Алматы қ. Алмалы АІІБ ТБ капитан полициясы тергеуші Е.М.Еркешов 2. Құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындау туралы ҚАУЛЫ 02 желтоқсан 2006 ж. Алматы қ.
Алматы қаласының Әуезов АІІБ ТБ тергеушісі лейтенант полициясы А.И.Исекешова, № 3801-06 қылмыстық істі қарап,
АНЫҚТАДЫ: «Құжаттық режим» операциясын жүргізу барысында, Алматы қаласының Орталық базарында №2112 құжатының (паспорт) алуына қатысты РФ азаматы Н.И.Петров ұсталынды. №2112 паспортқа тергеулік қарау жүргізілгенде, бірінші бетте «Аты-жөні» деген графада фамилиясының соңғы әріптерінде қағазда жауырдың белгілері бар (потертость).
Паспорттың 2-ші бетінде «1976 туған жылы» деген графада, соңғы екі сандарда сары түсті дақтардың және бөтен штрихтердің іздері қалдырылған.
5 бетте сурет жапстыратын жердің шеттерінде қорғау сеткалары жартылай бұзылған, ал, «Паспорт» деген сөздің рельефтері нақты көрінбейді.
Аталған жағдайларды ескере отырып, №2112 паспортқа заңсыз өзгерістер еңгізілуі орын алып отырғандығына байланысты, арнайы білімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып, құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағаайындау және ҚР ҚІЖК-нің 240, 242, және 245 баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ: Аталған іс бойынша құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындау және сараптаманы жүргізуді ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама Орталығының Орталық Алматы ғылыми-өңдірістік зертханасына тапсыру;
Сараптаманың алдына келесі сұрақтарды қою:
№2112 паспорттың 1 бетіндегі «Аты-жөні» графасындағы жазба қандай да бір өзгерістерге ұшыраған жоқ па ?
Егер №2112 паспорттың 1 бетіндегі «Аты-жөні» графасындағы жазба қандай да бір өзгерістерге ұшыраған болса, олардың алғашқы жазбасының мазмұны қандай ?
№2112 паспорттың 2 беттегі «туған жылы» графасындағы нашар көрінетін штрихтердің мазмұны қандай ?
№2112 паспорттың 5 бетіндегі суретті ауыстырып жабыстырған жоқ па ?
Жоғарда аталған өзгерістер орын алса, олардың №2112 паспортта орын алу уақыты қандай ? Барлық аталған өзерістер бір уақытта еңгізілген бе ?