Түйін. дәстүр-салты- сөз өнері - ой өрнегі - тәрізді үш таған
қасиеттерін зерделеу арқылы, кез-келген халықтың генефонындағы ерекшеліктерді танып білуге болады екен. Ең әуелі, мұндай білім - қай халықтың болмасын - өзі үшін керек. Себебі, т е г і мен д і л і н түсінген халықтың ұрпағы қандай қиыншылықтарға да төзе біліп, өзінің алдына қойған мақсаттарына жетпей қоймайды. Мұның өзі түптеп келгенде, адам тәрбиесі мен тағылымы – ата-баба зердесімен тығыз байланысты ‑ екенін аңғартса керек. Ендеше, осы айтылған үш таған қасиеттер өмір-тіршілігіміздің қазіргі жағдайында, нендей өзгерістерге ұшырап отыр десек? Бүгінгі ұрпақ, олардың м ә н і мен м а ң ыз ы н а түсінбейтіндіктен мүлдем жойылып кетпесе де, тым көмескіленіп бара жатқаны шындық. Бодандықтың бұйдасына маталып, өзінің ұлттық тарихы мен халықтық тағылымынан мүлдем айрылып қала жаздаған жұртымыз, бірте-бірте мәңгүрттене бастағанын несіне жасырамыз? Осы айтқанымыздың айқын мысалындай, өзінің ана тілін түсінбейтін дүбәра топ, ұлтымыздың 40-процентін құрап отырса бұларға елінің - дәстүр-салты да – ой өрнегі түгіл - сөз өнері де –ешқандай қажеті жоқ тәрізденіп көрінеді. Олар қателесті екен деп, халық өзінің келешек ұрпағының тағдырына тіпті де бейтарап қарай алмайды. Сондықтан да, халқының ғасырлар бойы жасаған рухани байлықтарын түсінетін егде буынның алдындағы парызы, халық педагогикасының - өткенін жандырып, өркенін орнына келтіруі керек. Егер де, ұлтымыздың діліне төнген бұл қатерді ата-баба тағылымдарын білетін осы б у ы н жөндемесе, бүгінгі өмірімізде орын алып отырған керағар мәселелер онан бетер асқынып кетпек. Ендеше, халқымыздың алдында тұрған ауыр да асыл міндеті осы ?! Мұны жөндеу үшін қарабайырлыққа салынбай, тек тәрбие тәсілдерін ғылыми жүйеде жүргізгенде ғана, бұл қиыншылықтан да құтыларымызға сенім мол.
Егемендігімізді алған алғашқы жылдардың өзі-ақ, ұлттық тарихымызды игеруде орасан үлкен жетістіктерге жеткенімізді көрсетіп отыр. Оның үстіне, ата-бабамыз айтатын: - "Атың бар да Жер таны – желіп жүріп, асың бар да Ел таны – беріп жүріп" - дейтін даналығының сәті түсіп тұрғандай, дүние жүзі халықтарымен қоян-қолтық тікелей араласа бастадық. Осының бір мысалындай, 1994 жылдың Сәуір айында Жапан еліне ресми сапармен барып келген тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ой тұжырымы: -".Мені таңқалдырған екі нәрсе болды?! Біріншісі, Жапон еліндегі ерекше үздік дамып отырған – ғылыми техни-калық прогрестің жеделдігі болса, екіншісі, соншама берік те бүтін – қаймағы бұзылмаған халық дәстүрінің көздің қарашығындай сақталуы" – деп, аса өткір көрегендікпен қорытындылаған еді. Қай Елде де әуелі халықтық тағылымдарына негізделген Рухани өркендері салтанат құрмай, тек саясаткерлік пен экономикалық әдістердің берер жетістіктері көрнекті де көркем бола алмайды.