Совет–Хан Єаббасов


Ә) ҮШ ПЕН АЛТЫ АЙҒА ДЕЙІН



бет137/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   294
Ә) ҮШ ПЕН АЛТЫ АЙҒА ДЕЙІН


«Жаңа туған а қ и қ а т үшін ескі адасудан қ а у і п т і еш нәрсе жоқ»
Гете.


Психика. Нәресте к е з е ң і н д е – Т ә н қуатынан Ж а н
қуатының ж е т і л у і, әлдеқайда күштірек дамиды. Бұл жағдайды, осы кезеңнің тәрбиесінде үнемі есте ұстап, сәтті пайдаланудың берері мол. Күн өткен сайын нәрестенің қ а ғ ы л е з д іг і артып, оның үніндегі дауысының бояулары көбейіп, ойындарындағы әрекеттері к ү р д е л е н е береді. Айналасындағы заттар жайындағы т а н ы м д а р ы да, айқындала түседі. Нәресте үш айлығынан бастап, әкесімен болуға ерекше мән бере бастайды. Оның төңірегінде болып жатқан құбылыстармен қарым-қатынастары нақтыланып, бұдан былай көбінесе мақсатты қимылдар жасауға ұмтылады. Анасы бұрынғыдай емес, нәрестесімен кәдімгідей-ақ сөйлесіп, оған өз ойлаған ойларын айтып, тіпті сырласатын да жағдайлары көбейе береді. Сөз – дыбыс – музыка – ырғақты әуендер - өлең оқу – тіпті т е л е д и д а р көрсету тәрізді, әр түрлі тәрбиелік әдістер де біртіндеп қосыла бастайды.
Нәресте алты айлықтарына дейін-ақ, бұрынғыдай
Әке тәрбиесі. тек ана тәрбиесінің ықпалында ғана болмайды. Енді ол
ә к е с і н і ң де, семьядағы басқа ересек жандардың барлығының да, нәресте т ә р б и е с і н д е г і қатынастары нақтылана түседі. Көбінесе ол әкесіне ұмтылып, оның алдына барғанына ерекше мақтаныш сезімдерге бөленеді. Ол осы сезімдерін басқаға білдіру үшін, қолындағы ойыншықтарын ерекше жігермен бір-біріне соғып, олардың тарсылдаған дыбыстары қатты шыққан сайын айқұлақтана айғайлап, ерен ерлік жасағандай еліте қуанып шаттанады. Осының бәрін ол әкесіне көрсеткен ө н е р і н д е й қуанады. Осыншама мол психоло-гиялық әсерлерді, әкесі де пәрменді түрде ескерумен қоса, оны сәтіне қарай тәрбие-тәсілдеріне айналдырып жіберген жөн. Міне, осы сәттерден бастап оны өз ойыншықтарын аялауға үйретіп, мейірімділікке тәрбиелеудің жолдарын батыл қарастырған дұрыс болады. Қашанда, нәресте ата-анасының ықпалымен тұшынған нәзіктікті рақымы мол мейірімділікті әркез сезінген сайын, осының әсерімен жүріс‑тұрыс әрекеттерін биязылыққа қарай бағдарлайды. Сондықтан да, нәрестенің әкесі мен шешесінің тәрбие-тәсілдері үндесіп жатса, оның сезімі мен танымының таза да нәзік болатыны анық. Әсіресе, нәресте осы кезде бесік жырына да, тіпті сөйлеген сөздің ырғағына да, терең мән бере бастайтыны белгілі. Ол анасының әуенімен тербеліп кейде үн қоса уілдеп, қатты әсерленетін сәттері де жиі ұшырасады. Бұл айларда ол 1,5-2,5 сағат сергек ойнап, көп қимылдар жасауға талпынады.
Нәресте өзінің төрт айлығында шалқасынан жатып,
Қозғалысы. қолындағы ойыншығын түсіріп алса, жамбасына аунап
түскен күйі оны алуға тырысады. Ал, б е с айлығында – шалқасына жатқан ол – қиналмай етпетіне ауысып, алты айлығында – етпетінен қайыра шалқасына оңай ауыса алады. Тіпті, алыстау жатқан ойыншығына жету үшін, алғашқы еңбектеудің де талпыныстарын жасай бастайды. Бірақ бұл шағында нәресте әлі де аяқ-қолын қалаған бағыттарына толық икемдей алмайды. Әйтсе де, ол алты айлығында құйрығын басып, қасындағы заттарға сүйеніп тұруға да ұмтыла бастайды.
Міне, осындай баланың өсу жетiстiктерiн, ата-анасы жiтi аңғарып, оның тәрбие жүйелерiне де тиiмдi өзгерiстер жасап отыруға тиiстi. Осы к е з е ң д е нәрестенiң – с ы р т қ ы және i ш к i сезiмдерi, өзара үндесе әрекет етудiң әлiппесiн үйренуге кiрiседi. Егер, мынау п ә н и жалғанға келген кез-келген нәресте өзiнiң – 1-шi және 2-шi физиологиялық кезеңдерi, яғни, ұ р ы қ т а з а л ы ғ ы мен а н а қ ұ р с а ғ ы н д а ғ ы өсу жолдары қиянатсыз дұрыс болса – оның н ә р е с т е к е з е ң i н i ң тәрбиесi тым алғыр да, аса ерекше қабiлеттiлiк байқатады. Нәресте кезеңiнен-ақ баланың ыңғайын түсiну, оның өзi ұнататын әрекеттерiн тәрбие тәсiлдерiне пайдалануды д а р а л а й баса айтқымыз келе-дi. Нәрестенiң өзiне тән индивидтiк ерекшелiгiн танудың орны бөлек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет