Ә) МӘСЕЛЕНІҢ АЛ-ФАРАБИ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ
КӨРІНІСТЕР
" Көру оңай, болжау қиын"
В. ФРАНКЛИН.
Екінші ұстаз атанған әл-Фараби ғұлама көне Грек мәдениетінің қос алыбы, Аристотель мен Платонның философиялық еңбектеріне түсіндірме және талдаулар жасай отырып, олардың көптеген пікірлерін жаңа деңгейлерге көтере білген еді. Кезінде Платон мен Аристотель де Жан мен Тән турасында, ғылыми еңбектер жазғаны белгілі. Мінеки, сол кездердегі пайымдауларды байқау үшін ұлы бабамыздың айтқан пікірлеріне көңіл аударуды жөн көрдік. Оның үстіне кейінірек Фараби негіздерін салған -хауас - имани гүл - жәуанмәрттлік - ілімдерін сөз ететінді де ескеруге тура келді.
Әл-Фарабидің өзіне сөз берсек: - "Адам пайда болысымен /ана құрсағында/ оның бойына ең алдымен бітетін нәрсе – к ү ш, ол осы күш арқылы қоректенеді. Сондықтан да, бұл қоректендіруші күш - бір үстем күштен және оған қ ы з м е т етуші күштерден құралады.
Үстем күш, өзінің жаратылысында – барлық басқа күш атаулыны билеп-төстейді; сол қ ы з ы м е т етуші күштер – Ж ү р е к т е орналасатын ү с т е м күштің табиғи мақсаттарымен үндесе отырып, өздерінің қимыл-әрекеттерінде тек соған ғана бағынады.
Тәндегі мүшелердің ішінде тұңғыш рет, ж ү р е к пайда болып қызметін бастайды. Бұдан кейін - м и, одан соң – б а у ы р, одан кейін -көкбауыр, сосын басқалары пайда болады. Бәрінен соң барып қызметке кірісетін – ж ы н ы с мүшелері болып табылады. Үстем күштің мекені – Ж ү р е к т е; ал қызмет етуші күштің мекені – ж ы н ы с мүшесінде?! Өндіргіш күштер – екі түрлі болады.
• бірі материяны әзірлейді, бұдан осы күштің иесі - ж а н у а р пайда болады;
• екінші күш, осы жануарға ф о р м а бітіреді де, материяны соған тиісті түрдің қалыптасуына бағыттайды. Ал материяны әзірлеуші күш -ұрғашының күші. Форма бітіретін күш - е р к е к т і ң күші. Ұрық - еркектің құралы.
Осы екі күш - еркек пен ұрғашының күші – адам бейнесінде екі түрлі кейіпте болады. Ал, ө с і м д і к т е р д е - көбінесе бір кейіпте, яғни толық біріккен күйінде кездеседі. Мәселен, бір дәнді бірнешеге бөлуден де шыға беретін өсімдіктер осының дәлелі болып табылады.
Адам баласының жағдайы мүлдем басқаша?! Ондағы екі күш әр түрлі, олар – екі түрлі индивидтің бойында болатындықтан, әрқайсысының өзіне тән с и п а т т а р ы бар. Бұлар – ұрпақ туғызатын сипаттар екені мәлім.
Жалпы еркек пен әйелдің – жыныстық екі сипаттылығы болмаса, басқа рухани барлық күштері де ортақ. Еркектің қозғаушы және қозғалынушы сипаттары – күштірек болып келеді. Олардың психикасының да күшке бейім тұратындығы белгілі. Мәселен, олардағы қаһар мен қаталдықты алатын болсақ - әйелдер осалдау болып келеді. Әйтседе, еркек мінезді - әйелдер де, әйел мінезді – еркектер де болатыны рас. Міне, адамзат қауымындағы – еркектер мен әйелдердің – негізгі айырмашылықтары осындай?! Бірақ, сезімдік күштері қиялдары мен интелектісі жағынан алғанда, еркек пен әйелдердің айырмашылығы жоқ – деп әлі күнге дейін маңызы өзгермеген ғылыми тұжырымдарына тәнті болуға тура келеді. Жалпы негіздерін Фараби еңбектерінен алатын – Баласағұнның, Науаи мен Қарабағидың, Дауани мен Абайдың – адам тәрбиесі қақындағы еңбектері, халық педагогикасымен тығыз байланысып жатыр. Олардың еңбектеріндегі аса терең тылсымдардың сырын ашу арқылы, ұрпақ тәрбиесінің жаңа қырларын ашуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |