Сот сараптамасы бойынша есептер



бет36/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

Есептер.
Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қандай сараптаманы тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет, қандай қосымша материалдар мен ақпараттар керек, кешенді сараптама жүргізу қажет па және қандай сарапшылардың қатысуымен берілген сұрақтар шешіледі.


1 Есеп.
31 қазан 20.. ж. түнде Макатаева көшесінде орналасқан «Сахарный центр» 3 қабатты құрылыс жаңып, екі күзетші қаза тапты. Өрт құрылыс жайдың ішкі бөлмелерін жаңдырып жойды. Құрылыс жай 1948 ж салынған, қабаттары қамыс-каркастан жасалған. Оқиға болған жерді қарау кезінде, өрттің пайда болуы екі ошақтан шықты. Олар терезенің қарама қарсы жағында орналасқан, сол жерде жанар-жағармай заттарының арнайыі иістері бар маталардың жаңған қалдықтарын табылды және құрылыс жайдың сыртында терзенің қарама қарсысында әйнектер шашылып жатты.
Тергеу кезінде, сол мекемеде жұмыс жасаған, содан кейін теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерге күдік келтірілді. Күдік келтірген тұлғаның үйіне тінту жүргізгенде, жанар-жағармай заттары мен арнайы иісі, сұықтығы бар канистра табылды.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



2 Есеп.
Түнде 23 сағ. 2 шілде 20..ж. Наурызбай-батыр мен Жибек-жолы көшелерінің қиылысында 2 қабатты құрылыс жайдың 1 қабатында нан пісіретін нанханада өрттің ошағы пайда болған. Өртпен нанхана, қоймалық жер және сауда үйінің жартысы жаңып жойылған.
Оқиға болған жерді қарау кезінде, өрттің қатты жаңған жері нанхана болғандығы анықталды.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



3 Есеп.
Тимирязева 43 көшесінде орналасқан кулинария дүкенінде жарылыс және өрт болды. Таңертен кулинарияның ас бөлмесінің жұмыскері бәліш мен қуырмаш дайындағаннан кейін вентиляцияны қосты, вентиляциялық трубалардың шығысында жарылыс болып, ас бөлменің және дүкеннің барлық заттары жаңып кетті. Ас бөлменің жұмыскерлері әр түрлі дәрежедегі термикалық жаңудың жарақаттарын алды. Дүкеннің сыртында вентиляциялық трубалардың шығысының қасында балқытып біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатты.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



4 Есеп.
24.10.20.. ж. 2 сағ. шамасында «Фольксваген-Пассат» м/н А123 NMM Гагарин көшесінің бойымен келе жатып, 124 үйдің қарама қарсысында көлікті басқара алмай, көшенің шығыс бағытында үш талды қағып-соқты. Нәтижесінде, көлік жанып, артта отырған жолаушы Н.Крыловтың денсаулығына ауыр зардап келтірілген және сол жерде қайтыс болды.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



5 Есеп.
1.01.20.. 2.01.20.. түніне қарай ЖШС «Аква-Сервис» жалға алынған жайында өрт болды. Өртпен ұйымның заттары өртеніп кетті, оның ішінде: компьютер, принтер, сканер т.с.с.

      1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

      2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

      3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



6 Есеп.
Таңға жақын, 9 қабаттық үйдің тұрғындары жаңудың иісін сезіп, баспалдақ орналасқан жерге шықты (подъезд). Олар түтіннің техникалық қабаты арқылы төмен жаққа бара жатқаның көреді. Өрт дер кезінде тоқтатылып, үй тұрғындарына ешқандай материалды залал келтірген жоқ, бірақ, техникалық қабатта орналсқан коммуникациялық құрал-жабдықтарды жаңдырып жіберді.

      1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

      2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

      3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



7 Есеп.
10.07.2010 ж. 04.00 уақытында 04.10.1988 ж. туылған Елемесов Т.А. азаматы Гоголь мен Бузурбаев көшелерінің қиылысында орналасқан объектіде Р.Н.Зарипов 22.09.1988 ж. туылған және 1988 ж. туылған С.В.Косиковты қасақана өртеді. Алынған жарақаттардан Р.Н.Зарипов 22.09.1988 ж. туылған және 1988 ж. туылған С.В.Косиков Алматы қаласының №4 ҚКА реанимациясында қайтыс болды.
Тергеу кезінде сезікті Т.А. Елемесовтің пәтеріне тінту жүргізгенде, «Сары-Ағаш» деген пластмасалық 1,5 литрлік бөтелке табылды. Оның ішінде 200 гр. сары түсті және бензиннің иісіне ұқсас иісі бар сұйықтық табылды және оқиға болған жерді қарау кезінде, жаңған киімдердің үлгілері алынды.

    1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

    2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

    3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет