* * *
Иә-ә, АЛЛА-атты ақиқатты түсіну,аса күрделі мәселе екені рас?! Әйтседе, өз тегімізден шыққан данышпандарға иек артсақ, ең әуелі ойымызға ғұлама-Фараби мен кемеңгер-Абайдың ілімдері еске түседі. Олар да Жаратушы жайында аз толғанбаған ақылмандар еді Мәселен, Ұлы Абай :
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөзі айрылмас1…- дей келіп,
…………………………………………………………..
Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз жол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі хаққа қол емес.
Дененің барша қуаты,
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты,
Махаббат қылса тәңірі үшін.
Ақылға симас ол Алла,
Тағрипқа /анықтау/ тілім қысқа-ақ !
Барлығына шүбәсіз,
Неге мәужүт /бар нәрсе/ ол куә.
Ақылмен хауас /түйсік/ барлығын,
Білмейдүр, жүрек-сезедүр.2
Мүтәкәллимин /сөйлеушілер/ мантакин
Бекер босқа езедүр...- деп нақты қортынды
жасау арқылы, Абай өзінің тұжырымға толы ойларын Әл-Фарабидің философиялық ілімдерімен сабақтастырады. Кезінде Фараби де Мүтәкәлиминдердің іліміндегі жаңсақ түсініктерді жеріне жеткізе сын тезіне алған еді. Алла жайындағы түсінікте Фараби мен Абай бір-бірімен үндесіп жатыр. Бұл мәселе жәйлі ізденістер, бүгінгі күнге дейін, бірде-бір сәт толастап көрген емес. Ол әлі де қызу талқылану үстінде.
Екінші мәселедегі , ТАБИҒАТ - атаулының т е г і мен м ә ні не? деген сауалға жауап іздегенде, оның дәйекті тұжырымындай Макрокосмос пен Миюрокосмостың бірліктегі НЕГІЗІ екендігі жиі айтылады. Сонымен қоса, олардың үнемі эволюциялық, жолмен жетіліп отыратын алтын арқауы – тек бұлжымай орындалатын биологиялық және физиологиялық заңдылықтар екендігі де расталған ақиқат. Міне осы арада, басын ашып айтатын е р е к ш е бір жағдай бар ?! Ол – осынау жоғарыда айтылған заңдылықтарды - ТАБИҒАТ - қаншалықты ұ қ ы п т ы орындайтын болса, - АДАМЗАТ - соншалықты бұларға т ә р т і п с і з қарауының салдарынан, оның зауалы мен зардабын да аз тартып отырған жоқ. Мысалға, адам баласының тіршілік еткен аймағының экологиялық азып-тозуын былай қойғанда, оның өз ҰРПАҒЫНА қиянат жасап отырған қасиетсіздігіне барынша мән беріп, айпарадай етіп ашып айтқанды жөн көрдік. Егер де, табиғат қойнауындағы жан-жануар атаулы жыл сайын өздерінің ұ р п а қ өрбіту заңдылықтарына қылдай қиянат жасамай әзірленетіндігі баршамызға аян құбылыс?! Мәселен, иен далада жүрген -Ақбөкен мен Киіктер, тау қойнауларындағы - Арқар мен Маралдар және басқа да Жануарлар ұрпақ өрбітердің алдында әбден жарап, артық май арам терінен ысылып қана қоймай, тіпті нағыз өміршеңдері ғана жан алысып жан берісе жүріп, ұрпақ өрбітудің иелігіне жетеді. Ал, бұлардан – тіршілік сатысында бір мысқал төмен тұрған ҚҰС атаулыны – табиғат өз қамқорлығына алып, жылына екі рет жылы жаққа жөңкілте сапар шектіру ақылы, бойын тазартып алғаннан кейін ғана ұя бастыруға кірістіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |