Совет–Хан Єаббасов



бет74/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   294
З) БАТА
Қазақ халқының тұрмысында өте жиі қолданылатын д ә с т ү р - алақанын жайып б а т а беріп, бет сипаудың орны бөлек. Әсіресе, алыс сапарға аттанып бара жатқанда немесе болашақ үшін жасалар келелі істі бастарда, ақ ниетпен арман жолына аттанарда… туыстары жиналып, а қ б а т а ж а с а у салты атадан қалған жол еді. Әр қазақтың есінде: - “Ақылы асқан даналардың с ө з і н т ұ т, ақсақалды қарияның к е ң е с і н тыңда, сонда ғана Қ ы з ы р дарып басыңа бақ қонады”- дейтін насихат сөз әлі күнге дейін ұмытыла қойған жоқ. Сол сияқты, ақ бата ұлын үйлендіріп жаңа отау көтерген иә-ә, қызын тұрмысқа аттандырар ата-аналарға да айтылады. Былайша айтқанда, жаңа іс бастар үлкенге де кішіге де, бата беру ағайынның тілеулестігінің белгісі. Мәселен, жаңа түскен жас келінге:

Екі түрлі енші бар,


Біреуі соның – б а т а алған.
Қай жерде жаман болыпты?
Баталы келін – атанған?!.. – дей келіп;

- Асың, асың, асыңа!


Береке берсін басыңа,
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қызыр келсін қасыңа.


- деп алғысқа толы батасын береді. Жалпы батаның қарама-қарсы мағынада айтылатын екі түрі бар. Біріншісі – оң бата, екіншісі – теріс бата – деп атаған. Өмір шіркін күнде той, күнде қуаныш емес екені де белгілі ғой. Сондықтан да, кез-келген адам - әлде батыр ма, иә бай ма дана ма, немесе жас па кәрі ме, - бәрібір ешқайсысы да т е р і с б а т а ғ а жолыққылары келмейді. Адам баласының өмірден күтер үміті қаншалықты көп болса, сол күткен істерінің о ң болуын тілер ақ баталар да жиі жасалынып жатады. Бұл да халқымыздың дархан көңілдерін аңғартса керек.
§5. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯСЫ
ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАС

Нені болса да бастау қиын – бұл ғылымның


қай саласында да кездесетін ақиқат ”
К.МАРКС.


1. ДОГМАЛЫҚ ҰҒЫМ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет