Үйден келген балаларды қабылдаудағы ең басты мәселе, олардың ең әуелi денсаулықтарында өзгерiс жоқпа, содан кейiн, тазалықтарын және киiмдерiнiң дұрыстығын да тексеру болып табылады. Күнделiктi көз алдынан өткiзiп жүрген балалардың ауру-саулығын ажырату балабақша дәрiгерiне аса үлкен қиындық тудырмайды. Ал саулықтарында өзгерiсiн байқаған ата-аналар да баланы балабақшасына әкелмейтiнi анық. Ал қабылданған балалар бiрден өздерiнiң күнделiктi iс-әрекеттерiне тез араласып кетедi.
В) ТАҢЕРТЕҢГІЛІК ЖАТТЫҒУ
Мұнда пайдаланатын музыканың барынша ырғақты да, әуендi болуымен қоса, әр халықтың өзiнiң психологиясына жақын күйлердi таңдап алған жөн. Бала тәрбиесiндегi таңертеңгiлiк жаттығудың орны бөлек. Ол бiрден түнгi ұйқыдан кейiн, әлi де белсендiлiкке ауыса қоймаған ми мен жұлын-жүйенiң қызметiн реттеп, терең тыныстаудың әсерiмен жүрек жұмысының ырғақтылығын да дұрыс жүйеге түсiредi. Сондықтан да, балалардың жасайтын әрбiр қимылында, денесiндегi барлық бұлшықеттердiң бiрдей қызмет iстеуi қамтамасыз етiлуi ескерiледi.
Ж а т т ы ғ у (грекше гумназо –жаттықтырамын) – адамның денсаулығын нығайтып, оның күш-қуатын, икемдiлiгiн, төзiмдiлiгi мен жiгерiн жетiлдiретiн, арнайы iрiктелiп алынған жаттығулар жүйесi.
Екi аяқтың арасын аша кең қойып, нығыз түрде
Бірінші жүйе. орнығып тұрғаннан кейiн, екi қолын соза әуелі алға,
сонан соң бiртiндей жоғары көтерiп, көкiрегiн кере тыныстайды. Сәлден кейiн, бүкiл денесiн бос тастап қолдарын жанына түсiргенде, екпiндi түрде демдерiн өкпесiнен қотара шығаруға тырысады. Мiне, осындай қозғалыстарды музыка ырғақтарына сүйене отырып, балалар тәрбиешiлерiнiң жаттықтыруымен бiрнеше қайталап жасайды. Бұл қозғалыстар арқылы, тек дене ғана қозғалып қоймайды, сонымен қоса, терең тыныстаған кезде өкпедегi оттегiнiң көбеюi мен ағзадағы күллi зат алмасу қызметi де күшейедi.
Балалар сол тұрған қалыптарын өзгертпей, бар тұл-
Екінші жүйе. ғасымен созыла алға еңкейедi. Қолының ұшы мен жер тiрей демiн шығарып сәл кiдiрiс жасайды да, қайыра көтерiлiп еңсесiн түзгенде, терең тыныстап ауаны молынан қармауға тырысады. Қозғалыс бiрнеше қайталанып жасалынады.
Бұрынғы тұрған қалыптарын бұзбай, алақандарын
Үшінші жүйе. алға қарата қолдарын жоғары көтерiп,
кiлт тiзелерiн бүге отырған сәтте демдерiн шығарып, қолдарын құстың қанатына ұқсастыра артқа қарай соза қояды. Сәл кiдiрiстен соң қайыра денесiн түзеп түрегелген сәтiн-де, терең тыныстап, көтерiлген қолдарын жайлап екi жақ жамбастарына түсiредi.
Балалар сол алғашқы сәттегi орынға тұрған қа-