Сот сараптамасы бойынша есептер



бет4/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

Есептер.
Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қолжазбатану сараптамасын тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет, қандай қосымша материалдар мен ақпараттар керек, кешенді сараптама жүргізу қажет па және қандай сарапшылардың қатысуымен берілген сұрақтар шешіледі.


1 Есеп.
Азамат Ахметова тұратын Брусиловский 6 мекен-жайындағы пәтерге ұрлық жасалды. Ұрлық кезінде 25 млн. тенге көлемінде материалдық құндылықтар ұрланды. Тергеу барысында, ұрлықты бір топ адамдар жасағандығы: ТезекбаевА.,Чупиев К., Арбатов М., анықталды. Қылмыс бойынша жетектеуші (наводчица) Шаяхметова А., болған. Шаяхметова А., А. Ахметованың пәтерінде қонақта болған және А. Тезекбаевтың туысы болып келеді. А. Тезекбаевтың пәтеріне тінту жүргізген кезде «Брусиловский көшесі 6 үй) деген қолхат табылды.

  1. Қандай сараптама және қандай сұрақтарды шешу үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар сараптаманың алдына қоюлуы керек?

  3. Қандай тергеу әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін еркін үлгілер алынады ?

  4. Субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін салыстырмалы үлгілердің алу тәртібі қандай ?

  5. Қандай үлгілер болмаса сараптама жүргізілмейді ?



2 Есеп.
Азаматша Лобанова Ф. өзінің пәтерінде дарға асылу күйінде табылды. Мәіттің қасында көк сиямен жазылған қолхат табылды, оның мазмұны мынадай: «Менің өлімімде ешкімді ...». Оқиға болған жерді қарау кезінде, ешқандай жазу құралдары табылған жоқ.

  1. Қандай сарапатама және қандай болжауларды тексеру үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Аталған жағдайға қатысты сараптама тағайындау барысында қандай материалдар сарапшыға жіберілуі керек ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қоюлуы қажет ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет