Совет–Хан Єаббасов


§7. ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҮШІНШІ НЕГІЗІНІҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАРЫ



бет130/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   294
§7. ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҮШІНШІ НЕГІЗІНІҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАРЫ


«Құпия сырлары бар құбылыстарды – ғажап
екен дей салуға тіпті де болмайды»
Гете.


À) БЕСІКТІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ


«Б е с і к – адам баласы игерген игіліктердің ішіндегі – ең парасаттысы.»
Ұждан.


БЕСІК – үй шаруасында пайдаланатын заттардың ешқайсысымен де салыстыруға болмайтын мүлік. Тіпті, оның өзіне тән қасиеттерін терең талдап дәлелдей алсақ, бүкіл адамзаттық игілікке айналары қақ. Сондықтан, бесікті ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан Орта Азия мен Кавказ және Таяу Шығыс пен Түркі елдерінің өмір тәжірибелерін жан-жақты қамтып, үндестіре зерттеудің мәні зор болар еді. Сонымен қоса, жер бетіндегі елдердің х а л ы қ п е д а г о г и к а л а р ы н да, ғылыми негіздерде жүйелеудің берері мол болмақ. Әсіресе, жарты әлемді алып жатқан Т ү р к і е л д е р і н і ң этногенезі мен халық педагогикаларында әлі сырлары ашылмаған жұмбақтары мен өзгеге ұқсамайтын толып жатқан ерекшеліктері көп-ақ. Сонау, Шумерлер мен Америкалық индеецтердің және Көне Түркілердің арасындағы байланыстарды да, олардың тілдеріндегі ұқсастықтар мен халықтық тағылымдарындағы үндестіктерді ашуға, оны б е с і к т і пайдалану тәсілдерін зерттеу арқылы да көп жағдайлардың сырлары ашылар еді. Өйткені, Б е -с і к – ең көне игіліктердің бірі болып табылады.
Жаңа туған б а л а мен жас босанған а н а үшін, бесіктің атқаратын биологиялық және физиологиялық қызметтерінің теңдесі жоқ. Тіпті, оның арнайы зерттеулерді қажет ететін – кейбір ө м і р ш е ң қасиеттерін – басқа ешнәрсемен салыстыруға келмейді. Себебі: - бұл қасиеттер – тек б е с і к к е ғана тән?!
Енді міне өз билігіміз өз қолымызға тиіп, мемлекетімізді бүкіл әлем танып отырған сәтте, халқымыздың ықылым замандардан жинақтаған р у х а н и келбеті мен з а т т ы қ и г і л і к т е р і н даралай жіктеп, бүгінге дейін құр сүлдері қалғандарын қайыра жандандырып, тіпті күнделікті тіршілігімізден ұмыт қалғандарын түгендейтін де жағдай туған тәрізді. Бұрынғы бодандықпен бойымызға сіңген жалтақтауды да, құлдық психологиясымен мүлгіген бойкүйездікті де, уақыт көтермеумен бірге тіпті кешіре де алмайды. Мемлекет және Халық болып бірлесе қолға алатын, екі түрлі и г і л і г і м і з бар. Біріншісі – Ана тілі - десек, Екіншісі – Ұрпақ тәрбиесі – болып табылады. Міне, осынау – Ел болудың қос босағасы түзу болғанда ғана – Х а л ы қ т ы ғ ы м ы з бен Ұ л т т ы ғ ы м ы з өзінің дұрыс өрісін таппақ. Бірақ бұл екі қ а с и е т – тек қарадүрсін ү г і т – н а с и х а т – у а ғ ы з арқылы жасалынуы мүмкін емес. Олардың, яғни Ана тілі мен Ұрпақ тәрбиесінің – т е р б е л е т і н тал бесігі – туған еліміздің Халық педагогикасы мен Психологиясының негіздері болып табылады. Жалпы адам тәрбиесінің тетіктері мен тәсілдері осы ілімдер арқылы жүргізілуін, әлі күнге дейін халық күтуде екенін жоғарыда жүйелі түрде сөз еттік. Мынау тереңдей талдап айтпақ болып отырған – Бесіктің тәрбиелік мәні де– сол халық тағылымдарының құдыретін көрсетпек.
Әйтсе де, жаңа құрылып жатқан жас мемлекетке э к о н о м и к а л ы қ қиыншылықтары жетіп артылғанымен, бәрібір а д а м т ә р б и е с і н қалдыруға еш болмайды. Себебі, а д а м ф а к т о р ы н а мән бермеген қоғам, тіршіліктің ө з е к т і мәселелерін де дұрыс шешіп алуы мүмкін емес. Ал адам тәрбиесін дұрыс шешудің қайнар көзі – Халақ педагогикасы мен психологиясының негіздерінде екені - ағартушылық жолында еңбек етушілердің бәріне де аян. Мұның мысалын, халқының тәрбиесін ежелгі дәстүр-салттарымен дамытып отырған Жапон мен Қытай елдерінің өркеніне үңілсек те, немесе халықтық тағылымдарының негіздері бұзылмаған – Вьетнам алты-ақ айдың ішінде нарық қиыншылықтарын тез игеріп алғанына көңіл аударған жөн. Өйткені, адамзаттың барлығына ортақ – ғылыми технология – халқының психологиясын ескере отырып, ел басқаруды дұрыс ұйымдастыра білген мемлекеттерге игі әсер етіп, экономикасының негізгі түйіндерін тез шешіп алуына көмектесері қақ. Олай болса, дайын т е х н о л о г и я н ы әкелудің қиындығы жоқ екен?! Ал, жоғарыда айтылған ең басты мәселе – адам тәрбиесі – тек р у х а н и дамуымен байланысты екенін ескерсек, қандай х а л ы қ болмасын өзінің р у х а н и ө р к е н д е р і н өздері ғана жасайтындығы, адамзат қауымының өткен - өмір тәжірбиелерінен - анық аңғаруға болады. Былайша айтқанда, ешкімнің – р у х а н и б а й л ы қ т а р ы н – сырттан келіп ешкім де жасап бермейді екен. Сондықтан да, екі түрлі ең негізгі р у х а н и игіліктеріміз – ана тілі мен халық педагогикасы – бүгінгі тіршіліктерімізде де, тіпті онан бетер болашақ ұ р п а қ тәрбиесіндегі орны ештемемен теңдестіруге келмейтін алабөтен бөлек. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіндегі ең негізгі қ а с и е т т і ң тірегі – б е с і к екендігіне арнайы көңіл аударып мән беруге тиістіміз.
Кешегі халқымызды м ә ң г ү р т етуге тырысқан з о б а л а ң жылдарда, ұрпағыңның ж ө р г е г і н е н бездіріп күстәнәлап қана қоймай сол б е с і к т і өз қолмен күресінге лақтыртып еді-ау?! Әзәзілдің азғыруынан алданып жұртымыз өз қасиетін өздері тепкендей болып, ұрпағымызды шырқыратып, әуресарсаң күй кешкенімізді ұмытуға бола ма? Әрине, Жоқ!! Қайта сол кезеңдерді зерделей зерттеп, ақ пен қарасын анықтап ж ү й е л е г е н жөн. Бесігінен безінген жұрт, ұрпақ т ә р б и е с і н і ң – қ ұ т ы н а н айырылғандай, аса қатты күйзелістерді бастарынан кешкені белгілі.
Бесіксіз өскен баланың тартар – азабын, жас босанған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет