Есептер. Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қандай сараптаманы тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет.
1 Есеп. Азаматша М.Шилова «Гуляйна» сұлулық салонынан материалды залалды өтеу туралы сотқа талап арызын берді. Өзінің талап арызында, келесі мән-жайларды көрсетеді: аталған салонға өзінің танысының ұсынысымен келді, мұнда оның бетін тазалау процедурасы жүргізілді және осының барысында оған Dr.TAYLOR Ltd.England технологиясымен дайындалған «Evelin cosmetics» фирмасымен жасалған әжімге қарсы бетке арналған майды (крем) сатып алуды ұсынды. Аталған майды сатып алғаннан кейін, оны бетке жақаннан кейін М.Шилованың денесінде аллергиялық реакция басталып, ауырханаға түседі. Егер дәрігерлер көмек көрсетпегенде, ол анафилактикалық шоққа ұшырас еді. Сатып алған бетке арналған май сыртының қорабын, танысы Мәскеуден сатып алған, дәл сондай май қорабымен салыстырған, олардың арасында айырмашылық бар және бетке арналған майлардың түстері әр түрлі болып келеді. Осыған байланысты, «Гуляйна» сұлулық салоны сапасыз астыртынөнімді сатумен айналысады. Талапкер, сотқа салоннан сатып алынған май қорабын ұсынды.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?
Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?
2 Есеп. «Тұтынушыларды қорғау» бірлестігінің өкілі сотқа талап арызымен жолданды. Аталған талап арызында, өкіл оларға «Медок» дүкенінен бал сатып алған сатып алушы арызбен келгендігін және аталған дүкеннен сатып алынған бал қанттан жасалған, сапасыз екендігін айқындайды.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?