ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН
ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Адамзат қоғамының дамуы үнемі бірін-бірі алмастырып отырған и м п е р и я л а р д ы ң үстемдігінен, жүздеген халықтар бордай тозған б о д а н д ы қ т ы ң бұғауында өмір кешіп, өздерінің халықтық тағылымдары мен тарихын дамытудан ылғида мақұрым қалып отырды. Себебі, империяға керегі де сол болатын. Өйткені империялық саясат өзінің қол астындағы халықтардың ұлттық с а н а с ы мен а з а м а т т ы қ сезімдерін жетілдіруді ешқашанда көздемейді. Керісінше, өзі езгісінде ұстап отырған елдердің халық педагогикасы мен ұлттық тарихы түгіл, оның отанындағы жер-су аттарын да өшіруге тырысады. Сондықтан да, халық педагогикасы өзінің даму жолдарында аса қиын кедергілерге ұшырап, осы күнге дейін ғ ы л ы м и п ә н ретінде қалыптаса алмаған а у ы р т а ғ д ы р ы н а куә болып отырмыз. Соның салдарынан Адамды – б и о л о г и я л ы қ и н д и в и д қалпында тану м е т о д о л о г и я с ы да әдейі еленбей келді. Ендігі жерде адам тәрбиесінің методологиясындағы жаңа психо-физиологиялық көзқарастарды дұрыс қалыптастыру арқылы, халық педагогикасының т е о р и я л ы қ деңгейін жаңаша жетілдірудің мүмкіндіктері ашылып отыр. Ең әуелі адамның ө з і н т ү с і н у арқылы, оның болмысындағы – ү ш т ү р л і ә л е м н і ң б а р екенін тануымыз керек. Біріншісі – т ә н қ ұ - р ы л ы с ы болған да, екіншісі – ж а н д ү н и е с і екенін түсіну, ал үшіншісі – осы екі ж ү й е н і ң дұрыс тәрбиеленуінен қалыптасатын а д а м н ы ң р у х ы жайында, тіпті ашып-жарып айтылмай келгені де құпия емес. Ендеше, әуелгі кезек – Ж а н д ы да, Т ә н д і де – дұрыс тәрбиелеудің тәсілдерін, тек теориялық және практикалық негіздерде шешіп алмай болмайды екен. Сөйтіп, Жан мен Тәнді үнемі қоректендіріп тұратын, жаңа көзқарастағы т ә р б и е н і ң қажеттігін білдік. Осылайша, адам-дағы екі жүйе тәрбиесінің – ара жігін анықтай келгенде, Халық педагогикасы мен психологиясы – адамның ж а н д ү н и е с і н тәрбиелейді екен де, ал Т ә н қ ұ р ы л ы с ы н ы ң тәрбиесін – э т н о г р а ф и я л ы қ педагогика немесе “этнопедагогика” қамтамасыз ететінін аңғару қиын емес.
Адамды биологиялық индивид ретінде қарастырудың тағы да бір ыңғайлы сәті, ол Тән құрылысының қызметі – тікелей биологиялық заңдылықтарға бағынатындықтан, оның үздіксіз дами өсіп жетілуі - әртүрлі ф и з и о л о г и я л ы қ к е з е ң д е р г е жіктелетіндігі белгілі. Ағзадағы ж а н мен т ә н бірін-бірі қоректендіріп тұратын үндестіктерінен келіп, Тәннің физио-логиялық кезеңдері Жанның дұрыс жетілуін қамтамасыз ететіні Халық педагогикасы мен психологиясының негіздерін жасайтындығы анықталып отыр. Тәннің дамуындағы ж е т і т ү р л і физиологиялық кезеңдерінен {- ұрық тазалығы – ана құрсағындағы жетілуі – нәресте кезеңі – балбөбек – сәбилік кезең – балиғат жасы – кәмелеттікке жету -} Халық педагогикасы мен психологиясының ж е т і т ү р л і н е г і з д е р і қалыптасады екен. Осылайша, өзінің ішкі мүмкіншілігінен н е г і з д е р і н алған халық педагогикасы, дұрыс бағыттағы т е о р и я с ы бар – ғылыми п ә н ретінде ұсынылып отыр.
Жалпы, теориялық ұғымдарды жан-жақты сипаттау үшін азды-көпті қ и я л қанатымен көтеріліп, тіршіліктің аса күрделі сәттерін биіктен қарауға тура келеді. Сонда, оның мәні неде?..
Мәселен, Халық педагогикасы мен психологиясының 1-ші негізін ‑ Семья құруға дайындық және ұрық тазалығын – тереңдете зерттеу үшін ғылыми зерттеулерді молекулалық биология мен генетика ілімдерінің жетістіктерін пайдалануға болар еді. Бұл шын мәнінде адам тәрбиесіне мүлдем жаңаша қарауға жігерлендірер еді. Себебі, адам тәрбиесінің дәл осы кезеңінде ұлттық генефонды анықтау және ұрық тазалығын зерттеу арқылы, тұқым қуалайтын түрлі аурулардан – эпилепсия, шизофрения, қан ауруы – тәрізді дерттерден арылудың әсерімен, нағыз Ата-ана мен Бала арасындағы бақытты сәттерді жақындатар едік. Мінеки, басқа жағдайларды тереңдетіп айтпағанның өзінде, осы жоғарыда айтылған мәселелердің өзі-ақ, қаншама тың тұжырымдардың бетін ашар еді.
Ұлы ғұлама Фарабидің айтуынша: “Адамның табиғатындағы пайымдағыш қасиеттері, оған ең биік кемелдну дәрежесіне жетілу үшін берілген. Бұл – бақыт! Мұның мәні мынада: адам және кемелдену дәрежесіне шарықтай дамып шырқайтындығы соншама, тіпті ол ендігі жерде өз тіршілігі үшін м а т е р и я н ы қажет етпейді. Өйткені, ол т ә н н е н азат болмыстар жиынтығымен және материядан бөлініп шығатын субстанциалармен бірігеді де, осылайша мәңгі-бақи ө м і р сүреді” – деп адам тәрбиесінің тұңғиық сырларын меңзейді. /Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. А. 1973, 103 б./
Достарыңызбен бөлісу: |