Сот сараптамасы бойынша есептер



бет50/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

Есептер.
Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қандай сараптаманы тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет.


1 Есеп.
2 маусым 20.. ж. төбелес үшін, 1986 ж. туылған азамат К.Мамедов ұсталынған. Жеке тінту кезінде, пышақ табылды. Пышақтың ұзындығы 22 см. жүзінің бір жағы ғана қайралған, оның ұзындығы 12 см. және шектеушісі (ограничитель) болды.

      1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

      2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

      3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



2 Есеп.
Тонау фактісі бойынша, 1984 ж. туылған, жұмыс орны жоқ азамат К.Арықбаев ұсталды. Жеке тінту кезінде, одан пышақ алынды, оның ұзындығы 18 см. жүзі-9 см.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



3 Есеп.
Азамат К.Иманходжаев ВЧД-26 Алматыдан-Урумчиға қатынайтын поездың жол серігі болып жұмыс істеп және сату үшін пышақтар мен қаңжарлар алып келетін. Жедел алдын-алу «Қару» операциясын жүргізу кезінде, К.Иманходжаевтың пос. Заря Восток, Бородина 251 көшесінде орналасқан үйінде 5 пышақ табылды:
1 – алынып-салынатын, әскери мақсаттарға бағытталған және ұзындығы 227 мм., екі жағынанда жүзі (лезвия) болған пышақ.
2 пышақтардың ұзындықтары бірдей 291 мм., жүзі (лезвия) бір жағынан орналасқан және «STATNIESS STEEL» таңбасы болды.
2 пышақ 255 мм. ұзындығы болды және таңбалары бірдей.

  1. Қандай мән-жайарды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



4 Есеп.
28.10.2009 ж. 21.30 сағ. 1988 ж. туылған К.Кажиұлы Қалқаман ықшамында Әуезова көшесінде орналасқан «Айналайын» дүкенінің қасында өлтіру мақсатымен азамат Р.Қырықтановқа МПС маркілі пистолетінен атып, соңғысы сол жерде алынған жарақаттардан №7 ҚКА қайтыс болды.
2009 ж. жоғарда аталған қылмыс бойынша, күдік келтірген сезікті К.Кажиұлы ұсталынды және Алматы қ. Медеу ауданы, Мечурин 17 көшесінде орналасқан үйіне тінту жүргізгенде, ату қаруынан басқа, 4 дана ағаш келдек, қара қорабы бар 2 дана пышақ, 1 дана алып-салынатын пышақ табылды.

      1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

      2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

      3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет