Совет–Хан Єаббасов


Еңбекке жарап қалады. Мәселен, үстеріндегі жеңіл-желпі баулу



бет151/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Еңбекке жарап қалады. Мәселен, үстеріндегі жеңіл-желпі
баулу. киімдерін шешуге, тамақтарын ұстап ішуге, ойыншығын
жинастыру мен қолдарын жууға жаттыға бастағандарын байқатады. Тіпті, олардың ата-аналарына көмектеспекші болған талаптары да күн санап, жаңа мазмұнмен марқая береді. Нәрестені еңбекке баулудың да толып жатқан әдістерін жай ғана қолдана салмай, міндетті түрде оның табиғатынан шығып тұрған қажеттіліктеріне орай, с ы р т қ ы және і ш к і бес сезімдерін үндестіре әсерлендіріп, жаңадан қалыптасып келе жатқан с а н а ғ а ықпал ететіндей тәсілдерді пайдалану керек. Әйтпесе, бұрынғы көшірме құралдардағы жаттанды бағдарламалар арқылы, нәрестенің ашылғалы тұрған гүлдей табиғи қажеттіліктерінің б ү р ж а р у ы н а көмектесудің орнына, қайта оның қауашағының қатып-семіп қалуына ықпал ететініміз ескі әдістемелерден белгілі.
Балбөбек музыканың әуені мен ырғағына қатты елітіп,
Сұлулыққа өзінше жасаған қимыл-қозғалыстарымен күй тербелістеріне
сүйсіну. қосылуға тырысады. Қысқа да түсінікті құрастырылған сөз
тізбектерін қайталап айтуға да талпыныс байқатады. Осы кезеңдегі бала психологиясын жақсы таныған халық педагогикасы, әлімсақтан бері қолданылып келе жатқан – санамақ – төл атаулары – тұрмыстық заттарды – санға сабақтастырылатын ұйқас ритмдерді жиі қолданған. Мысалы:


Саусақ санау ойыны.
1 11
Қуыр-қуыр қуырмаш, Бір дегенің – білеу,
Балаларға бидай шаш! Екі дегенің – егеу,
Бас бармақ! Үш дегенің – үскі.
Балалы үйрек! Төрт дегенің – төсек,
Ортан терек! Бес дегенің – бесік.
Шылдыр шүмек! Алты дегенің – асық,
Кішкене бөбек! Жеті дегенің – желке,
Сен, тұр! – қойыңа бар! Сегіз дегенің – серке,
Сен, тұр! – қозыңа бар! Тоғыз дегенің – торқа,
Сен, тұр! – жылқыңа бар! Он дегенің – оймақ,
Сен, тұр! – сиырыңа бар! Он бір қара – жұмбақ, - деп
Сен, тұр! – түйеңе бар!
саусақтарын бүге отырып сан санауды да, сонымен қоса толып жатқан тұрмыстық заттар мен мал атауларын да, ойнап отырып-ақ еш қиналмай үйреніп алады. Халық педагогикасы мен психологиясының ғасырлар бойы жасаған тәрбие тәсілдерінің көпшілігі, қарапайым сөздермен түйсіктің терең қабаттарына әсер ете алатындығымен құнды. Ол баланың ішкі қажеттілік-терін дөп басып, тез ұғынып терең үйренуіне де мүмкіншілігі мол. Осы тұжырымдардың тағы да бір айқын мысалы ретінде, қысқа-қысқа ертегілер айтудың алдында,
Ерте, ерте, ертеде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет