Бала сәтінен бастап, білім биігіне құлаш ұрған кезеңдеріне
қабілетін дейін, үнемі бойындағы бейімділігіне орай тіл
тану өнерлерінің түрлерін дәл басып ұсына білу керек. Баланың
бойындағы қабілет ‑ жыраулыққа ма, терме айтуға ма, әлде тақпақтап шешен сөйлеуге ме, жоқ әлде, жұмбақтап астармен меңзеуге бейім бе, осының бәрі де бойдағы қабілетке қарай қонатын қасиеттер екені белгілі. Бұларға бейімдеу үшін, ең әуелі баланың зердесін ұштап, бір естігенін қағып алып ұмытпайтындай етіп, жетілдірудің ерекше орны бар. Бұл дәстүр халқымызда аса кең тараған мұраның бірі. Осындай ұғымталдықтың арқасында, бүкіл ауыз әдебиетіміз ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, мұхиттай мол күйінде сақталып жеткендігін айтсақ та жетіп жатыр. Бұл шын мәнінде, тендесі жоқ құбылыс екені де рас. Халқымыздың осы қасиетін қайыра жандандырып, балалардың қабілетіне қарай, мектеп қабырғасынан-ақ: ‑ жыраулыққа, терме .айтуға, шешендікке, тапқырлыққа, айтыс өнеріне үйретуді жаппай қолға алып, оның ғылыми жүйедегі әдістерін жетілдіру қажет. Бұрын мұның бәрі де, қазақ халқының тіршілігімен үндесе дамып, табиғи түрде үнемі жетіліп те, өркендеп те отырған еді. Тек, «қызыл империяның» зымиян саясаты бір ғасырға жуық уақыт ішінде аса қатты күйзеліске ұшыратты. Ендігі жердегі мәселе, өшкенімізді қайыра тірілту үшін ел болып, ана тіліміздің құнарын қалпына келтіруді қолға алмай болмайды. Мысал ретінде жыраулық өнердегі толғау түрлерінің кейбіреуіне тоқталып көрелік.
Осыған орай, халқымыздың тар жол тайғақ кешу күндерінде,
Толғау жыраулық өнердің нұрымен ел-жұртына қуат берген ұстазы
насихат. болып саналатын Бұхар жыраудай абыз қариямыздың өнеріне жүгінгенді жөн көрдік. Оның үстіне таяуда ғана табылған Бұхар бабамыздың өз қолжазбасынан алынған жыр өрнектерін ұсынбақпыз.
Жиырма жетінші толғау
Жал-құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз.
........................................
Қалың малы арзан деп,
Жаманнан қатын алмаңыз.
Жаманнан қатын алсаңыз
Топқа түсер ұл тумас.
Жаманнан жақсы туса да,
Жақсыдан жаман туса да,
Тартпай қоймас негізге.
Мінеки, дана қартымыздың адам бойындағы жаратылысынан бірге туатын тектік қасиеттерге дейін назар аударып, тіршілік құбылыстарымен салыстыра ұрпағына қалдырған аманат өсиеті сияқты. Енді толғаудың екінші бір түрінен тәлімдік қасиетін ұсыналық.
Бұл сонау «Ақтабан шұбырынды» деп аталатын қиын-қыстау кезеңді еске түсіретін, халқымыздың жер бетінде “иә қалу, иә қалмауы алмас қылыштың жүзімен шешілген күндердің куәгері ретінде келтіріп отырмыз.