Өрт-техникалық сараптамасын тағайындаудың негізгі жағдайларының теориясы мен тәжірибесін түсіну мен бекіту.
Өрт-техникалық сараптамасының көмегімен мән-жайларды анықтауға қатысты, болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын анализдеуге қатысты дағдыларды меңгеру.
Өрт-техникалық сараптамасын тағайындау кезінде, қаулылар мен ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.
Өрт-техникалық сараптамасын тағайындауға материалдарды жіберу үшін оларды дайындау дағдысын меңгеру (азаматтық және қылмыстық істер).
Сабақтың жоспары:
өрт-техникалық сарапшының нәтижелерінің нысанына және өрт-техникалық сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
өрт-техникалық сараптамасын. тағайындау мен материалдарды дайындаудың теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
өрт-техникалық сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен танысу, олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау (5-10 сарапшы қорытындысынан кем емес).
өрт-техникалық сараптамасын тағайындаудың тәжірибелік және процесуалды сұрақтарын талқылау.
тапсырмаларды жазбаша орындау – қаулы толтыру (5-15 есептен кем емес).
Бақылау сұрақтары: өрт-техникалық сараптамасы қандай объектілерді зерттейді;
өрт-техникалық сараптамасының қандай түрлері бар;
өрт-техникалық сараптамасының, оның ішінде көліктің техникалық жағдайын анықтаудың мүмкіндіктері қандай;
өрттің ошағы мен өрттің таралуын зерттейтін сараптаманың мүмкіндіктері қандай;
қыздырғыш приборлар мен электротехникалық, от жағу құралдарды зерттеу кезінде қандай сұрақтар сараптаманың алдына қойылады;
өрт орнының материалды жағдайын және материалдардың жаңуына қатысты зерттеу кезінде қандай сұрақтар қойылады;
жанар-жағармай материалдарын зерттеу кезінде сараптаманың алдына қандай сұрақтар қоямыз;