Совет–Хан Єаббасов



бет209/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   294
Байланысты:
treatise70934

IV ТОҚСАН


Біздер шартты түрде әр тоқсанға бөліп, жазылып жатқан кітап құрылысы мен мазмұнын көптеген қайталаулардан арылтқанымызбен сәбилер үшін жоғарыда көрсетілген тәрбие сабақтарының кестесі мен тәуліктік режимдері еш уақытта да бұзылуға тиісті емес. Әрбір сабақтардың да, ойындардың да, тіпті денешынықтыру мен серуендеу сәттерінде де, баланың тілі мен ойлау қабілеттерін үнемі жетілдіріп отыруға күрделі тәрбие тәсілдері үздіксіз қызмет етуі қажет. Ендеше, бала тәрбиесін әр сәтіне жан-жақты мазмұн берудің жөні бөлек.
Сүт қоректі жануарлармен танысу арқылы балалар
Сүт қоректілер жануарлар әлемімен өздерінің балабақшасындағы
тіршілігі. білімін тиянақтайды. Мұның өзін де шартты
түрде деп түсінген жөн. Жалпы, сүт қоректілер омыртқалылар әлеміндегі дамудың ең жоғарғы сатысындағы тіршілік деп саналады. Олардың бүкіл дене мүшелерінің ішінде, әсіресе ми қабаттары мен жұлын-жүйке жүйелері ерекше дамыған. Осындай жетілудің арқасында, олар сыртқы ортаға жылдам бейімделіп, ұрпақтарын дүииеге тірі жан иесінің қалыбында әкеліп, оны өздерінің бойындағы құнары мен сапасы жақсы сүттерімен асырайды. Жер шарындағы құрлықтарда олардың таралмаған аймақтары жоқ десе де болады. Қазіргі кезде, дүниенің төрт бұрышын тұтастай қарастырғанда, мөлшермен 4500-дей сүт қоректілердің түрлері бар. Оның 300-ден астамы біздің Отанымызда тіршілік етеді.
Адамзат қауымының тіршіліктерінде, сүт қоректілердің алатын орны мен маңызы орасан зор. Адамдардың рухани жетілуінің мән-мағынасын тереңдей талдап айтпағанның өзінде, күнделікті тұрмыс тіршіліктегі олардың күш-қуаттары, еті мен сүті, терісі мен жүні сияқты заттардың қажеттілігінсіз өмір сүрудің өзі қиын. Сондықтан, адам баласына өзі тіршілік етіп отырған табиғатты, оның ішіндегі жануарлар әлемін ерекше қамқорлыққа алудың парыздылығы айтпаса да түсінікті. Тікелей осы мақсаттарды көздеп, жер бетіндегі барлық халықтар да, арнаулы зандылықтарға бағындырылып, көптеген мемлекеттік қорықтар мен бақтар ұйымдастырылып отыр. Бірақ, бұл айтылған шараның өзі қазіргі бұзылған экологиялық дағдарыстармен салыстырғанда, тіпті ауызға алып сөз етуге де тұрмайтын мөлшерде қалып отыр.
Сүт қоректілердің табиғат қойнауында өз бетімен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет