Алматы қ. Әуезов АІІБ ТБ лейтенант полициясы тергеуші А.И.Исекешова 3. Сот-трасологиялық сараптамасын тағайындау туралы ҚАУЛЫ «06» қараша 20.. ж. Алматы қ. Алматы қаласының Алмалы АІІБ ТБ тергеушісі лейтенант полициясы Е.М.Қамбаров, № 4583/5 қылмыстық істі қарап,
АНЫҚТАДЫ: 19.12.2006 ж. таңертен Семиреченская көшесі бойының қарама-қарсы № 7 үйдің қасында, көлікпен қағып кетілген, белгісіз азаматтың мәйіті табылды. Мәйіттің қасында 2*3 метр учаскесінде көліктің жарық шамдарының қалдықтарына ұқсас, шынылардың 15 дана көлемінде бөлшектері табылды. Күдікті ЗИЛ-130 № 23581 көлігінің жүргізушісі П.Н.Смаковке келтіреді. Сезіктінің көлігін қарау кезінде, сол жақ жарық шамында зақымның белгілері бар, жарық шамының шашыратқышы бұзылған. Жарық шам жиегінен сақталып қалынған 5 дана көлемінде жарық шам шашыратқышының қалдықтары алынған. П.Н.Смаковтың айтуынша, ол қағып кету фактісін мойындаған жоқ, ал көліктің жарық шамын өзінің ауласындағы қақпаға соғып алғандығын айтты.
Аталған жағдайларды ескере отырып, тұлғаның қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін, арнайы білімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып, трасологиялық сараптамасын тағайындау және ҚР ҚІЖК-нің 240, 242, және 245 баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ: 1. Аталған іс бойынша құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындау және сараптаманы жүргізуді ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама Орталығының Орталық Алматы ғылыми-өңдірістік зертханасына тапсыру;
2. Сараптаманың алдына келесі сұрақтарды қою:
2.1. 5 данадағы жарық шам шашыратқышының қалдықтары, ЗИЛ-130 № 23581 көлігінен алынған 15 данадағы жарық шам жиегінің қалдықтары және оқиға болған жерден алынған 15 дана көлеміндегі шынының бөлшектері бір бүтінді құрамай ма ?
2.2. ЗИЛ-130 № 23581 көлігінен алынған жарық шам жиегінің 5 дана көлеміндегі қалдықтары мен П.Н.Смаковтың ауласынан 10 дана көлемінде алынған жарық шамның қалдықтары бір бүтінді құрамай ма ?
3. Сарапшыға келесі материалдарды жіберу:
3.1. ЗИЛ-130 № 23581 көлігінен алынған жарық шам жиегінің 5 дана көлеміндегі қалдықтары, олар мақтамен бірге картон қорабына буып-түйілген және ІІО мөрімен № 856 сүргі салынған;
3.2. оқиға болған жерден алынған 15 дана көлеміндегі шынының бөлшектері, олар мақтамен бірге картон қорабына буып-түйілген және ІІО мөрімен № 5712 сүргі салынған;
3.3. П.Н.Смаковтың ауласынан 10 дана көлемінде алынған жарық шамның қалдықтары, олар мақтамен бірге картон қорабына буып-түйілген және ІІО мөрімен № 7212 сүргі салынған