Сот сараптамасы бойынша есептер



бет40/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

Бақылау сұрақтары:

      1. сот-тауарлық сараптамасы қандай объектілерді зерттейді;

      2. сот-тауарлық сараптамасының қандай түрлері бар;

      3. сот-тауарлық сараптама қандай категориялы істер бойынша тағайындалады;

      4. іске қатысты мән-жайларды сарапшының емес, ал маманның көмегімен шешуге бола ма;

      5. маманның зерттеуі сарапшының қорытындысынан несімен ерекшеленеді;

      6. сот-тауарлық сараптама тағайындау кезінде сарапшының алдына қандай сұрақтар қоюға болады;

      7. сот-тауарлық сараптамаға жіберілетін материалдар;

      8. қандай сараптаманы жүргізбестен бұрын, аудит немесе ревизия міндетті түрде тағайындалады

      9. сараптаманы тағайындамастан бұрын, тергеуші тауарды, бухгалтерлік және өзге де құжаттарға қарау жүргізе ала ма;

      10. сарапшы сараптама жүргізуден қандай жағдайларда бас тарта ала ма;

      11. сарапшыға қандай мәліметтерді және кім туралы хабарлау қажет;

      12. сарапшының қорытындысының толықтығы және ғылыми негізділігі дагеніміз не;

      13. сарапшымен зерттеу жүргізілгеннен кейін қандай нәтиже берілуі мүмкін;

      14. сарпшының қандай қорытындылары дәлелдеме ретінде қолданылады;

      15. қайталама және қосымша сараптама тағайындау үшін қандай негіздер қажет.



Есептер.
Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қандай сараптаманы тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет.


1 Есеп.
ЖК И.М.Алимбаев мен ЖШС «Строй-Инвест» арасында шарт жасалды. Шарттың мазмұнына сәйкес, ЖШС «Строй-Инвест» И.М.Алимбаевқа SHAANXI SX-3251 JS 384 (MAN F 2000), дөңгелегінің резенкісі EURO Standartпен қапталған үш самосвал алып келуге міндеттенді. Бірақ, аталған фирма самосвалға арналмаған өзге шиналары бар самосвалдарды алып келді. Жоғарыдағы фактілерге қатысты, ЖК И.М.Алимбаев сотқа талап арызымен жолданды.

      1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

      2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

      3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



2 Есеп.
М.Капустин мен С.Бижанов азамат С.Серовайскидің пәтерінде құнды заттар бар екендігін білгеннен кейін, оның пәтеріне ұрлық жасамақшы болды. Үйдің төбесі арқылы ашық терезенің көмегімен пәтерге кіріп, 7000 доллар соммасы мен зергерлік бұйымдарды (гауһар тасы бар жүзік, гауһар тасы бар сырға, гауһар тасы бар 5 сақина және 3 алтын алқаны) ұрлап кетті. Сезіктілер ұсталған соң, олардан зергерлік бұйымдар тінтілді, бірақ жәбірленушінің айтуынша, гауһар тастар жай әйнек шыныларына ауыстырылды.

    1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

    2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

    3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



3 Есеп.
С.Амиржанова С.Жанболатовпен некені және ортақ мүлікті бөлу туралы сотқа талап арызымен жолданды. Бірлесіп өмір сүру кезінде олармен келесі мүліктер сатып алынды:
- Гагарина көшесі, 49, 418 пәтер бойынша тұрғын үй сатып алынды, оның құны 24 000 000 тенгені құрайды;
- Шагабудинова 4/25 көшесінде орналасқан 2 бөлмелі пәтер, жалпы құны 7 200 000 тенгені құрайды;
- «Мазда-626» маркілі көлік, мемлекеттік нөмері А266 ХРР, 1991 ж., жалпы құны 257 500 тенгені құрайды.
Жауапкер, жоғарда аталған мүліктермен қатар, Мирзояна 43/7 көшесінде орналасқан пәтердіде санауды талап етті.

      1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

      2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

      3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет