Сот сараптамасы бойынша есептер


ревизияның, аудиттің экономикалық сараптамадан ерекшелігі неде



бет38/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

ревизияның, аудиттің экономикалық сараптамадан ерекшелігі неде;

  • сот-бухгалтерлік, сот-экономикалық сараптаманың алдына қандай сұрақтар қоюға болады;

  • сарапшының алдына қандай материалдар жіберіледі; бар ма айырмашылығы

  • неге қаржы-экономикадық сараптаманы жүргізбестен бұрын, аудит немесе ревизия тағайындалады

  • сараптаманы тағайындамастан бұрын, тергеуші бухгалтерлік құжаттарға немесе өзгеде құжаттарға қарау жүргізе ала ма

        1. қандай сараптаманы жүргізбестен бұрын, аудит немесе ревизия міндетті түрде тағайындалады

        2. сарапшы сараптама жүргізуден қандай жағдайларда бас тарта ала ма;

        3. сарапшыға қандай мәліметтерді және кім туралы хабарлау қажет;

        4. сарапшының қорытындысының толықтығы және ғылыми негізділігі дагеніміз не;

        5. сарапшымен зерттеу жүргізілгеннен кейін қандай нәтиже берілуі мүмкін;

        6. сарпшының қандай қорытындылары дәлелдеме ретінде қолданылады;

        7. қайталама және қосымша сараптама тағайындау үшін қандай негіздер қажет.



    Есептер.
    Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қандай сараптаманы тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет.


    1 Есеп.
    ҚР бюджеттік кодексінде бюджеттік құралдардың құрылымында ерекше жағдайларда дотация көзделген. Мұндай дотациялар мемлекеттік кәсіпорындарға залалдарын өтеу мақсатында беріледі. Дотациялардың мақсаттық негізі жоқ және тегін, қайтарусыз негізде беріледі.
    Мәселен, «Ардагер» шаруашылық қожалығының негізін қалаушы және төрағағасы, ауылшаруашылық мақсатына жоғары сапалы семьяндарды алу үшін, бюджеттік дотациядан қаражат алды. Ол Қарасай акиматына аталған дотацияны алу мақсатында жалған (фальсификацияланған) құжаттарды тапсырды. Шын мәнінде, семьяндар сатылып алынған жоқ, ал «Ардагер» кәсіпорнының банктік шотына түскен ақшалар шаруашылықтың өзге де басқару мұқтаждарына жіберілді.

        1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

        2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

        3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



    2 Есеп.
    5 ақпанда 2008 ж. Ақсу ауыруханасының өкілдері аудандық прокуратураға, бас дәрігер болған Ф.Г.Галкинге қатсыты қылмыстық істі қозғауға қатысты жолданды. Ф.Г.Галкин 3 қаңтар 2001 жылдан 31 желтоқсан 2007 жылға дейін бас дәрігер лауазымында бола тұра ауыруханаға (ВАЗ-21213 маркілі 2 жеңіл көлік, жиһаз т.с.с.) 12682134 тенге көлемінде материалдық жетіспеушілік жасады. Материалдық жетіспеушілік ауырухананың қаржы-шаруашылық қызметімен ревизия жүргізу барысында анықталды. Ф.Г.Галкинен жауап алу кезінде, оның айтуынша, бір көлік жол-көлік апатының нәтижесінде зақымданып және жөңдеуге жарамсыз болды, кейін, осыған байланысты көлікті есептен шығару актісі (акт списании) жасалды. Жиһаздың жартысы (362544 тенге) – стол, орындық, диван қоймада сақталып 2005 ж. 14 сәуірде су тасқынына байланысты жарамсыз күйіне келіп, оны алып тастау актісі жасалды. Барлық аталған құжаттар ревизорға ұсынылды. Дәрі-дәрмектерге қатысты, 268456 тенге көлімінда материалдық жетіспеушілік болды, мұны Ф.Г.Галкин түсіндіре алмады. Аталған дәрі-дәрмектер аға медбикемен беріледі.
    Жұмыстан шығып кеткен медбике А.Фремд жауап алу кезінде, барлық қымбат дәрі-дәрмектер бас дәрігердің туысының дәріханасында сатылғандығын айқындады.

        1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

        2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

        3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



    3 Есеп.
    Алматы қалысының қаржы полициясына ЖШС «К..И..» басшылығына қатысты ұжымдық арыз берілді. Арыздың мазмұны келесіде: ЖШС «К..И..» басшылығы үлесшілердің қаражатына Гагарина Бабаева қиылысында тұрғын үй салу туралы шартқа отырады. Шартқа сәйкес, ЖШС «К..И..» басшылығы 20.09.2006 ж. 31.05.2007 ж. дейін 965235457 тенге көлемінде құрылысты аяқтауды шарт етті. Әлі күнге дейін, құрылыс жұмыстары басталған жоқ. ЖШС «К..И..» қаланың акиматымен 13.02.2006 ж. жер учаскесін игеру және сол жердегі құрылыстарды құлату (снос) туралы шарты бар.
    28.07.2008 ж. үлесшілермен тағайындалған аудиторлық тексеріс 116142851 тенге көлемінде мақсатсыз қаражат жұмсалғандығын анықтады.

        1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

        2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

        3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



    4 Есеп.
    «Көмек» қоғамдық қоры сотқа қалалық Прокуратура мен Алмалы аудының Салық комитетіне қарсы талап арызын жолдады. Арыздың мазмұны аталған органдардың 36872349 тенге көлемін құрайтын айыппұлын заңсыз деп санау туралы мәселесіне бағытталған. Талапкердің өкілдері 14.09,199. ж жүргізілген құжаттардың тексеру кезінде, қордың жеке тұлғаларынан кіріс салықтары (подоходный налог) дұрыс есептелген жоқтығын, сол сияқты 1.01. ден 31.05.19.. ж. мерзіміндегі резидент емес кірістері (3771880 тенге) негізсіз анықталғандығын және осы мерзім ішінде тұлғалардың марапаттау төлемі және оның мөлшері дұрыс анықталмағандығын айқындады.
    Ал Прокуратура мен Алмалы аудының Салық комитеті болса, құжаттарды тексеру дұрыс жүргізілгендігін мәлімдеді.

        1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

        2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

        3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



    4 Есеп.
    Тергеу кезінде, СБ-ның материалдары іске тіркелді, Еліс ауданымен салық тексеруінің нәтижесінде, №498 акт алынды, оның мазмұны ЖШС «К..И..» 24.03.2006 ж. 19.06.2008 ж. дейін корпаративті кіріс салығын 14734808 тенге көлемінде қосып төлетуді мәжбүр етуінде.
    Осыған қатысты, сот-экономикалық сараптама тағайындалды және келесі сұрақтар қойылды: 24.03.2006 ж. 19.06.2008 ж. дейін корпоративті кіріс салығының мөлшері қандай ?
    Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулымен айыпталушы танысу кезінде, сарапшылардың алдына келесі сұрақтарды қоюды өтініш етті, олар:

    • шығыс соммасын жылдық кіріс жиынтығымен алып тастаудың есептеу әдісі қандай және қандай нормалармен қолданылған әдіс реттеледі ?

    • инвестициялық қызметпен айналысатын заңды тұлғаларға қатысты қолданылған әдіс пайдаланылады ма ?

    • 14596000 тенге мөлшеріндегі жобалық жұмыстарға қатысты шығыс соммасын алып тастау заңды және негізді ма ?

    • 10003863 тенге мөлшеріндегі ЖШС қызметкерлердің Дубайға, Лондонға, Өрімшіге, Минералды водыға сапарлауына қатысты шығыс соммасын алып тастау заңды және негізді ма ?

    • ЖШС сапарлық шығыстарына қатысты нормативтерді сақтамау орын алады ма ?

    Тергеуші өтінішті қанағаттандырды.

          1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

          2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

          3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет