Совет–Хан Єаббасов



бет104/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   294
Байланысты:
treatise70934

2. СЕРУЕНІ

Табиғат аясындағы – с е р у е н, адамның


ж а н ы н да, т ә н і н де сергітеді”
ҰЖДАН.

Аяғы ауыр аналарға таза ауа, көтеріңкі көңіл-күй, табиғат аясына серуендеп шығу сияқты әркеттер жүйелі түрде болуы керек. Өздерінің ыңғайына қарай,тәулігіне 2‑3 сағат уақыттарын серуендеуге бөлу шарт.


Бірақ, бұл уақытты бірден пайдалана ма? – жоқ әлде, - мезгіл-мезгілге бөліп, бірнеше рет серуендей ме? – оны тікелей өздерінің қалаулары біледі. Қалай болғанда да, жүріп-тұру қозғалыстарын үзбей бірқалыпты ұстағандары жөн. Серуендеу уақыттарына үй шаруаларына жұмсалған немесе дүкен аралаған сәттерін қосуға болмайды. Өйткені, аналар серуендеген сәттерінде, бар сезімдерімен беріле құрсағындағы жан иесіне көңіл аударып, онымен мейірлене сөйлесу арқылы да әуенмен де, тіпті іштей ұйыған м і н ә ж а т тілеулерімен де қатынасқа түсуге ынталы болады. Мұндай қатынасты құрсақтағы өсіп келе жатқан нәресте күтетіні ғылымда дәлелденіп отыр. Анасының көңіл-күйлерін, ол да айнытпай қайталайтындығы анықталған жәйт?! Ендеше, ана атаулы өзінің серуенге арнаған уақыттарында, құрсағындағы сәбиін т ә р б и е л е у д і міндетті түрде үйренулері керек. Сондықтан да, серуен жасау ана үшін, өте қызық та әсерлі психологиялық жұмыс екенін естен шығармаған жөн. Серуеннен кейін біраз жатып демалғанның пайдасы мол.
Серуен түрлерін – оның арнайы орындарын, мемлекеттік деңгейде шешсе тіпті жақсы болар еді. Қазір мемлекетіміз де қаншама қоғамдық ұйымдар - Бөбек қоры – оның облыстық қорлары – мұсылман әйелдері - әйелдер комитеті – тәрізді, арнайы ана мен бала денсаулықтарын қорғайтын мекемелер, тәрбиенің пәрменді де жүйелі әдістеріне ауысқандары дұрыс. Қашанда құр дақпырт пен дабырадан салиқалы іс шықпайды. Сондықтан, ауылдан бастап ірі қалаларға дейін қамтып, ғылыми жүйеленген тұжырымдамалармен жүкті және жас босанған аналардың демалыс орындарын ұйымдастыру қажет. Әсіресе, адам тәрбиесінің психо-физиологиялық жаңа көзқарастарына – бұл ұйымдар ерекше мән берулері шарт. Өйткені, адам тәрбиесі оңалмай, салауатты да мейірімді қоғам орнату мүмкін емес. Оның қиындығын, адамзат өздері жүріп өткен дәуірлерден көріп отыр.
Егер жоғарыда аттары аталған мекемелер, жас босанар аналар үшін серуендеу орындарын, тіпті ар ұялмастай ақылы етіп жасаса да халық олардың ұлағатты мақсаттарын түсініп қана қоймай, ел ішіндегі шамасы бар азаматтар сөзсіз қолдап кетер еді. Тек, демалыс орындарын бұрынғыша әркімге еліктемей, халқымыздың ұлттық психологиясының негізінде жасалынуы бұлжымайтын басты шарт болуы міндетті. Себебі, бұл – жаппай күллі әлеумет серуендейтін орын емес, мұнда тек жас босанатын аналар ғана яғни, бір халықтың болашақ ұрпағының тәрбиесі мен тәлімдері жүргізілмек. Сондықтан да, сол халықтың мінез-құлқы мен психикалық темпераменттеріне лайықты етіп ойластыру, ең басты қажеттілік болып табылады.
Мәселен, сонау ықылым замандардан көшпенді тіршілікпен көзін ашқан қазақ халқы үшін, төрт түлік малдың орны ерекше екендігі айтпаса да түсінікті. Соның ішінде де, әсіресе ж ы л қ ы малына деген құрметінің ерекше екені белгілі. Ендеше, тап осы ерекшелікті ескеріп, жылқы малының неше алуан ж ү р і с т і л і к т е р і н пайдаланып, атпен серуендейтін алаңдарды ұйымдастырса?! Оның орналасатын аумағы кең нулы да сулы табиғат қойнауларында болғаны жөн. Мұнда, жүкті аналарға жайлы болуы үшін, бірыңғай неше алуан ж о р ғ а аттарды ұстау да ескерілуі керек. Сонда, мұның басқа серуен түрлерінен қандай артықшылдығы бар? Ең негізгі себебі не? – дейтін сауалдар да туындауы мүмкін. Ат үстінде сеуендеудің басты артықшылығы оның ұлттық психологияға аса жағымды әсер етуімен қоса, теңселе тайпалған жорға аттың жүрісінен адам ағзасының сыртқы және ішкі мүшелері, біртұтас ырғақпен үндестік тауып ерекше шынығады. Ат үстіндегі адамның көңіл-күйіндегі өзгерістерді айтуға тіл жетпейді. Оның үстіне, мінәжәты арқылы құрсағындағы жан иесіне әсер ететін ананың түйсігі мен сезімдерін, жылқы малынан сезгіш те түсінгіш жануарды табу мүмкін емес. Тіпті, көп жағдайда әбден үйренген жылқы малы, үстіндегі отырған адамның денесінен-ақ, оның толғаныстарын сезініп көмектесуге де тырысатынын, мал өсірген елдің баласы жақсы біледі. Ат үстіндегі жүрістер қазақ үшін, ата-баба зердесімен жалғастырар тамаша дәстүрлеріміздің бірі екені де рас. Жанға жайлы тайпала қозғалған ж о р ғ а жүрісімен астасатын, ана көңіліндегі қ и я л қ а н а т т а р ы н немен салыс-тыруға болар екен? Сірә, ештемемен де?! Міне, осы құдіреттің әсерлері құрсақтағы жан иесінің де, жандүниесінің а р н а л а р ы н ашып түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбиені, теңдессіз тереңдікте жатқан мидың э к с т р о с е н с о р л ы қ қабаттарындағы табиғи қасиеттермен жалғастырады. Былайша айтқанда адам бойындағы парапсихологиялық ғажайып құбылыстардың тылсымдарын оятады.
Жоғарыда аналар үшін арнайы ұйымдастырылған с е р у е н орындарына, қиналмай жету мен қайтудың маңызы үлкен. Оған апаратын арнаулы автобустардың жұмыс істеу тәртібі қатаң режимдерде болуы керек. Барар және қайтар жолдардың екі жақ бетіне ағаштар отырғызылып, барынша көркем болуын ескерген жөн. Тіпті, жылдың әр мезгілдеріне лайықты дем алатын орындар мен сусындап дәм ауыз тиетін шайханалар да ұмыт қалмауы керек. Жанұяларымен келген жағдайларды да ескерген артық емес. Әсіресе, ұлттық тағамдардың неше алуан түрлерін осы арада ұйымдастырудың мәні зор. Өйткені, халықтың бүкіл з а т т ы қ және с а л т т ы қ ерекшеліктерінің бәрі де этнопедагогикалық сипаттарға жататыны белгілі.
Жалпы мемлекетіміз ат спортына ерекше көңіл бөлсе, әсіресе жоғарыда айтылғандай серуен алаңдарын көбейтсе, халқымыздың жандүниесін де, тән құрылысын да шынықтырар пәрменді әрекет болар еді. Себебі, адамның ат үстіндегі қозғалыстарына хауаздағы суға жүзу де, жанталасып ертелі-кеш жүгіру де шендесе алмайды. Ал осы ат үстінде серуендеу орындарын ұйымдастыру қиын ба? Біздіңше ешқандай қиындығы жоқ. Бұл мәселеге де жүріп жатқан нарықтық жүйе көмекке келуге тиіс. Бұл халқымыздың р у х а н и өсуіне де, оның ұлттық ерекшеліктерін көрсететін мақтанышына да айналар еді.



  1. ТАҒАМЫ

Ас – адамның арқауы, - дей тұра


Ауру – астан,
Дау – қарындастан, ­ дейді.”
Халық мақалы.

Жүкті әйелдің ең басты көңіл аударатын мәселесінің бірі, ол өзінің асқазан-ішек жолдарының қызметін, үнемі бірқалыпты дұрыс жұмыс істеуін қадағалауға тиіс. Өйткені, оның жағдайында іштің қатуы жиі мазалайды. Оны бірден дәрі-дәрмекпен шешуге тырыспаған жөн. Оның орнына, тағамның табиғи түрлерін алмастыра пайдалану арқылы, нақтырақ айтқанда – ашқарынға айран ішу, қақтаған жемістерді қайнатып соның тоспасын сусын ретінде қолданудың пайдасы көп.


Аяғы ауыр аналардың ішкен тамақтарының дұрыс қорытылуы мен нәрлі болуы, оның өзінің денсаулығы үшін де, және құрсағында өсіп келе жатқан жан иесінің жылдам жетілуіне де керек. Мәслен, жеңіл де жұғымды тағамдар ретінде: - сүттен жасалынатын қатық – құрт-ірімшік – жаңа сауған сүттен жасалынатын ақ ірімшік – кілегей мен қаймақ – сүтке пісірілген ботқалар – тәрізді жылдам қорытылып сіңетін астарды жиірек пайдалану қажет. Сонымен қоса, құстың, жылқы мен сиыр еттерінен жасалынатын сорпа-судың орны бөлек. Көбінесе қара нанның пайдасы мол. Бір ескеретін жағдай, аяғы ауыр аналар етті қуырып жегеннен гөрі, қайнатып немесе буға пісірсе сіңімді келеді. Жалпы жүкті кезеңінің екінші жартысында, тағамға да оның дұрыс қорытылуына да, барынша мән берудің қажеттігі естен шықпағаны жөн. Сонда ғана көптеген жайсыздықтардан аман болады. Екінші бір есте болатын жәйт, ол жүкті әйелдердің ж е р і к астарына мейірі қанғанша тояттауы, қаншалықты қажет болса соншалықты с ы р ы ашылмаған құбылыс?! Бірақ оны орындау ауадай қажеттілік. Жалпы қақталған, тұздалған және консервіленген тағамдардан аулақ болған жөн. Тамақтың құнары да, мөлшері де құрсақтағы жан иесіне ерекше әсері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет