Еңбекке қызығы да мол , қиындығы да көп е ң б е к майданы
баулу. десе де болады. Ол ойындары арқылы өзін-өзі еңбекке
баулумен қоса, сол еңбекке де әрқилы ойындарының үстінде жаттығады. Әсіресе оның ойыншықтарын күтуі, қуыр-шақтарын киіндіріп және шешіндіруі, ойнап болған соң ойыншықтарын орын-орындарына жинауға әдеттенуі, тәрбиешісінің айтқандарын істеуге тырысуы міне осының бәрі де, бөбек үшін орасан үлкен еңбек болып табылады. Оның үстіне ол осының барлығын да, жан – тәнімен саналы жасауға ұмтылады. Балабақша жайында олар бір-біріне көмекке келуді үйреніп, өздерінің әрбір іс-әрекеттерін үлкен шаруа тындырғандай әсерде болады. Үш жасынан бастап-ақ Ұл бала - әкесіне, Қыз бала – шешесіне көмектесуге бейім тұрады. Қалайда, олардың барлық талпыныстарын қолдап, үнемі жетілдіре жігерлендіріп отыру шарт.
Балбөбек кезеңінен бастап– ақ, балалар айналасындағы
Сұлулыққа табиғат көркіне құмартумен қоса, өзі байқаған
сүйсіну. неше алуан құбылыстардан сүйсініс тауып, сол аңғарғандарын суретке салуға талпынады. Осыдан болар, көбінесе отыра қалған жерлерінде сызғылап сурет салуға, балшықтан үй тұрғызуға, ағаш пен тастан әр түрлі формалар жасауға құмар-ақ?! Олар үшін таза ауада серуендеу, танымдық талпыныстарға толы болып келеді. Күн сайын жаңалық ашқандарына жандары жай тапқандай болып, қуаныш сезімдеріне бөленеді.
Осы шақта балаға сан алуан ұлттық ойындарды, ою-өрнектер мен тұрмыстық заттарды көрсетіп, этнографиялық тәлімдермен молырақ шұғылдандыру қажет. Шама келсе осы шақтан–ақ компьютерлік ойындарға жаттықтыру заман талабы. Оның экранындағы түрлі-түсті суреттермен қозғалмалы ойындар, баланың талғамы мен талабына да жол ашары қақ. Компьютерлік ойындар арқылы бала психикасындағы бұрын–соңды ашылмаған құбылыстарды жетілдірумен қоса, тіпті логикалық тереңдіктерге де жетелері сөзсіз?! Тек экраннан шығатын жайсыз сәулелерді барынша жойып пайдалану есте болу керек .
§ 4. ҮШ ЖАСАРДЫҢ «Адамның бақыты – балада.» Ұждан.
Бала балбөбек кезеңінің соңғы айларында – барлық
Ерекшелігі. істерін ойлап істеуге тырысады. Күндіз ол бір–ақ
мезгіл ғана – 2,0-2,5 сағаттай ұйықтап, қалған уақыттарын ойын үстінде және қимыл-әрекеттермен өткізеді. Оның түске дейінгі және түстен кейінгі – ойнауына – қозғалуына - әр түрлі танымдарына – мөлшермен 5-6 сағаттай уақыт кетеді. Әрбір 3 сағат сайын – 4 рет тамақтануға тиісті. Ертеңгілік асын оянған соң бірер сағаттың ішінде ішуге шыдай береді. Өйткені ол бұрынғыдай емес көбіне ойынға айналып, тұра салып тамақтануға мұршасы келмейді. Әйтсе де , бір жарым сағаттан асырмай, таңертеңгі асына отырғызуды қадағалау керек. Мөлшермен олар-дың тәуліктік режимінің кестесі төмендегідей болып келеді.