Совет–Хан Єаббасов



бет283/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   294
ТҮЙСІК - жанның бұл арнасы – қазіргі адамдарда толық мағанасында бар ма? – деген сауалға Әрине жоқ!! – деуге мәж-бүрміз. Себебін өзіңіз-ақ ойлап көріңізші? Мәселен, отырған үйіңіз үш сағаттан кейін жер сілкінісіне ұшырайды делік, сонда мұны сезген барлық тіршілік (ит те,тарахан да) иелері үйден, тіпті Үш күн бұрын безіп кетсе де, Адамдар тек апатты көзімен көргенде ғана жан сауғалай бастайды. Міне, бүгінгі адамдардың т ү й с і г і н і ң түрі осындай?! Ендеше, жабылуға айналған бұл арнаны а ш у д ы ң қажеттігі бар ма? Әрине, бар ! Тіпті соншама керек екені, ешкімнің де күмәнін тудыра қоймас.


ҰЯТ - осы кезде қандай күйде? Оны өмір сүріп отырған қоғамыңның өзі-ақ көрсетіп отыр. Алдау мен арбау жайлаған мынау заманда, әр сәт сайын сорақысы шыққан ұяттың жәйі мүшкіл десе де болады. Мысалы, бұрын кез-келген сәби бала дұрыс жасамаған ісіне, бетінің мөрі тамғандай қып-қызыл болып кетсе, қазіргі балалардан мұндай құбылысты байқау өте сирек кездеседі. Олай болса, жабылуға айналған Жанның бұл арнасының да, беріп отырған кесапаты жетіп жатыр. Бұдан шығатын қорытынды, келешек Ұрпақ тәрбиесінде – Жан мен Тәнді өздеріне лайықты әдістермен тәрбиелемей болмайды.


СҮЮ - сапасы қалай ? Біздер - жастарға Отаныңды - сүй, Жерің мен Еліңді - сүй, Адамзатты - сүйе біл, - деп уағыздаймыз?! Бірақ, істің жағдайы жылдан-жылға құлдырап барады. Себебі - неде? Тіпті, адамдар мен адамдардың арасы түгіл, Ата-ана мен Бала арасының суынып бара жатқанын несіне жасырамыз. Өйткені, сүю арнасының жабылуымен қоса, баланың -балбөбек пен сәби кездеріндегі - айналасына сүйіспеншілікпен қарайтын сәттерін де, дұрыс ұштап жетілдіріп жүргеніміз шамалы ғой. Ендеше, Ұрпақ тәрбиесі осыншалық ауыр жағдайда екенін түсінетін мезгіл жетті.


ЖІГЕР - жанның ең құдіретті арнасы. Дұрыс тәрбиеленіп жетілген ж і г е р д і ң / воля / алмайтын қамалы жеңбейтін қиындығы жоқ. Жігерін қайрап бекінген адам ештемеге арбалмайды да, алданбайды. Тіпті, п ә н и л і к нәпсісіне де тыйым сала алады. Жоғарыда айтылған түйсік - ұят - сүю - арналарының да, не шектен тыс асып кетпеуін де, не қажет мөлшерінің жетпей қалмауын да, осы ж і г е р ғана қамтамасыз етеді
Ал енді осы - ЖІГЕРДІҢ - қазіргі замандағы күйі қандай? Бүгінгі, әсіресе соңғы буын жастарда жігер бар ма? Өте көмескі?! Соның салдарынан наша шегу - темекі тарту - арақ ішу -ұрлық жасау - өтірік айту - кісі өлтіру не бір қиян-кескі қылықтардан өзін-өзі тежеуге жігерлері жетпейді. Кейде ескі әдетпен -Отанды сүю - Ана Тілің мен Діліңді сүю - туған Жерің мен Еліңді сүю - жайында уағыз айтып жатқан идеологиясымаққа күлкің келеді. Япырмау, Жандүниені тәрбиелеу мен тазартуды үйренгенше, тым болмаса - Ұрпақ тәрбиесіне бет бұрып, ҰРЫҚ ТАЗАЛЫҒЫ мен АНА ҚҰРСАҒЫНДАҒЫ тағылымдарды сақтасақ-етті.


МІНЕЗшіркінді сөз ету, тіпті қиын ?! Адам бойындағы сан салалы көп қырлы сипаттары бар мінездің, қай қырында мүкістік жоқ дерсіз Әділдік бар ма? Рақым мен Қайырымдылық қайда? Сыпайылық пен Мейірім тозды ма? Осылайша, тозығы жеткендей мінезсіздік жайлаған бұл өмірде, азаматтық пен кісілікті іздеудің жолы тарылып барады. Өйткені, арнасы жабылған өзеннің жойқын апатқа ұшыратары сөзсіз ғой.


ЗЕРДЕ сенің күйің нешік? Бала атаулы д е б и л ь болып, дүниеге келіп жатқан мынау заманда зерде мен зейінде қандай қасиет қалмақ?! Сонда, дебиль дегеннің өзі не? /ДЕБИЛЬНОСТЬ - {< лат. Debilis слабый} -относительно легая степень врожденного психического недоразвития – олигофрении/ ср. имбецильность, идиотия/ (Словарь иностранных слов - 19-е изд. С. 151, М. ).
Көмейінен сөз маржаны төгілген текті жұртымыз, кешегі 19-ғасырдың өзінде-ақ өмір сүрген Дулат пен Мұрын жыраулардың шәкірттері, ұзақ таңға естіген ұстаздарының жыр-дастандарын келесі кеште, бір сөзін шашау шығармай айтып беретін зерделері бүгінгі таңда, айтсаң құлақ нанбайтын қиялға айналды. Оның орнына қазір магнитафонның таспалары қызмет етуде?! Осыншама сорақылықтың өзін де түзеп аларлық жаңа ілімнің т ә р б и е тәсілдеріне халық болып, мемлекетімізбен мойын бұруымыз қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет