Совет–Хан Єаббасов



бет205/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   294
Байланысты:
treatise70934

III ТОҚСАН

Жер бетіндегі тіршіліктің ұзақ салқар ғұмырынан және оның даму кезеңдерінен азды-көпті өткен тоқсанда балаларды хабардар еткенімізді ескере отырып, сол заманда жердің бетін ит тұмсығы өтпейтін қалың ормандар мен өсімдіктердің мыңдаған түрлері, қалың болып тұтасып жататындығы соншама, тіпті шырмауықтай шырмалып, бір-бірімен жабағыдай ұйысып кетеді. Мінеки, осыншама мол өсімдік әлемінің қатпар-қатпар боп қабаттаса жиналуынан, қазіргі жер қойнауларындағы тас көмірлердің қабаттары пайда болған.


Сол палеозой заманының аяқ шенінде — жер бетінде бауырымен жорғалайтын жануарлар пайда болады. Бұлардың арғы тектері — буын қанатты балықтар еді. Олар бірте-бірте сусыз тіршілік етуге бейімделе берген. Олар кұрлықтағы тіршілігіне икемделу арқылы, өздерінің буынды қанаттарын бес саусақты қысқа сирақтарға жетілдіреді. Олардың жаңа ортаға бейімделген бұл мүшесі — әрі суда жүзетін ескекке, әрі құрлықта жүруге ыңғайлылығын байқатады. Осылайша олар суда да, құрлықта да мекендейтін қасиетке ие болады.
Жалпы жер бетіндегі мезозой дауірі өте ғажап та, тамаша жағдайда болыпты. Табиғаттың неше алуан сиқырлы сырлары, түрлі түспен гүл-гүл жайнап, қазіргі өзіміз аңыз-ертегілерден оқып естіген алып жануарлар мен ғажайып тіршілік иелері емін-еркін кезіп жүрген. Судың асты, жердің беті, аспанның үстіне дейін неше түрлі айдаһарлар мен құбыжықтарға толы болған. Олардың өкірген үндері мен тұяқтарының дүбірі жердің үстін жаңғырықтырып, бірін-бірі жайпап, қандарын судай шашып тұрған көрінеді. Осы кездегі жердің негізгі қожасы ретінде кесірткелер әулеті үстемдік етіпті.
Мезозой заманының тек аяқ шенінде ғана, жер бетінде өте қатты өзгерістер болып, мүлдем жаңа жағдайларға ұшырайды. Оның негізгі себебі, жердің асты үстіне шыққандай алып жарылыстардан, занғар-заңғар таулар пайда болып, бұрынғы кұрлықтар мен мұхиттардың орындары ауысуына дейін өзгерген. Осыған орай, жер бетіндегі ауа райы мүлдем басқадай күйге ауысқан. Мезозой кесірткелерінің тіршілігіне аса ауыр жағдайлар төнеді. Бұлар ауа райының өзгергеніне шыдай алмай қырыла бастайды. Міне, осы кезде манағы ит тұмсығы өтпейтін өсімдік әлемі де жойқын апатқа ұшырайды. Неше түрлі өсімдікпен қоректенетін жануарлар да, бірге жойылып қырыла береді. Бұл жайында айтылатын да, ашылатын да жаңалықтар әлі аз болмаса керек. Шынын айтсақ, адамзат кауымы табиғат жұмбақтарына енді-енді тереңдеп ене бастағандай. Сондай тылсым дүниенің бірі, осы адам тәрбиесінің қазіргі біз білмейтін сыры десек те артық емес. Адам психикасындағы ғажайып сырларды ашу болашақ ұрпағымыздың үлесіне тиері хақ. Біз ашпаған құбылыстарды солар ашады деп сенгеніміз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет