Совет–Хан Єаббасов



бет237/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   294
Байланысты:
treatise70934

АҚЫЛ-ПАРАСАТ


Бұл өмірге келген әрбір адам да бақытты болғысы келеді. Сөз жоқ, олар өзінің барлық саналы ғүмырында, игілікті тіршілік үшін, талпынатындықтары да рас. Бірақ, бақытты болудың жолы қайсы? Адам баласының бақытты өмір сүруі, шындығында да, тікелей неге байланысты екен? Міне, бұл сұрақтарға жауап іздестірмеген адамзат алыптары аз. Сөз зергерлерінің ішінде, осы сұрақтардың жауабын іздеп, Ф.М.Достоевский — «Карамазовтарын» жазса, Л. Н. Толстой — «Анна Каренинаны» дүниеге әкелген еді. Бұл шығармаларды дүние жұртының қызығып оқуының да себептері осында жатса керек.
Сол адамзат алыптарының жеткен жері де, тапқан жауаптары да бір түйінге келіп тірелетінін түсінгендей боламыз. Ол — аспаннан келіп түсетін алма-ғайып құбылыс емес екен, қайта адамның жан-дүниесінде қалыптасқан мінез-құлығы мен ұжданынан ғана негіз алатындығын анықтайды. Былайша айтқанда, бақыт — тікелей адам тәрбиесіне тығыз байланысты көрінеді. Олай болса, адамдардың мінез-құлығы мен ұжданы және ақыл-парасаты, адам тәрбиесінің алғашқы физиологиялық кезеңдерінде, әсіресе оның ұрық тазалығы мен а н а құрсағындағы тәрбиеге байланысты қалыптасатындығын осы уақытқа дейін ескермей келгенімізді еске түсіреді. Ендеше, бұл пәни жалғандағы бақытсыздығымыздың негізгі себепкерлері, дұрыс қалыптасып жетілмеген мінез-құлығымыз бен ішкі жан-дүниеміздегі инабатымыз бен имандылығымызда екен. Осындай тұжырымды Абай да құптайды. Оның ұсынатын тәрбие қақындағы тәлімі, Фараби мен Дауани жүйелерімен, тікелей жалғаса астасып жатыр. Мәселен, әл-Фараби - «Жақсы мінез-кұлығы мен ақыл күші болып, екеуі біріккенде ғана — адам бақытқа жетіп, адамшылық қасиеттерге ие болмақ» 1. – дейді.
Мысалы, ұлы Абай да: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі — білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, ауызға салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде — ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да, тұра жүгіріп, — ол немене?, бұл немене?, — деп, ол неге үйтеді?, бұл неге бүйтеді?, — деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі — жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдей, ең болмаса дендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды.Оны білмеген соң ол ж а н адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әуелде құдайтағала хайуанның жанынан адамның ж а н ы н і р і жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқан. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол неме не?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен деген де, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұрап, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?1.
«Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды, көбейтсек керек, бұл ж а н н ы ң тамағы еді. Тәннен — жан артық еді, тәнді — ж а н ға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан— бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды — т ә н г е бас ұрғыздық, ешнәрсеге к ө ң і л м е н қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. С ы р ы ң — қалай болады? деп, көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу ақыл айтса: «Өз білгенің — өзіңе, өз білгенім — өзіме», «Кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол» деген дейміз. «Ой, тәнір-ай, кімнен кім артық дейсің?!», — дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
Көкіректе — сәуле жоқ, к ө ң і л д е — сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің — х а й у а н малдан неміз артық? Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді — білем деп таласпайды. Біз түк білмейміз — біз де білеміз деп, надандығымызды — білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей күре тамырымызды адырайтып кетеміз...» (Жетінші сөз) дей келіп, адам тәрбиесінің ана құрсағында қалыптасатын түйсікке және ішкі бес сезімдерге ерекше көңіл бөледі. Абайдың қайта медеу тұтар: — «Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз», — дейтін табан тірері бар. Біздерде қазір бұл да жоқ?! Өйткені, жойқын күшпен тарап уландырып отырған арақ, темекі, наша сияқты қазіргі заман дерттері, енді туып дүниеге келер ұрпақтарымызды ұ р ы ғ ы н д а-а қ уландырып, ж а н ы мен т ә н і сау туатын балаға да зар етіп отыр. Байқап қарасаңыз, Абайдың айтып отырған сипаттарының бәрі де, адам мінездерінің көріністеріне жатады. Мінезсіз адамдар ең әуелі өзінің ақылын тоздырады екен де, сонан бүкіл тіршілігінің мәні мен сәніне өздері қиянат жасайтын көрінеді. Ал, ана құрсағында негіздері қаланып туса да, адам мінездерін тәрбиелеп жетілдіруге болатынын аңғартады. Тіпті, Абай өзінің 32-ші сөзінде: — «...ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол — мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, иә біреудің орынсыз сөзіне, иә бір кез-келген қызыққа, шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.Онан соң — оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенінде қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, а р д ы сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын?! Бұл — бір ақыл үшін, ар үшін болсын!..», — деп айдан анық етіп нақтылай түседі. Жұртым-ау, мұнан артық жазылған педагогикалық еңбектің түрі болушы ма еді. Сірә, тайға таңба басқандай тәрбие үлгісі дегеніміз осы болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет