Құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындаудың негізгі жағдайларының теориясы мен тәжірибесін түсіну мен бекіту.
Құжаттардың сот-техникалық сараптамасының көмегімен мән-жайларды анықтауға қатысты, болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын анализдеуге қатысты дағдыларды меңгеру.
Құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындау кезінде, қаулылар мен ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.
Құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындауға материалдарды идентификациялық және идентификациялық емес сұрақтарды шешу үшін дайындау дағдысын меңгеру (азаматтық және қылмыстық істер).
Сабақтың жоспары: құжаттардың сот-техникалық сарапшының нәтижелерінің нысанына және құжаттардың сот-техникалық сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындау мен материалдарды дайындаудың теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
құжаттардың сот-техникалық сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен танысу, олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау (5-10 сарапшы қорытындысынан кем емес).
құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындаудың тәжірбиелік және процесуалды сұрақтарын талқылау.
тапсырмаларды жазбаша орындау – қаулы толтыру (10-15 есептен кем емес).
Бақылау сұрақтары: криминалистикалық техника саласындағы «құжаттарды сот-техникалық зерттеу» және «құжаттарды сот-техникалық сараптамасының» қандай өзара байланысы бар;
аталған криминалистикалық салада және құжаттарды сот-техникалық сараптамасында қандай объектілер зерттеледі;
құжаттың реквизиттеріне және материалдарына не жатады;
қандай техникалық құралдар құжаттарды сот-техникалық сараптамасының объектілеріне жатады;
қандай құжаттар қатаң есептегі құжаттарға жатады және оларға қойылатын талаптар;
құжаттарды сот-техникалық сараптамасының мүмкіндіктері қандай және сараптама арқылы шешілетін мән-жайлары қандай топтарға бөлінеді;
қандай категориялы істер бойынша құжаттарды сот-техникалық сараптамасы тағайындалады;
реквизиттерді, құжат материалдарын және техникалық құралдарды зерттеу кезінде идентификациялық мазмұндағы қандай сұрақтар қоюға болады;
реквизиттерді, құжат материалдарын және техникалық құралдарды зерттеу кезінде идентификациялық емес мазмұндағы қандай сұрақтар қоюға болады;
құжаттар бойынша қандай сұрақтар сарапшының құзыреттілігіне жатпайды;
құжаттарды дайындау тәсіліне және құжаттардың реквизиттерін өзгерту мүмкіндігіне қатысты идентификациялық емес сұрақтарды қою кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберіледі (мәтін, қол таңбасы, мөр-таңбалар, фотосуреттер, құжаттың бланкілері);
құжаттардың реквизиттерін дайындау мүмкіндігіне қатысты идентификациялық сұрақтарды қою кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберіледі (мәтін, қол таңбасы, мөр-таңбалар, фотосуреттер, құжаттың бланкілері);
идентификациялық сұрақтарды қою кезінде үлгілерді алудың тәртібі, қылмыстық және азаматтық істер бойынша оларды алудың айырмашылығы қандай;
құжаттарды оған сәйкес материалдар (қағаз, бояу, клей) және техникалық құралдарды (қалам, мөр, принтер т.с.с.) , үлгілерді табу, алу, бекіту үшін қандай тергеу әрекеттерін жүргізу қажет;