Совет–Хан Єаббасов


ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯСЫ



бет78/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   294
Байланысты:
treatise70934

5. ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯСЫ.


Бүгінгі әлемдегі жүріп жатқан жаһанданудың ең негізгі мақсаты, бүкіл ‑ жер жүзінің азаматын тәрбиелеу – атты идеямен құлшынуда ?! Оны жер бетіндегі халықтар қолдап отыр ма, онда шаруалары жоқ. Бұл ежелден келе жатқан ‑ европацентризм методологиясының жаңа көрінісі – екені айдан анық. Міне, бүгінгі білім беру жүйесінің негіздері, халықаралық деңгейге көтерілуін талап етіп отыр. Сондықтан да, университеттердің оқу бағдарламары «көп мәдениеттілікті» бағыт алуға тырысып жатыр. Мұның бәрі де, сол ғаламдану саясатына байланысты жүруде?!..
Қазір әлемдегі көптеген жоғарғы оқу орындары бір‑бірімен интеграцияға түсіп жатыр. Біраз елдерде университеттер өндірістік бірлестіктермен бірігуде. Ғылыми ізденістердің базаларын осылайша құрып, бүгінгі кәсіп орындары мен фирмаларға қажет аса зәру мамандарды өздері дайындамақ.Қазақстандағы дәстүрлі университеттер отандық ғалымдар мен мамандарын құрметтеумен қоса, шетелден де мамандар шақыруды жиі пайдалана бастады. Бүгінгі Отандық университеттердің басты принциптері:

  • ғылым мен өндірістің өзара бірлестігімен мамандарды дайындау;

  • білім беру жүйесінің әр деңгейінің өзара үндестіктерін қамтамасыз етіп, университет бітірушілерді мәдени‑творчество мен жоғарғы корпоратиптік деңгейге жеткізуді мақсат етеді;

  • Азаматтық сананы тәрбиелеу;

  • Университеттегі өмірді, зиялылық пен жоғарғы рухани деңгейге жеткізуді, саяси құрылым мен экономикалық жағдайға тәуелді етпеу;

Инновацияның критерлік бағасы:



  1. Жоғарғы оқу орындарындағы өзгерістердің масштабы. Жаңашылдықты, тек бір факультетке ғана енгізіп, оқу жоспары мен бағдарламаны ғана өзгертуі мүмкін. Ал бұдан да көлемді өзгерістерді басқару құрылымдарына енгізіп, студенттердің кәсіптік оқуы мен ғылыми‑зерттеудің түрлерін де, технологиясы мен халықаралық қатынасына дейін өзгеруі мүмкін. Егер жоғарғы оқу орны өзінің келешектегі жетілуін жеделдеткісі келсе, онда әртүрлі инновацияларды кең көлемде енгізіп, барлық бөлімдерін жұмылдырмақ.

  2. Жаңа өзгерістерді енгізудің тереңдіктері. Бұл критерияның деңгейінде, бұрынғы аналогтар мен прототиптердің жаңаруынан, жоғарғы оқу орнының бүкіл бөлімдерінің өзгерінен – оқыту сабақтары, оқытушы мен студенттердің қызыметтері, тіпті абитуриенттерді қабылдаудың таңдауы да жоғарламақ. Оқу орны комплексті – «педагогикалық гимназия» ‑ «педагогикалық колледж» ‑ «педагогикалық университет» ‑ болып та өзгермек.

  3. Жаңалықтың деңгейі уақытқа орайласпақшы. Жаңашылдықтың бұл критериясы мынадай классификацияға – «ауыспалы» ‑ «өзгермелі» ‑ «ашылмалы» ‑ жағдайларға келуі мүмкін. Мәселен, «АШЫЛМАЛЫ» ‑ бұл жаңа мамандық, жаңа технология мен жаңа бөлімшелерді ашады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет