Совет–Хан Єаббасов



бет77/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   294
Байланысты:
treatise70934

3. жАҢА КӨЗҚАРАС

Адам тәрбиесінде осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан с ә й к е с с і з д і к т і ң ең тұрпайысы, бүгінге дейін ПЕДАГОГИКА мен ПСИХОЛОГИЯНЫ біртұтас бірлікте қарамай, керісінше екі бөлек байланыссыз ғылымдар тәрізді қолданылуы болып табылады. Екеуінің де шыққан тегі – АДАМ баласынан пайда болатындықтан, ендігі жерде Педагогика мен Психологияның МЕТОДОЛОГИЯСЫ – ЖҮЙЕЛЕРІ – НЕГІЗДЕРІ – біреу-ақ екенін мойындамай болмайды. Міне, бұл да осы уақытқа дейінгі АДАМ ТӘРБИЕСІНДЕГІ аса ауыр қателіктердің бірі болып табылады. Сайып келгенде, мұны да Педагогика мен Психологияның т е о р и я с ы н д а ғ ы к е т і к немесе а х а у десек, артық айтқанымыз емес. Ендеше, жоғарыдағы терең талдаулардан өткен Халық педагогикасының екі деңгейлі Методологиясы /биологиялық индивид және сананы жетілдіру/ Жүйелері /жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі/ жеті түрлі Негіздері бұдан былай Психология іліміне де теориялық негіз болып табылмақ. Себебі, Адамның болмысындағы ЖАН мен ТӘН қандай бірлікте болса, ПЕДАГОГИКА мен ПСИХОЛОГИЯ да соншалықты ажыратуға келмейтін бірлікте екендігі ­ дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Бұларды бұрынғыша бөлек-бөлек қарастыру, бүгінгі ғылыми жетістіктермен де сәйкес келе бермейтінін түсінуіміз қажет.




4. ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ.


Инновация ( лат., in – ша, novus – жаңа ) жаңаша түсінік, жаңалық ?!
Ғылыми негізге сүйенген жаңашылдықтың ең негізгі көрсеткіштері, мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы, бұрынғы қалыптасып қалған дәстүрдегі іс‑тәжірибелермен салыстырғанда, мүлдем жаңа технологиядағы прогрессивтік бастамалар болып табылады. Сондықтан да, инновация бүкіл білім жүйесіндегі тәрбие мен оқытып үйретуге үлкен өзгерістер әкеледі. Ол өзгерістердің бағыттары:

  • Мақсаты, мазмұны, әдісі және технологиясы, ұйымдастыру түрлері мен басқару жүйелері;

  • педагогикалық қызымет пен оқыту танымдылығын ұйымдастырудың стилі;

  • бақылау жүйесі мен білім деңгейінің бағасы;

  • қаржыландыру жүйесі;

  • оқу‑әдістемелігін қамтамасыз ету;

  • тәрбие жұмыстарының жүйесі;

  • оқу жоспары мен оқу бағдарламалары;

  • оқытушы мен оқушының қызыметтері;

Тарихи көлемде жаңалық атаулының деңгейі салыстырмалы түсінікпен бағаланады. Жаңалық қашанда нақтылы тарихи кезеңдермен астасып, кейде «уақытынан ерте» , немесе «кеш» келіп жатады.


Мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы жаңалықтың жетілуі және білім беру жүйесінде былайша ескеріледі:

  • абсолюттік жаңалық (аналогсіз және прототипсіз);

  • салыстырмалы жаңалық;

  • жаңалықсымақ (ұсақ ізденулер);

Мектептер мен жоғарғы оқу орындарына енгізілетін жаңалықтар әртүрлі негізде топтастырылады. Енгізілген жаңалықтың бірінші классификациясы, педагогикалық процесске байланысты. Оған төмендегідей жаңалықтардың типтері жатады;



  • білім мақсаты мен мазмұны;

  • педагогиканың әдістемелік, құжаттық, технологиялық процессі;

  • тәрбие мен оқытудың түрлері мен ұйымдастыруы;

  • оқытушы мен оқушының әкімшілік қызыметіне қатысы;

Жаңалықтың екінші классификациясы білім беру жүйесінің көлеміне байланысты. Бұл былайша жіктеледі:



  • өзара байланыссыз шағын және бірлі‑жарым түрі;

  • бірімен‑бірі байланысты комплексті түрі;

  • Мектеп пен жоғарғы оқу орнын жүйелі қамтитын түрі;

Үшінші классификация инновациялық потенциялардың белгілеріне байланысты жүргізіледі. Олардың белгілері:



  • Белгілі модификацияның жетілдірілуі мен өзгертілуі (оқу жоспары, бағдарламасы, құрылымы);

  • Жаңалықтың ескімен кіріктірілуі;

  • Радикалды өзгерісі;

Жаңалықтың төртінші классификациясы өзінің алдындағысымен топтастырылған белгілерімен үндесуі. Мұндай жағдайдағы жаңалықтар орнын алмастыру, мүлдем ауыстыру сипатта болады. Мектеп пен жоғарғы оқу орындарын жаңарту идеяларымен көрініс береді;



  • мұндай қажеттілік бүкіл Елде, аймақта, қалада, ауданда, әлеуметтік сипат алады;

  • мұның өмірге енуі – заңда, қаулыда т.б. іс‑қағаздарымен бекітіледі;

  • адам жайлы комплексті ғылымдар жетістіктері;

  • педагогикалық тәжрибе жетістіктері;

  • адам тәрбиесін түйсіктік және саналық педагогикамен үндестіру;

  • эксперименттік іс‑тәжрибелердің жетістіктерін пайдалану;

  • шетелдік тәжрибелерді ескеру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет