Сот сараптамасы бойынша есептер


Тақырып: Сот-автотехникалық сараптама



бет32/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

6 Тақырып: Сот-автотехникалық сараптама.


Сабақтың мақсаты:

  • Сот-автотехникалық сараптаманы тағайындаудың негізгі жағдайларының теориясы мен тәжірбиесін түсіну мен бекіту.

  • Сот-автетехникалық сараптамасының көмегімен мән-жайларды анықтауға қатысты болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын анализдеуге қатысты дағдыларды меңгеру.

  • Сот-автотехникалық сараптамасын тағайындау кезінде, қаулылар мен ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.

  • Сот-автотехникалық сараптамасын тағайындауға материалдарды идентификациялық және идентификациялық емес сұрақтарды шешу үшін дайындау дағдысын меңгеру (азаматтық және қылмыстық істер).



Сабақтың жоспары:

    1. сот-автотехникалық сарапшының нәтижелерінің нысанына және заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.

    2. сот-автотехникалық сараптамасын тағайындау мен материалдарды дайындаудың теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.

    3. сот-автотехникалық сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен танысу, олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау (5-10 сарапшы қорытындысынан кем емес).

    4. сот-автотехникалық сараптамасын тағайындаудың тәжірибелік және процесуалды сұрақтарын талқылау.

    5. тапсырмаларды жазбаша орындау – қаулы толтыру (5-15 есептен кем емес).



Бақылау сұрақтары:

      1. сот-автотехникалық сараптамасы қандай объектілерді зерттейді;

      2. сот-автотехникалық сараптамасының қандай түрлері бар;

      3. сот-автотехникалық сараптамасының оның ішінде көліктің техникалық жағдайын анықтаудың мүмкіндіктері қандай;

      4. жол-көлік апатының механизімін зерттеудегі сараптаманың мүмкіндіктері;

    1. көлік құралының техникалық жағдайын зерттеуге қатысты қаулыда сарапшыға қандай сұрақтар қойылады;

    2. көліктердің соқтығысуына қатысты сарапшының алдына қандай сұрақтар қоюға болады;

    3. жол жүріп бара жатқан адамды көлікпен қағып кетуіне қатысты сарапшының алдына қандай сұрақтар қоюға болады;

    4. жүргізушінің көлікті жүргізу кезіндегі әрекеттерге қатысты сарапшының алдына қандай сұрақтар қоюға болады;

    5. жүргізушінің психофизиологиялық жан-күйін тексеруге қатысты сарапшының алдына қандай сұрақтар қоюға болады;

    6. ЖКО қатысты өзге де жағдайлар туындағанда сарапшының алдына қандай сұрақтар қоюға болады;

    7. автотехниктің құзыреттілігіне кірмейтін сұрақтар;

    8. қандай жағдайларды анықтау үшін кешенді сараптаманы тағайындау қажет;

    9. кешенді сараптама қандай сұрақтарды шешу үшін қажет;

    10. сараптама тағайындау кезінде сарапшыға қандай материалдар жіберілуі керек;

    11. сарапшыға жіберілетін материалдарға қандай талаптар қойылады;

    12. қандай материалдың болмауына қатысты сарапшы сараптамадан бас тарта алады;

    13. сарапшыға қандай мәліметтерді және не туралы хабарлау қажет;

    14. сарапшының қорытындысының толықтылығы және ғылыми негізділігі дегеніміз нені білдіреді;

    15. зерттеу нәтижесінде сарапшымен қандай қорытынды беріледі;

    16. сарапшының қандай нәтижелері дәлелдеме бола алады;

    17. қайталама, қосымша сараптама тағайындау үшін қандай негіздер қажет;

    18. кешенді сараптама қандай сұрақтарды шешу үшін қажет;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет