Совет–Хан Єаббасов


Бөбектің тәуліктік режимі



бет158/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Бөбектің тәуліктік режимі
(таб. №6)

Жасы

Тәуліктік ұйқысының ұзақтығы

Күндізгі ұйқысы (сағат)

Ойын уақыты



Тамақтануы



Серуені

3 жас

12-12,5 сағ.

2-2,5 сағ.

5,5-6,5
сағ.

4 рет әрбір 3,5 сағ.

2 рет әр 1,5 сағ.

Екі жастағы балалармен салыстырғанда, үш жасарлардың киініп шешінулеріне, жуынып – сүртінулеріне, тамақтануы мен дәрет алуларына жұмсалатын уақыттары әлдеқайда азаяды. Бұл кездегі тазалық тағылымдарын балалар өз еріктерімен, еркін меңгере бастағандықтары байқалады. Олардың ұйықтауға жатулары да, ойнауға жиналулары, саналы түрде орындала бастайды. Олар не істесе де бірін-бірі күтіп, бұрынғыдай емес сабыр сақтауға да, әдеттеніп қалғандарын аңғартады.


Ересек адамдардың өміріндегі жалпы ұйқының мөлшері
Ұйқы. – олардың бүкіл тіршілігінің үштен бірі болса, баланың
нәресте –балбөбек – сәбилік кезеңдері үшін – тіпті керісінше тым ұзақ мөлшерлерді қажет етеді. Мәселен, жаңа туған нәресте – тәуліктеп ұйықтаса айлар өткен сайын бірте-бірте ширап, үш жасқа толғанда – сергек сәттері 6-8 сағатқа дейін ұзарады. Жас балалар түгіл, әртүрлі темпараменттегі үлкен адамдардың да, ұйқы мөлшерлері қандай болу керектігі, әлі де терең зерттеліп болған жоқ. Адам баласына ұйқының берер қасиеттері аса мол. Шекспирдің айтуынша, «Ұйқы – бойымыздағы барлық күш – қуатымыздың қайнар көзі, ауру – сырқауға шипа боларлық ең пәрменді дәру» - деп тұжырымдайды.
Сонда, ұ й қ ы дегеніміз не? Кешегі күнге дейінгі тұжы-рымдалған ғылым тілімен айтсақ, «Ұйқы – ми қабаттарындағы жұлын-жүйке талшықтарының тынығуы» ­ делініп келді. Ал ғылымдағы соңғы ашылған жетістіктерге қарағанда, ұйқының маңызы мен сипаты бұдан да терең, тіпті әлдеқайда күрделі құбылыс екенін аңғартады. Сонау 30–шы жылдардың өзінде-ақ, П..К.Анохин ми қызметтерін зерттей келіп, төмендегідей пікір айтқан еді. Онда ол - «Тіршіліктегі ұйқының орны мен қызметін, тек мидағы нерв талшықтары ғана емес, бүкіл оның астыңғы қабаттарындағы мишықтардың да қатынасатындығын.» ­ айдан анық етіп, тәжірибе жүзінде дәлелдеп берген болатын. Мұнан кейін де, дүниежүзіндегі көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының жеке-жеке құбылыстарды ашқан, тың жаңалықтары толып жатыр. Солардың деректерін сараптай келгенде, адам ғұмыры тек ұйқы мен ояу сәттерден ғана емес, оның түс көріп иә түс көрмей ұйықтайтын кезеңдерге жіктелетіндігі, өз алдына бөлек құбылыстар ретінде анықталып отыр. Ұйқының өзі де – тез ұйқы, иә терең ұйқы және баяу да сергек ұйқы болып, бірнеше түрлерге бөлінеді екен. Ендеше, адам миы өзінің қызметін ұйықтап жатқанда да тоқтатпайтын көрінеді. Тағы да бір атап айтар құбылыс, ол кейбір адамдардың толық тынығуы үшін – 8-9 сағаттай уақыт қажет болса, екінші біреулерге -5-6 сағат уақыт мөлшері жетіп артылады. Мәселен Гете мен Шиллер – тәулігіне бар-жоғы 5-ақ сағат ұйықтаса, ал Эдиссон – тіпті 2-3 сағат қана ұйықтағаны мәлім. Ендеше, бала тәрбиесінде де, ұйқының осындай қасиеттерін табиғи түрде ескеріп, сәби ұйқысының қанып оянуына ерекше мән беру қажет. Ұйқысы қанық баланың іс-әрекеттерінің сапасы да артық, көңіл- күйлері де жақсы болмақ.
Үш жасарлардың тәрбиесі күрделене түседі. Мұнда,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет