қаулы, зерттелетін құжат, тінтуде алынған мөрлер және мекеменің түпнұсқалық мөр
Есептер. Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қандай сараптаманы тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет, қандай қосымша материалдар мен ақпараттар керек, кешенді сараптама жүргізу қажет па және қандай сарапшылардың қатысуымен берілген сұрақтар шешіледі.
1 Есеп. Белгісіз еркек адамның мәйітін қарау кезінде, тергеуші күртешенің кеуделік қалтасынан нашар көрінетін жазбалары бар бір түйір қағазды тапты. Табылған қағаз қанмен былғанған. Тергеуші аталған құжатты арнайы криминалистикалық құралдарды қолдана отырып қарады. Олар – жарық фильтірлер және электронды-оптикалық көрсеткіштер. Электронды-оптикалық көрсеткіштер арқылы тергеуші қанмен былғанған жазбаларды көріп оқыды. Табылған қағаз «Уют» қонақ жайының түбіртегі болып шықты, онда күні, жылы, қабаттың және бөлменің нөмері көрсетілген.
Қараудың нәтижесі қарау хаттамасында бекітілді.
Тергеуші өзінің берген нәтижесін айқын деп, технико-криминалистік сараптама тағайындаудың қажеттілігі жоқ санады.
Аталған мән-жайларға қатысты сараптама тағайындаудың қажеттілігі бар ма, бар болса қандай сараптаманы тағайындау қажет?
Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?
Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы қажет ?
2 Есеп. Қоқым-соқым жиналатын жерде ақ жастыққаптыққа (наволочка) оралған жаңа туылған сәби табылған. Тергеуші ақ қаптықты қарау барысында, онда тігілген белгіні байқап қалды, бірақ қатты және көп рет жуылудың нәтижесінен ол белгі қаптықтың басқа бетінен ажыратылған жоқ.
Көрінбейтін ақ қаптықтағы белгіні жедел көру мақсатында тергеуші криминалистикалық техниканы - электронды-оптикалық көрсеткіштер мен ультрафиолеттік жарықтықты қолданды. Нәтижесінде, көрінбейтін белгі орнында бес саннан тұратын жазуды байқайды, бірақ олар қандай сандар екендігі анықталмайды.
Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?
Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?
Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы қажет ?
3 Есеп. ЖШС «Альтаир» мүлкін ұрлауға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында «Галантерея» дүкеніне жіберілген тоқымабұйымдардың саны есептік құжатта бекітілген санның мөлшерінен тым асады, ал есепте тіркелмеген бұйымдарды сатудан пайда көретін ақшалар ЖШС-ң қызметкерлері мен дүкеннің қызметкерлеріне беріледі. Ұрлау фактісін жасыру мақсатында бухгалтерия қызметкерлері құжаттарды жалған ауыстыру (подлог), яғни алғашқы рәсімделген көліктік жүк құжаттауардың аз мөлшері көрсетілген құжаттармен алмастырумен айналысқан.
Бухгалтер Нокиннің кабинетіне тінту жүргізу кезінде, қоқсық салатын шелектен майда бөлшектерге жыртылған құжаттар табылды.
Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?
Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?
Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы қажет ?
Қандай тағы да сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалады
4 Есеп. ЖШС «Строймеханизация» кассирі Е.Танибергенова ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Анықталған жетіспеушілікті азайту мақсатында кассир тергеушіге келесі құжаттарды ұсынады: К.Машановке қол хат негізінде 350 мың сомма көлеміндегі ақшаны беру туралы К.Симоненко бас бухгалтерінің бұйрығы (распоряжение), аталған сомманы алу туралы К.Машановтың қол хаты.
К.Машановтың айтуы бойынша, ол шынымен Е.Танибергеновадан аталған сомманы 2001 жылы емес, ал өткен жылы алғандығын мойындады.
Е.Танибергенованың пәтеріне тінту жүргізілген кезде, К.Машановтың атынан қойылған қол таңбасы бар төлем құжаты және Центркредитбанктің бас бухгалтерінің қол таңбасы бар таза бланкісі алынды. Төлем құжаты көк сиямен орындалған және алдын-ала қаламмен жазылған.
Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?
Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар сараптамаға жіберілуі керек ?
Бас бухгалтердің бұйрығын (распоряжение), Машановтың қол хатын, төлем құжаты мен таза бланкіні зерттеу барысында сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы қажет ?
Қандай тағы да сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалады
5 Есеп. К.Нестерук С.Козыревамен отырған шартқа қатысты Алматы қаласында орналасқан С.Козыреваның пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті. Сметаға сәйкес, жасалатын жұмыстың соммасы 1 млн. 830 мың тенгені құрайды. Козерова аталған сомманы төлеуден бас тартты, сол себептен, Нестерук сотқа талап арызын береді.
Алмалы ауданының соты аталған талапты жартылай қанағаттандырады: К.Нестеруктың пайдасына 1 млн. 080 мың тенгені өндіріп алды. Сот өзінің шешімін К.Нестеруктың сапасы төмен құрылыс материалдарын қолданғанымен негіздейді. Аталған факт куалардың жауабымен айқындалды (С.Козыреваның туысы). Бірақ, сотта К.Нестерук құрылыс материалдарын сатып алған дүкендердің чектерін ұсынды. Сонымен қатар, К.Нестерук құрғақ құрылыс құймаларын сатқан фирмамен отырған шартын ұсынады. Аталған шартта құрылыс құймаларын жасаудың тәсілі, саны, сапасы туралы мәліметтер көрсетілген. Құжаттарды қарау барысында, соммасы мен күні жазылған жердің жалған екендігіне күдік туындады.
Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?
Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар сараптамаға жіберілуі керек ?
Шарт мен чекті зерттеу кезінде сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?
6 Есеп. Джамул коммерциялық банкінің басқару төрағасы Б.Н. Нахманович өзінің кызметкерлеріне №0535 несиелік авизоны және 3 млрд. 830 млн. 400 мың сомма көлеміндегі 11.05.1992 жылы №224 бұйрықты (распоряжение) дайындау туралы тапсырма берді. Мәскеу қаласында «Столичный» банкінің жетекшісі А.Я.Смоленский №224 бұйрықты (распоряжение) есепке ала отырып, Ресей Центробанктің есеп-кассалық бөліміне авизоны жолдады.
Ресей Центробанк «Столичный» банкісінің корреспондеттік шотына 3 млрд. 830 млн. 400 мың сомма аударды.
Аталған сомма АҚШ долларына конвертацияланып, Б.Н.Нахмановичпен және А.Я.Смоленскимен өз қалаулары бойынша пайдаланылған.
Джамул коммерциялық банкінің ақшалай қаражатын ұрлауға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеуші, Джамул коммерциялық банкінің құжаттарын алып, «Столичный» банкіге сұрау жібереді, Ресей Центробанкісі алынған құжаттарға қатысты зерттеу үшін үлгілерді сараптамаға жіберді.
Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?
Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар сараптамаға жіберілуі керек
Нұсқау (распоряжение) мен авизоны зерттеу үшін сараптаманың алдына қандай сұрақтар жіберіледі ?
Қандай тағы да сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалады
7 Есеп. Сәуір айында 199... Лондон қаласының белгілі бір коммерциялық банкіге Қазақстан Республикасының екі азаматы П.мен К. жолданды. Олар ҚР Ұлттық банкісінің кепілдік хатын ұсына отырып, оларға 1,2 млрд. фунт көлемінде несие беруін сұрады. Бірақ, аталған алаяқтық әрекет бірнеше себептер мен мән-жайларға қатысты орын алған жоқ. Факс арқылы ҚР Ұлттық банкінен азаматтар П.мен К. жіберілген растауды қылмыстың қатысушысына емес, ал басқа лауазымды тұлғаға түсті. Нәтижесінде, қылмыскерлер ұсталынып, кепілдік хат алынды. П.мен К. пәтеріне тінту жүргізгенде, гербтік мөр мен Ұлттық Банктің реквизиттері бар таза бланкілер табылды. Ұлттық Банктің қызметкерлері мен сезіктілерден жауап алынған кезде, алаяқтық әрекеттердің орын алуына лауазымды тұлғалардың немқұрайлығы себеп болды. Аталған немқұрайлық лауазымды тұлғалардың ҚР Ұлттық банкінің қатаң есептегі бланкілер мен гербтік мөрлердің жойылуына бақылау жүргізілмеуінде жатыр.
Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?
Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар мен материалдар сараптамаға жіберілуі керек
ҚР Ұлттық банктің кепілдік хаты мен таза бланкілерді және гербтік мөрлерді зерттеу үшін сараптаманың алдына қандай сұрақтар жіберіледі ?
Қандай тағы да сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалады
8 Есеп. Алматы қаласының белгілі бір базарында сатып алған тауары үшін 10000 тенге купюрасынтөлеу барысында азамат К. ұсталынды. Азамат К. ұстау кезінде, алынған 5 купюрасы номиналы10000 тенге түсті принтер арқылы басылғандығы сараптама арқылы анықталды. К. пәтеріне тінту жүргізген кезде, ешқандай техникалық құралдар мен матералдар табылмады. Азамат К. айтуынша, купюраларды ол өзі тауып алып, қолданбақшы болды. Жедел-іздестіру шаралары арқылы сезікті К. студенттермен байланысы бар екендігі анықталды. Тінту кезінде, К. таныстарының пәтерінен компьютер, түсті принтер, қағаздар, дайын 10000 номиналы бар купюралар табылды.
Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?
Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар мен материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?
Тінту кезінде алынған купюраларды және құралдар мен материалдарды зерттеу кезінде сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?
9 Есеп. Азамат К. Кобаев АҚ «БАК»-ке қатысты сотқа талап арызымен жолданды. Талапкер, оның тұрғын үйді салуға қатысты құрылыстағы үлестік қатысушы ретіндегі шартты 20 сәуір 2006 жылы емес, ал 20 сәуір 2007 жылы жасалғандығын мәлімдеді. Осыған қатысты, сараптаманы тағайындау туралы сотқа талап арызбен жолданды.
Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?
Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар мен материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?
Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?