Табиғат с е р г е к т і г і н е ешнәрсе де шендесе алмайды. Бұл табиғат
әсерлері шебердің құрсақта өсіп жатқан ж а н и е с і н тәрбиелеу
үшін, о я н а т ы н т ү й с і к т е р мен і ш к і б е с с е з і м н і ң табиғи қасиеттері десек те болады. Тек, екіқабат кездерінде ғана ерекше с е з і м т а л д ы қ күйге келетін қасиеттерін, көп аналар – Неүшін солай екенін? – тіпті түсіне де бермейді. Дәп осы білместіктің салдарынан ана құрсағындағы т ә р б и е, мүлдем атаусыз қалып келеді. Соншама қағлез түйсіктері мен ішкі сезімдері босқа шашылып, өсіп келе жатқан жан иесінің ж ү р е к т ә р б и е л е р і жабулы күйі қалып қояды. Себебі, бұл кезеңнің де өзіне тән – т ә р б и е әдістері бар. Оны ана атаулы үйреніп білулері керек. Сонда ғана, арнайы оянған түйсіктер мен сезімдердің соншама сергек қуаттары, дүниеге келетін нәрестенің тән құрылыстары мен жан дүниелері де үндесе жетіліп тумақ. Қазіргі ғылыми зерттеулер де іште өсіп келе жатқан бала, үш айдан кейін-ақ – анасының көңіл-күйлерімен берілетін т ә р б и е т ә с і л д е р і н қабылдап қана қой-май – сонымен қоса қалт жіберместен с е з і н е де, т ы ң д а й да тіпті т ү с і н е де алатындықтарын байқатып отыр. Ана атаулы мұны түсініп құрсақтағы тәрбиені қолға алған кезде, нағыз – “алып – анадан туады” – дейтін қағида өз жемістерін бере бастамақ. Өйткені, бұл кезеңдегі тәрбиеге тек а н а д а н басқа ешнәрсенің де ықпалы жүрмек емес.
Бұрын да халықтың өз тағылымдары өзінде бұзылмай тұрған кездерін де, парасаттары мол аналар өздерінің ішкі түйсіктерімен сезініп, құрсағындағы жан иелерінің ж ү р е к тәрбиелерін оятып қана қоймаған, тіпті олардың өмірге келгеннен кейінгі болар тағдырларына да, іште жатқанда-ақ айқын болжамдарын айта білген. Мәселен, солардың бірі – Тобықты руының анасы Айпара1 - айтыпты дейтін мынау сөзді тыңдап көрелік:
Шынжыр балақ, шұбар төс – Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды, торайғыр – Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес – Топайым
Сірә да оңбас – Торғайым, -
депті дейтін сөздерін, осы күнде де ұрпақтары еске алып отырады. Сол аналарының болжап айтқан көрегендігі өмірде айнымай орындалыпты. Төрт ұлдан тараған ұрпақ сипаттары да, аналары айтқан пікірден шалғай кетпеген көрінеді.
Ал, мынау екінші мысалға, тіпті таңырқамаудың өзі мүмкін емес. Мұнда қазіргі қазақ ішіндегі – б е с қ ы п ш а қ - жайлы анасының і ш т е жатқанда айтқандары: 1. Бұлтың бітті бойыма – ұ р л ы қ кірді ойыма; 2. Торы бітті бойыма – б и л і к кірді ойыма; 3. Ұзын бітті бойыма – е р л і к кірді ойыма; 4. Көлденең бітті бойыма – с а у д а кірді ойыма; 5. Қарабалық бітті бойыма – б а й л ы қ кірді ойыма2, деген екен. Міне осындай халық педагогикасында асыл мұралар терең-терең ойларға жетелеп, “Алып – анадан туады” дейтін ө с и е т т і ң өміршеңдігіне көзіңізді жеткізумен қоса, ана құрсағындағы т ә р б и е н і ң қ ұ д і р е т і н көңіліңізге құйып беріп отырған жоқ па? Осыншама асыл қазыналар – ертеңгі келер ұ р п а ғ ы ң үшін, м і н ә ж ә т т а й болып жүрегіңе ұ я л а м а с а болашағымыз не болмақ ?..
Ендігі жерде Жас аналар өздерінің бойындағы осыншама құдіретті саналы түрде түсінгеннен кейін, аяғы ауыр кездерінде міндетті түрде табиғатқа шығып, серуендеу сәттерінде алған әсерлеріндегі – күннің шуағын – ауаның жұпар иісін – саумал жел мен салқын самалды – мың сан табиғат дыбыстарын – құстардың ұшып-қонған қозғалыстары мен әуендерін – өсімдік атаулының сыбдырларын – судың ағысын – бұлақтың сылдырын – тіпті айта берсе толып жатыр, осының бәрін өзі ғана т ү й с і н і п қоймай, бүкіл і ш к і с е з і м д е р і мен еміренген м і н ә ж ә т т а р ы арқылы құрсағында жатқан жан иесіне жеткізуге тырысулары қажет. Иә-ә, табиғаттан ә с е р л і онан жомарт, құбылыстарға бай ешнәрсе жоқ! Тек, оның ғажайып әсерлерін дұрыс қабылдауға ж а т т ы ғ у д а н ерінбеген жөн. Айтпақшы, Б у д д а н ы ң т а н т ы р а с ы н д а да – м і н ә ж ә т қ а немесе м е д и т а ц и я ғ а - кері әсер ететіндерге – ең алдымен е р і н ш е к т і к, з е й і н с і з д і к, ұ қ ы п с ы з д ы қ тәрізді адам бойындағы пәтуәсіз мінез-құлықтарды атап айтады. Міне бұндай кедергілер біздер ұсынып отырған мінәжәтымызға да жат екенін арнайы айтқанды жөн көрдік. Олай болса, ананың құрсағындағы ж а н и е с і н т ә р б и е л е у еріккеннің ермегі емес, жүйелі түрде жүргізілетін өзіне тән тәрбие т ә с і л д е р і бар аса нәзік ұлағатты іс?! Ана көкірегін к ө л д е й ететін әсерлер, іштегі жатқан балаға да тек арнайы тәсілдермен жеткізгенде ғана пайдалы болатынын, ешуақытта естен шығармаған жөн. Егер ана оны түсінбесе, жоғарыда айтқандай м і н ә ж ә т қ а ұ ю д ы – қалай, қайтіп жасауды ұқыптамаса – тіпті тәулік бойы табиғатта өз қызығың үшін серуендегендей болады да шығады. Міне, әңгіменің түп-төркінін де, ана атаулыға іште жатқан сәбиін тәрбиелеудің еш қиындығы жоқ екен.
Егер естігеніңе нанбайтыдай қ ұ б ы л ы с т а р д ы бүгінгі