Совет–Хан Єаббасов



бет159/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Тәрбие сабақтары. мақсатты әрекеттер мен тәрбие тәсілдерінің саны мен
сапасы да көбейеді. Балабақшасында тәрбиеленіп жүрген бөбектерге бір аптаның ішінде, 10 шақты сабақтың түрлері арнайы жоспарланады. Оның көпшілігі ойнайтын бөлмеде жүргізілсе, біразы далаға шыққан кездерінде ұйымдастырылады. Әрбір сабақ мөлшермен 10-15 минуттан ұзақ болмағаны жөн. Барлық тәрбие сабақтарының мақсаты біреу-ақ, ол – баланың байқағыштықтарын жетілдіріп, ішкі және сыртқы сезімдері мен ойлану қабылеттерін ашуды көздейді. Мысалы:
■ байқаған құбылыстарынан және қолындағы заттарының қажеттігін түсіну;
■ айналасындағы кеңістік пен уақытты бағдарлау;
■ өрнек салу мен өзінше жаңа форма құрастыру қабылеттері;
■ тәрбие сабақтарынан үйренгендерін қайталау.
■ өз тобындағы балалармен қарым-қатынастары;
■ өзара мейірімділік көзқарастарын жетілдіру.
Міне, осы айтылғандардың барлығы да күнделікті тәрбие сабақтарынан орын алуымен қоса, белгілі бір уақыт өткеннен кейін, оның берген әсерлерін де қадағалай жетілдіріп отыру шарт. Сонда ғана олардың зердесі мен зейіні тереңдей түскенін көреміз. Кейде балалардың іс-әрекеттері мен мінездерінен қызық жағдайларды жиі байқауға болады. Мәселен, жас бала бір нәрсені ойлай отырып, өзінің не істеп отырғанын аңғармауы мүмкін бе? Біздер Мүмкін! – деп міндетті түрде жауап береміз. Тіпті, мұндай сәттер ересек адамдарда да жиі байқалатыны белгілі. Бұл тәрізді санада қортылып шектелмеген, басқаша айтқанда мидың аңдаусыз да пайымсыз сәттерінде де, өзіне тән жұмбақ сырлары бар. Сонда, бұл не? Сірә, адамның ойлау жүйесі екі түрлі дәрежеде болуы әбден ықтимал?! Мәселен, біріншісі – п а й ы м д ы ой! Бұл сәтте адам, ойлап отырған ойының д ә й е к т і л і г і мен д ұ р ы с т ы ғ ы н анық байқай алады. Ал жоғарыда айтылғандай мидың а ң д а у с ы з сәтіндегі – құбылыстың мәні басқаша сипат танытады. Қарапайым түсінікпен айтқанда, бұл – ойлану жүйесінің – екінші бір көрінісі болып табылады. Мұнда жас бала түгіл үлкендердің өздері де, пайымдау мен ойлануды бақылаусыз қалдырып алады екен Осындай сәттерде ойда жоқ бір нәрселердің еске оралуы, оны терең талдап жатпай іске асыру мақсатымен, дереу қимылға кірісіп кететін кездер де болады. Бірақ осы шешімдер ми қабаттарында бұрын да неше дүркін електен өткендігі сезіледі. Мидың осындай тосын шешімдері, адам ойына бейне аңдаусыз келген сияқтанып байқалады. Мұндай құбылыстар жас балаларда тіпті жиірек ұшырасады. Оны ғылыми түсініктерге сүйеніп айтсақ, балаға тұқым қуалау арқылы берілетін, ата-баба зердесімен сабақтастырылады. Осындай құбылыстарды сәтті пайдалану арқылы, балбөбек кезеңдерінен бастап, оның ішкі мүмкіншіліктерін оятуды да естен шығармаған жөн.
Бала тәрбиесіне сурет өнерінің тигізер әсерлері, өз алдына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет