Совет–Хан Єаббасов


Радио және теледидар хабарлары



бет217/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Радио және теледидар хабарлары. Қазiргi кездегi радио және әртүрлi теледидар хабарларының көбеюi, жас ұрпақтың тәрбиесіне әсер ететiн сан алуан қиындықтар да тудырып отырғаны белгiлi. Бұл жағдай ата- аналар үшiн қосымша мәселелерiмен да алаңдататыны рас.
Бiрiншi қиындық - ересек болып қалған балалардың, яғни, нақтырақ айтсақ 6–7 жасарлардың арасында кездесетiн, ерекше әсерленгiш сәбилердiң қатыгез фильмдерден қорқынышы. Олар жаңағы көрген телехабарлардың қорқынышты әсерiнен ұйқылары бұзылып, әр қилы қорқынышты түстер көрiп мазалары кетедi. Сондықтан, мұндай хабарларды, фильмдердi көрсетпеген жөн.
Екiншi қиындық - балалардың теледидар алдынан шықпай, ненi болса соны қатарынан көре беретiн әдеттерi. Тiптi, олар басқа iспен айналыспақ түгiл, кейде тамақ iшуге де уақыт бөлгiлерi келмейтiн күйге түседi. Бұл шынында да бала тәрбиесiнде қиянаты мол ғасыр қиындықтарының бiрi болып отыр.
Мiне, осылардың бәрiнен келiп, ата-аналар мен балалардың арасында тәулiктiк тәртiп тiзбесiнде уақыт мөлшерлерi белгiленiп – келiсiлген сағатта серуендеуге, тамақ iшуге, ұйықтауға, үй шаруасына көмектесуге және телехабар көруге де болатындай етiп, өзара келiсiлуге тиiстi. Бұл келiсiм еш уақытта да бұзылмауы керек. Осындай тәрбие тәсiлмен ата-ана мен бала арасындағы қайшылықтарды азайтуға болады.
Егер, бала өзiнiң оқуын да, үй шаруасын да, серуендеудi де, үлгiрiп жатса, қорқынышты фильмдер әсер етпесе онда тыйым сала бермей, еркiндiгiн де, рұқсатын да бергендi жөн санаймыз. Тек, шектен тыс асып кететiн, имандылықтан аттайтын фильмдерге рұқсат етуге болмайды.
Балаларға әсiресе әртүрлi қым-қиғаш әрекеттерге толы
Кино. фильмдер қатты ұнайды. Ондай фильмдердi өзiнiң құрбылары
мен барып көргендi ерекше бағалайды. Сондықтан, жетi жасарларға демалыс күндерi түстен кейiн, күндiзгi сеанстарға рұқсат еткеннiң артықтығы жоқ. Бiрақ, бұл жасында аптасына бiр реттен артық жiберуге де болмайды. Өйткенi, көпшiлiктiң кiрiп шығып жататын кинотеатрларда гигиеналық тазалықтардың бола бермейтiнi анық. Жас өспiрiм үшiн бұның көптеген келеңсiз жақтары көп.
Жалпы, 6–7 жастан кiшi балаларды кинотеатрға апарудың қажетi жоқ. Өйткенi, қандай фильмнiң болмасын арасында қорқынышты сәттерi кездеспей қоймайды, ал қараңғыда үлкен залдың iшiнде отырған сәбидiң қорқынышы өте жаман жағдайларға соқтыруы да мүмкiн. Олай болса, баланың кинофильмдерге деген қатынастарын үнемi қадағалап отыру қажет екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет