 Есеп. 1980 ж. туылған Алматы қаласының тұрғыны, азамат Н. полицияға келесі мән-жайларды айтты: 8.07.20.. ж 20 сағ. Целинный кинотеатрының қасында «Самат» қысқаша «Сэм» деген азамат қасыма келіп, героин сатып алуды ұсынды. Арызды бекіткен соң, Н-ге куәлардың қатысуымен 2000 тенге беріп, 1000 тенгені арнайы ұнатқпен белгіледі. Сол күні жеделдік сатып алу әрекеті жүргізілді, куәлардың қатысуымен Н. сұйықтық бар шприцті берді. 5 күн ішінде бұл операция жүзеге асырылды, кейінгі операцияларда ақ ұнтақтар сатып алынды. Сезіктіні ұстау кезінде, жеке тінту әрекеттері жүргізілді, және соның нәтижесінде қалтасынан ақ ұнтақ героинге ұқсас салмағы 0,17 г. зат алынды. Сезіктінің пәтеріне тінту жүргізгенде, 2 пакет ақ түсті ұнтақ алынды, әр біреуінің салмағы 0,17 г.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?
Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?
3 Есеп. «Мерседес Бенц» м/н А 399 МОМ көлігіне кедендік қарау кезінде, салонда жасырын жер (тайник) табылды, оның ішінде ақ түсті затпен толған дорба табылды. Көлік жүргізушісінен жауап алған кезде, ол табылған дорбаға ешқандай қатысы жоқ екендігін айқындады. Ақ түсті ұнтақты куәлардың қатысуымен қарау кезінде, ол арнайы иісі бар салмағы 853 гр құрайтын зат болып шықты.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?