Совет–Хан Єаббасов


Емшектің Бірінші – танакөздің булығуы – сүті мол омырауларда танакөзі



бет129/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   294
Емшектің Бірінші – танакөздің булығуы – сүті мол омырауларда
танакөзі жиі кездеседі. Танакөзді сүт керіп тырситқанынан анаға
булықса бәлендей ыңғайсыздық тумайды, текемгенденәрестенің аузына сыймағандықтан, ол емшектің ұшын ғана алып таңдайымен қажалап тастауы ықтимал. Сондықтан, мұндайда анасы сәл сауып жіберсе болды. Бұндай жағдай әркез бола бермейді, егер бола қалса, тек алғашқы аптаның соңына таман пайда болып, 2-3 күннен кейін тез қайтып та үлгереді.
Екінші себеп – омыраудың екеуі де немесе бір жағы ғана тұтастай булыға көбеңсуінен, анаға бірден жайсыз әсер етеді. Тіпті аздап қызуы да көтерілуі мүмкін. Бірақ, күйгелектенбей сабыр сақтаған жөн. Мұның да басты себебі сол, омырауға сүттің мол жиылуынан болатындықтан, асықпай-саспай жайғаса отырып сылап-сипағаннан кейін, омырауды сауып босатқан дұрыс. Босаған омыраудың мазалауы одан әрі жалғаса берсе, дереу дәрігерге көрінуді кешеуілдетуге болмайды.
Үшінші себеп – осы жоғарыда айтылған екі жағдайды да ескермеудің салдарынан, омырауды қабынуға дейін асқынтып алудың арты көп қиыншылықтарға ұшыратады. Тіпті, хирургиялық операция жасауға да мәжбүр етеді. Бұл жағдай анаға да балаға да, аса ауыр азаптарға душар етеді. Сондықтан мұның алдын алу арқылы болдырмаған жөн. Пәрменді түрде икемділік жасалса, омырау тез қайтып орнына келеді. Бұл арада есте болатын бір жағдай, баланың дұрыс емуіне және үнемі қақтап емуіне мүмкіншіліктер жасау болып табылады. Жас босанған аналардың балаға да, омырауға да өте сақ болуы ең басты жауапкершілік.
Нәресте кезеңінде баланың – Жан тәрбиесі мен
Омырауды Тән тәрбиесі – негізінен емізу мен жуындыру сәттерінде
сауу керек па? жүргізіледі. Нәрестенің жатар орны – Б е с і к, қорек көзі – О м ы р а у – екеуі де тәрбие-тәсілдерінің табан тиер таяныштары болып табылады. Сондықтан, бұл екеуінің дұрыстығы мен жайлылығына, тіпті ана мен баланың денсаулықтары да тікелей байланысты болмақ. Кейде емшекті күту мәселесі, бала тәрбиесіне қатысы қанша? – дейтіндер де жетіп жатыр. Ондай жандарға барлығы да ұсақ-түйек сияқтанып көрінеді. – Жоқ! Ұрпақ тәрбиесінде ұсақ-түйектің болуы мүмкін емес! – демекпіз. Ендеше, жас ана үшін омырауын күте білу – үлкен өнер?! Кейде нәресте омырау сүтін сарқа тауыса алмаса, онда омырауды міндетті түрде сауып отыруға тура келеді. Қолмен сауу нәтижелі болмаса, арнайы жасалынған аппартын пайдалану қажет. Омыраудың көпшілік дерттері, осы ішінде қалған сүттің бұзылуынан болатыны белгілі.
Екінші бір жағдай, ана тікелей нәрестесіне омырау беруге болмайтын сәттерде де, оның сүтін сауып пайдалануды естен шығармаған жөн. Сондықтан омыруды сауудың әдістерін, балалар босанатын үйден үйреніп шыққан өте орынды дер едік. Сауар алдында әуелі құяр ыдысты дайындап алу шарт. Өйткені, дұрыс тазаланып дайындалмаған ыдыстағы сүт тез бұзылатындықтан, оны ішудің өзі де қауіпті.
Мінеки, нәресте кезеңінің өзіне тән тәрбие әдістерінде сақтануға тұрарлық сәттер көп. Әсіресе, осындай ұсақ-түйектерді ескермеуден азап шегушілер, қазіргі кезде тіпті көбейіп барады. Соның ішінде баланы дұрыс тамақтандыра білмеудің орны ерекше бөлек. Оны әскерге шақырылатын жастарымыздың жәй-күйінен анық аңғару қиын емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет